17
қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады:
-
сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-
оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып,
сараланған тапсырмалар әзірлеу;
-
пәнаралық сипаттағы зерттеу сұрақтары
мен тапсырмаларын құрастыру;
-
топ жетістікке жетуі үшін әр оқушының түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік
беретін топтық жұмысқа жағдай жасау;
-
өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз
пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға
ынталандыратын жағдайлар жасау;
-
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне
негізделген белсенді оқуды
ұйымдастыру;
-
оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер жасауы мен түрлі
дереккөздерді пайдалануын қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату;
-
зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауын, жоспарлауын және зерттеу нәтижелерін
ұсынуын
ұйымдастыру
арқылы
оқушылардың
зерттеу
жұмыстарына
қызығушылығын қолдау.
Достарыңызбен бөлісу: