18
режимдерін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмаларды қамтуы тиіс (жұптық және
топтық жұмыстар).
- Іс-әрекеттік тәсіл
Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі
меңгереді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін
түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімнің,
біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын
қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша
топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «жинақтайды».
- Жоба орындау тәсілі
Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеу,
шығармашылық немесе тәжірибелік сипаттағы проблемаларды
шешуде белгілі бір
нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Оқу жобасының мақсаты,
белгіленген әдіс-тәсілдері мен орындалатын жұмыстардың реті, қорытынды тұжырымы
және белгіленген тәртіпке сай рәсімделген нәтижелері болады.
- Зерттеу тәсілі
оқушылардың зерттеу элементтері бар жұмыстарды өз бетінше
орындау
біліктерін қалыптастыруды, ізденіс түрінде эксперимент жүргізуді, ғылыми
болжамдар ұсынып, олардың дұрыстығын тексеру әдістерін негіздеу дағдыларын
қалыптастыруды көздейді.
Мұғалімдер оқыту тәжірибесінде оқушылардың оқу үдерісінде және оқу
жоспарында ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы оқу мақсаттарына қол жеткізуіне
көмектесетін түрлі педагогикалық тәсілдерді ұтымды пайдаланғандары дұрыс. Бұл
тапсырмалар әртүрлі дағдыларды дамытуға арналған болуы мүмкін: мәселелерді шешу,
материалды
жинақтап қорыту, оқып-білген материалды белсенді қайталау үшін бірігіп
рефлексия жасау, ақпаратты талдау арқылы қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеудің бастапқы
және қорытынды кезеңдеріндегі ақпаратты құрылымдау және т.б.
Еліміздің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету үшін ғылым мен білім беру
салаларын өзара тығыз байланыста қарастыру, оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап
ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту қажет.
Оқу үдерісінде оқушылардың зияткерлік, шығармашылық
кабілеттері мен сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары мен танымдық
қабілеттерін дамыту география және жаратылыстану мұғалімдерінің маңызды
мақсаттарының бірі болып табылады. Оқу үдерісі оқушының ойлау дағдыларының
дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше
белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау сияқты ойлау
амалдарын қолдануды үйрету керек.
Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және тәжірибелік ойлау
дағдыларын қатар
қалыптастыру маңызды. Оқудың тәжірибелік дағдыларға бағытталуы, оқушылардың
теориялық білімін өмірде қолдана білу және жеке жобалық жұмыстар орындау қабілеттерін
дамыту мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Ғылыми тұрғыдан ойлаудың сипаттары:
-
Зерттеу мақсатын айқын белгілеу;
-
Ғылыми болжамдар жасау;
-
Зерттеу әдістемесін белгілеу;
-
Зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау;
-
Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
Алынған
нәтижелерді талдау;
-
Қорытындыларды тұжырымдау.
Оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытудың жолдары:
-
Ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру;
-
Оқушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру;
-
Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау,
19
географиялық құбылыстарды түсіндіру сияқты оқушылардың жалпы логикалық
ойлау дағдыларын дамыту.
Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау,
географиялық құбылыстарды түсіндіруде
шығармашылық таныту, теориялық
ойлау сияқты қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау
дағдыларының дамуына ықпалын тигізеді.
Оқушылардың география және жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру
мұғалім үшін маңызды. Ол үшін белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы келесі
ұсынымдарды қолдануға болады:
-
Сабақты көрнекі құралдармен қамтамасыз ету;
-
Сабақтың ғылымилығын жоғарылату;
-
Проблемалық жағдаяттар туындату;
-
Оқушылардың өз
бетінше жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану;
-
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-
әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.
Оқыту мен оқу үдерістері біртұтас, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруға
болмайтынын түсіну маңызды. Мұғалімдердің оқу үдерісін және өз тәжірибесін жетілдіру
жолдарын жетік түсінуі оларға тиімді оқуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: