21
8)
Тапсырманы орындауға қатысты нұсқаулар нақты болып, оқушыларға
сәйкестендіру тапсырмасын қалай орындау керектігі түсінікті болуы тиіс. Барлық
оқушылар тапсырманы бірдей түсінуі қажет. Тапсырманың бір мағыналы бір
дұрыс жауабы болатындай етіп құрастырылғаны жөн.
9)
Сәйкестендіру тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін
сұрақтарды қолданыңыз.
10)
Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да белгілерді қолданудан
аулақ болыңыз.
11)
Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан
және т.б. тұруы тиіс.
Қосымша кеңестер
Егер сіз сәйкестендіру сұрақтарын қолданатын болсаңыз, оны дайындауда келесі
кеңестерді қолдануға болады:
Оқулықты оқып отырған кезде адамдардың аты-жөніне қатысты деректер мен
идеяларды оқуда мұқият болыңыз. Бөлек парақта атауы мен деректерді бір-біріне қарама-
қарсы ретте санамалап жазыңыз, нәтижесінде екі түрлі баған пайда болады. Өз тізіміңізді
тексеру үшін деректер бағанын қағазбен жауып қойыңыз. Атауы жазылған бағандағы әр
элементке қараңыз және соған сәйкес деректі немесе идеяны жазыңыз. Содан соң
материалды екі бағытта тексеру үшін атауы бар бағанды жабыңыз, өзіңізге еске салу ретінде
деректерді қолданыңыз.
Оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіріңіз. Көбіне сәйкестікті
анықтауға қатысты тапсырмалар іс жүзінде талдау және жинақтау сияқты жоғары деңгейде
ойлау дағдыларын емес, нақты білімді бағалайды. Алайда бұл мұндай тапсырмаларды
жоғары деңгей дағдыларын бағалауға болатындай құрастыруға болмайды дегенді
білдірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: