Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)

Электронды
 
құралдармен
 
жұмыс
.
Компьютерлік технологияларды қолдану 
география мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырудың, кең 
ауқымды дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың, оқу үдерісін дараландырудың қажетті 
шарты болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәннің мазмұнын 
зерделеу барысында электрондық құралдардың көмегімен оқушылардың танымдық ойлау 
дағдыларын дамытуды көздейді. «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының 
«Зерттеу және зерттеушілер», «Географиялық карталар», «Географиялық деректер базасы», 
«Дүниежүзі елдері» тарауларының оқу мақсаттары АКТ колдануды тікелей талап етеді. 
Ақпараттық
-
коммуникациялық
 
технологияларды
 
пайдалану
(бұдан әрі – АКТ). 
АКТ қолдану оқу бағдарламасын жүзеге асырудың, кең ауқымды дағдыларды 
қалыптастыру мен дамытудың, оқу үдерісін дараландырудың қажетті шарты болып 
табылады. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
құзыреттілігі 
оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақытында және қарым-қатынас барысында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды сауатты және шығармашылықпен қолдана білуін 
қамтамасыз етеді. 
Экранды
 
құралдармен
 
жұмыс

Бейнематериалдар
.
География 
мен 
жаратылыстануды оқытуда пәннің ерекшелігіне байланысты экранды оқу материалдарын 
пайдалану үлкен маңызға ие. Экрандағы шынайы өндірістік үдерістер мен аппараттардың 
бейнесі, сондай-ақ анимация арқылы табиғаттағы географиялық өзгерістерді көрсету 
мүмкіндігі география және жаратылыстану сабақтарының тақырыбын ашуға бағалы 


25 
көмегін тигізеді. Оқу мақсатына байланысты бейнематериалдарды сабақта немесе сабақтан 
тыс уақытта көрсетіп, пайдалануға болады. Сондай-ақ, бейнематериалдарды тақырып 
бойынша соңғы сабақта қорытындылау құралы ретінде пайдалану тиімді болуы мүмкін. 
Бейнематериалды көрсетуге дейін мұғалім оқушылардың алдына экраннан көру кезінде 
жауаптары табылуы мүмкін бірқатар сұрақтарды қойғаны дұрыс. Фильмдерді толығымен 
көрсетуге немесе тақырып ерекшелігіне байланысты бөліп пайдалануға болады. 
Мұғалімдер бейнематериалдарды сабақтың басында проблемалық жағдаят туындату үшін 
де қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет