31
- өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда, сыртқы марапат пайдалы
болуы мүмкін.
Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз
күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды орынды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының
жұмысына құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз
(мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға
ұмтылуы және т.б.).
Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы
сәтсіздіктері көп жағдайда
мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің
жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы
мүмкін. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген
факторлар бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар,
мұғалімнің
ықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы
мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім
алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру. Оқушыларды оқуға
ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, тиімді қолдана білу мұғалімнің кәсіби
қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі кестеде (5-кесте) мұғалім жұмысындағы
оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: