Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата02.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
#49048
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
mugalim nusqaulyq (1)


 

4-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар 

УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР

УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР

түрлі оқыту мен оқу әдістерін 

пайдаланатын белсенді мұғалім 

негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция 

оқитын мұғалім 

көп оқушыны қамтитын белсенді 

тапсырмалар 

аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде 

қатыспайтын тапсырмалар 

белгілі бір мағынасы бар және осының 

алдында өткен тақырыппен байланысты 

жаттығулар 

айқын емес, түсініксіз және осының 

алдында өткен тақырыптармен 

байланыспайтын жаттығулар 

сабақтағы жаттығулардың күрделілігі 

тиісті деңгейде және барлық оқушылар 

орындай алатын етіп сараланған 

сабақтағы жаттығулар сараланбаған және 

басында орындау тым қиын немесе қабілеті 

жоғары оқушылардың қабілеттері 

ескерілмейді 

оқыту мен оқудың сан алуан әдістері 

қолданылады – сабақтың қандай 

болатынын күні бұрын болжау мүмкін 

емес 


оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі 

қолданылады – сабақтың қандай болатынын 

күні бұрын болжап білуге болады 

оқушыларға «ойлануға» уақыт бере 

отырып, сабақ қарқынын өзгерту 

сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және 

оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді  

әр оқушыға жеке қолдау көрсету 

оқушылар мұғалімнен көмек күтеді 

орынды мақтау және мұғалімнің пайдалы 

кері байланыс беруі 

мақтау айтылмайды және мұғалім 

оқушыларға жағымсыз кері байланыс береді

оқушылар сабақ мақсатын және сабақтан 

күтілетін нәтижені біледі 

оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің 

нені үйренетінін білмейді 

 

Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және кері байланыс 

Оқушылардың  қажеттіліктерін  анықтау  және  қанағаттандыру  жаңартылған  оқу 

бағдарламасының  оқу  жоспарын  әзірлеуде  маңызды  болып  табылады.  Блэк  және  басқа 

авторлар  (2003)  мұндай  тәсіл  оқушылардың  үлгеріміне  жағымды  ықпал  етіп,  оң  нәтиже 

беретінін айтады және мұны  бірқатар танымдық талдаулар да дәлелдейді. 


37 

Бірінші  кезекте  оқушылардың  күшті  жақтары  мен  олар  кездестіретін  қиындықтарды 

анықтап алу қажет. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау арқылы 

және жазбаша жұмыстарын тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат әр 

оқушының үлгеріміне көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады. 

Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар: 

-  мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін 

қолдайды; 

-  мұғалімдер оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға 

көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды; 

-  мұғалімдер  оқушылардың  оқу  мақсаттарына  жетуіне  мүмкіндік  беру  үшін  оқу 

мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу 

үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді; 

-  мұғалімдер  әртүрлі  оқушылардың  түрлі  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 

оқушылардың  түсінуін  бағалау  тәсілдері  мен  оқытудың  әртүрлі  әдістерін  үйлестіре 

қолданады;  

-  мұғалімдер  оқушылардың  жұмыстары  туралы  ауызша  және  жазбаша  кері 

байланыс  ұсынады,  бұл  кері  байланыс  уақтылы,  айқын  болып,  нақты  критерийлерге 

негізделеді (OECD, 2005).  

Оқу  бөлмесі  негізінен  күрделі  оқу  ортасы  болып  табылады  және  дәстүрлі  оқытумен 

салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 

осы  күрделіліктің  артуына  ықпал  етеді.  Мұғалімдер  «сыныпты  тыныштандырудың» 

(мұғалімнің  сабақта  тыныштық  сақталуын  қадағалауы,  өзінің  сөйлеуі)  орнына, 

оқушылардың  мағынаны  түсіну,  заңдылықты  байқай  алу,  шешім  қабылдау  мен 

тұжырымдау,  түзете  алатындай  етіп  орындалуын  бақылау  құзыреттіліктерін 

қалыптастыруы  және  дамытулары  керек  (Hattie,  2012).  Мұндай  хабардарлық  мұғалімдер 

өздерінің  тәжірибесі  туралы  және  оқушылардың  үлгеріміне  тигізетін  ықпалы  туралы 

ойланып,  ой  елегінен  өткізген  жағдайда  ғана  дамитын  болады.  Сол  себепті 

тыңдаушылардың  осындай  ойлау  дағдысын  арттырып,  оқу  бағдарламасында  көзделген 

белсенді оқу тәсілдеріне жаттығып дағдылануы үшін, біліктілікті арттыру курсы аясында 

ықшамсабақ жаттығулары қарастырылған. Сабақтарда қамтылатын белсенді оқу тәсілдері 

тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және бағамдау жаттығуларын жүргізіп, 

топтық  жұмыс  және  ықшамсабақтар  ұйымдастыруды  көздейді.  Бұл  тәсілдерде  оқу 

бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  сыныпта  қолдануға  болатын 

тәжірибелік идеялар қамтылған. 

 

 



38 

ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ 

 

Өз жұмысында мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламаларын басшылыққа алады. 

Оқу бағдарламасы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді 

жоспарда  белгілі  бір  бөлім/бөлімше  аясында  қамтылуға  тиісті  тақырыптар  мен  оқу 

мақсаттары  көрсетілген.  Ұзақ  мерзімді  жоспар  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарды 

әзірлеуге негіз болып табылады. 

Орта мерзімді жоспарда оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары, сондай-ақ 

осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мұғалім мен оқушыларға ұсынылатын жаттығу түрлері, 

ресурс  үлгілері  ұсынылады.  Оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда,  орта  мерзімді 

жоспарлар ұсынымдық сипаттағы құжат. Сондықтан мұғалім жаттығу түрлерін бейімдеп, 

оқушының  қызығушылығына,  деңгейіне,  қажеттіліктері  мен  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес 

келетін өзінің балама ресурстарын таңдай алады. 

Оқу  бағдарламасының  элементі  ретінде  ұзақ  мерзімді  жоспарда  бір  жылда  өтілетін 

бөлімдер/ортақ  тақырыптар  белгіленеді.  Орта  мерзімді  жоспарларда  мұғалімдерге 

тақырыптар  мен  бөлімдер  бойынша  сабақ  өткізу,  сабақта  оқушыларды  ұйымдастыру 

туралы  ұсыныстар  берілген,  сондай-ақ  сабақта  қолдануға  болатын  ресурстар  ұсынылған 

(интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және дыбысматериалдар және т.б.) Ұзақ мерзімді 

жоспарда  оқу  бағдарламасының  элементі  ретінде  оқу  жылына  арналған  тақырыптар  мен 

бөлімдер анықталған. Орта мерзімді жоспарлау үдерісі ұзақ мерзімді жоспарда анықталған 

бағдарларды нақтылай отырып, анағұрлым қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады. Орта 

мерзімді  жоспарлау  барысында  нақты  бір  кезеңге  арналған  негізгі  міндеттер 

тұжырымдалады.  Онда  әрбір  тоқсанға  немесе  бөлімге  арналған  оқу  тақырыптары 

көрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 2016). 

Оқу  жоспары  көптеген  бөлімдерден  тұрады,  олардың  әрқайсысы  оқу  кезеңінің 

бірнеше  аптасына  дейін  қамтуы  мүмкін.  Осылайша  бірнеше  аптаны  топтастырып  бірден 

жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырып 

немесе  белгілі  бір  жағдай  арқылы  байланыстырылған  тізбектелген  сабақтар  топтамасы 

аясында  қалыптастырып,  дамытуы  тиісті  білім  мен  түсінік,  дағдыларды  толық  қамтуға 

мүмкіндік береді. 

Оқу  жоспарының  алғашқы  парағында  осы  бөлімді  бастардың  алдында  оқушылар 

біледі  деп  күтілетін  алдыңғы  білімі,  бөлімнің  мәнмәтіні  және  бөлімнің  қысқаша 

сипаттамасы  жазылады.  Бұл  оқу  бағдарламасынан  алынған  оқу  мақсаттарына  сәйкес 

келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығулармен бірге беріледі. Белгілі 

бір  тақырып  үшін  ұсынылған  барлық  жаттығуларды  бірден  алдын  ала  зерделеп  шығу 

пайдалы  болмақ.  Бұл  ретте  мұғалім  өз  оқушыларының  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

мақсатында кез келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық, 

жаттығуды өзінің жағдайына анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығумен 

ауыстыра  алады).  Сонымен  қатар,  оқушыларға  орындау  оңай  немесе  қиын  болатынын 

ескере отырып, белгілі бір жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне 

аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп алған дұрыс. Оқу жоспарына орындау міндетті 

болып  табылатын  бұйрық  нысанындағы  құжат  ретінде  емес,  бағыт-бағдар  көрсететін 

көмекші  ретінде  қараған  маңызды,  оқушылардың  қажеттіліктерін  мүмкіндігінше  толық 

қанағаттандыру мақсатында жоспарға өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін. 

Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу 

Қысқа  мерзімді  жоспар  немесе  сабақ  жоспарын  дайындау  барысында  мұғалім 

оқушылардың  жеке  қажеттіліктері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  саралап  оқыту 

тәсіліне  ерекше  назар  аударғаны  жөн.  Қысқа  мерзімді  жоспар  мұғалімге  сабақты  тиімді 

құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп 

алуы  керек.  Әр  сабақтан  кейін  мұғалім  оқушылар  меңгере  алмаған  немесе  түсінбеген 

жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. 


39 

Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа 

алуына болады: 

-  сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу 

мақсаттарын басшылыққа алу қажет; 

-  сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы 

мақсаттар қою; 

-  орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, 

ресурстарды мұқият зерделеу; 

-  мұғалімнің  қалауы  бойынша  іс-әрекет  түрі  қажеттілігіне  қарай  толықтырылып 

отырады. 

Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық 

қызметінің  белсенді  ұйымдастырушысы  ретінде  қызмет  етуі  тиіс  (Ұлттық  білім 

академиясы, 2016). 

Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын 

шешеді.  Сабақтың  мақсаты  оқу  бағдарламасында  қарастырылған  оқу  мақсатына  сәйкес 

келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, 

«Физика»  пәні  бойынша  7-сыныптағы  «Молекулалық-кинетикалық  теория  негіздері» 

бөлімшесінің оқу мақсаттарының бірі: заттардың молекулалық құрылысы негізінде қатты 

денелердің, сұйықтар мен газдардың құрылымын сипаттау. 

Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақ мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. 

Сабақ  мақсатында  оқушының  қадағалауға  болатын  іс-әрекеті,  белсенділігі/мінез-құлқы 

сипатталып,  оқушылар  оқу  нәтижесінде  не  үйренуге  тиіс  екені  туралы  жазылады.  Сабақ 

мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі 

тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз. Бұл: 

сабақта  мұғалімнің  не  істейтініне  емес,  оқушылардың  немен  айналысатынына  назар 



аударуға; 

сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; 



оқуды бағалауды жеңілдетуге; 

оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі. 



Сабақты жоспарлау 

Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай 

жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді 

оқу  тәсілдерін  қолдана  алады.  Дәстүрлі  дидактикалық  оқыту  әдістерінде  жекелеген 

оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен уәждеріне, мүдделері мен дағдыларына, 

оқу  ерекшеліктеріне  жеткілікті  дәрежеде  мән  берілмейтін.  Оқыту  мен  оқудың  заманауи 

әдістері  оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін 

ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың 

оқу  үлгеріміне  оң  әсерін  тигізеді.  Мұғалімдер  пән  бойынша  оқу  бағдарламасының 

талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 

үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. 

Мысал ретінде 7-сыныпта Сақталу заңдары бөлімшесіндегі механикалық энергияның 



екі түрін ажырату оқу мақсатына байланысты мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын 

әзірлей алады: 

-  Сыныпқа  «Ассоциация»  ойынын  ұсыну:  оқушылар  «Энергия»  сөзімен 

байланысы  бар  сөздерді  атайды.  Осы  ойын  арқылы  оқушыларда  энергияның 

бірнеше түрі болатыны туралы ой тудыру; 

-  Оқушыларға кинетикалық және потенциалдық энергиялар туралы мәтінді оқуға 

беру: мәтіннен механикалық энергияның түрлерін анықтап, энергия түрлерінің 

анықтамаларын дәптерге жазу; 

-  Оқушыларға кинетикалық немесе потенциалдық энергияның өзгерісінен жұмыс 

жасалатыны туралы бірнеше қарапайым тәжірибе көрсетіп, оқушыларға «Қандай 



40 

жағдайда жұмыс жасалады?» деген сұрақ қою; 

-  Оқушылардың интерактивті ресурстармен  нұсқаулық бойынша жұппен немесе 

жеке жұмысын ұйымдастыру; 

-  Кинетикалық  және  потенциалдық  энергиялардың  қандай  шамаларға  тәуелді 

екенін жұпта талқылауды ұсыну. 

Барынша  тиімді  оқуды  жоспарлау  үшін  төмендегідей  бірқатар  мәселелерді  ескерген 

жөн: 


- Сабақта  көптеген  жаттығу  түрлерін  жоспарлауға  тырысу  қажет.  Бір  сабақта 

мұғалім  төрт,  бес  немесе  одан  да  көп  жаттығу  түрлерін  қамти  алады.  Аз  уақыт  алатын, 

айталық, 10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің 

төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек. 

- Мұғалім  сабақ  барысында  бір  жұмыс  түрінен  екіншісіне  біртіндеп  ауысып, 

сабақтың  мақсатын  оқушылардың  есіне  салып  отыруды  ұмытпауы  керек.  Жаттығуды 

әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды 

бүкіл  сынып  болып  орындап,  кейіннен  жұптасып  оның  орындалуын  шыңдай  алады.  Бұл 

оқушыларға  жаңа  жаттығуға  біртіндеп  көше  отырып,  тапсырманы  түсінуге  көмектеседі, 

өткен  сабақта  алған  білімдерін  нығайтып,  оқушыларға  іс  жүзінде  бірнеше  дағдыны 

қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді. 

- Сыныппен  өзара  әрекеттестік  стилін  өзгертіп  отыру  қажет.  Мұғалім  сабақ 

барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, 

оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ 

қойып,  жауаптары  бойынша  сыныптың  нені  түсінгенін/түсінбегенін  бағдарлаған  дұрыс. 

Сабақта  жеке,  жұптық,  топтық  немесе  бүкіл  сыныпты  қамтитын  жұмыс  түрлерін 

араластырып қолдану тиімді болады. 

Сабақ жоспарында мұғалім: 

-  оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы; 

-  сабақ  жоспарының  әртүрлі  компоненттерінің  тиісті  бөлшектерін  қамтуы  (оқу 

жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз); 

-  логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен 

тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы; 

-  мақсатты  білім  мен  дағдыларды  қалыптастыруға  арналған  тиісті  әдіс-тәсілдерді 

анықтап,  проблемаларды  алдын  ала  көре  білуге  және  анықталған  дағдыларға  қатысты 

шешім ұсынуы; 

-  қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс. 

Сабақты жоспарлау барысында  мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер: 

Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге 



жетелей ме? 

Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар 



қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін? 

Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін? 

Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның барлығын қалай қабылдар едім? 

Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма? 

Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты 



сұрағы,  дыбыс-бейне  құралдарды  пайдаланудағы  қиындықтар,  әлдебіреудің  сырттан 

рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін? 

Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және 



талқылаймын? 

Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді: 

Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті? 

Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай? 

Сабақта  қолданған  әдістерім  сәтті  болды  ма?  Сабақ бұдан  да  сәтті  өтуі  үшін 


41 

басқа қандай әдістер қолдануым керек еді? 

Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды? 

Сабақта  оқушылардың  жинақтаған  білімі  мен  тәжірибелері,  қызығушылық 

танытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді? 

Сабақты оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарына қарай бейімдей алдым ба? 

Оқушыларым  сабақта  бірігіп  жасаған  қорытындыларымызға  қалай  қарады? 

Сабақтан қандай көңіл-күймен шықты? Сыныптағы орта оларға жайлы болды ма? 

Мен сыныптағы тәртіпті басқара алдым ба? Менің қандай әрекеттерім жақсы 



шықты, қандай әдістерім сәтсіз болды? Неліктен? Нені басқаша жасауым керек еді? 

Сабақта  менің  көңіл-күйім  біркелкі  болды  ма?  Мен  өзімді  ұстай  білдім  бе? 



Болашақта нені ескеуім керек? 

Сабақта мен үшін ең қиыны не болды? Қандай жағдай ерекше назар аударуымды 



қажет етті? Неге? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеуім керек? 

Сабақтағы оқу әдістерім сәтті болды ма? Оқушылардың меңгерген білімдері менің 



үйрету тәсілдеріммен байланысты ма? Келешекте нені есепке алуым керек? 

Бұл  сабақты  басқаша  өтуге  болатын  ба  еді?  Қалай?  Сабақтың  қандай  жағына 



көбірек көңіл бөлу керек: мазмұнындық, әдістемелік, эмоциялық? 

Сабақта  мен  оқушыларымды  ынталандыра  алдым  ба?  Оқушылардың  ішкі  уәжін 



ескердім бе? Оқушыларды табысқа бағыттаудың тағы да қандай жолдары бар? 

Бағалауда  мен  қаншалықты  шынайы  болдым?  Бағалау  оқушыларға  қалай  әсер 



етті? 

Оқушыларға  сабақта  өздерін  басқаруға  мүмкіндік  болды  ма?  Бұл  қайдан,  калай 



көрінді? 

Сабаққа  дайындалғанда  оқыту  теорияларына  сүйендім  бе?  Өткізген  сабағым 



таңдаған теорияма қаншалықты сәйкес болды? 

Осы  сабақтан  кейін  мен  өзіме  қандай  жаңалық  аштым,  нені  жетік  түсіндім? 



Табысты мұғалім болу үшін тағы не істеуім керек? 

 

 



 

 


42 

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ  

 

Критериалды  бағалау  кезінде  оқушылардың  үлгерімі  алдын-ала  белгіленген 



критерийлердің  (Роберт  Юджин  Глейзер  енгізген  ұғым,  Glaser,  R.,  1963)  нақты 

жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға 

негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен 

салыстырылып қойылады. 

Критериалды  бағалау  жүйесі  қалыптастырушы  бағалау  мен  жиынтық  бағалаудан 

тұрады. 


Қалыптастырушы  бағалау  оқу  үдерісінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады, 

оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы 

қиындықтарды  анықтап,  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарыны  қол  жеткізуге 

көмектеседі.  Бағалаудың  бұл  түрі  оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты 

қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.  

Жиынтық  бағалау  мұғалімдерге,  оқушылар  мен  ата-аналарға  оқушылардың  оқу 

жетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар 

және  белгілі  бір  оқу  кезеңі  (тоқсан/триместр,  оқу  жылы,  орта  білім  беру  деңгейі) 

аяқталғанда балл, баға қою арқылы өткізіледі. 

Қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  барлық  пәндер  бойынша  қолданылады, 

алайда  бағалау  тәсілдері  пәннің  мазмұны  мен  ерекшеліктеріне  байланысты  ерекшеленуі 

мүмкін.  Оқушылардың  оқу  жетістігін  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалаудың 

нәтижелері  оқу  үдерісі  барысында  ата-аналарға  ұсынылады.  Қалыптастырушы  және 

жиынтық бағалау пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына негізделеді. 

Бағалау  тақырыбы  бойынша  мұғалімдер  үшін  «Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне 

арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Негізгі орта және жалпы орта білім 

беретін  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша  нұсқаулық», 

«Өңірлік  және  мектеп  үйлестірушілеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша 

нұсқаулық»,  «Жиынтық  бағалауға  арналған  әдістемелік  ұсыныстар»,  «Қалыптастырушы 

бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралдары дайындалған. 

 

Қалыптастырушы бағалау 

Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді 

меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну 

және  оқушыларды  ынталандыру  үшін  оқу  үдерісінде  қалыптастырушы  бағалауды 

жүргізеді. 

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:  



қалыптастыру  –  тәжірибе  жүзінде  құндылықтар  жүйесін  белгілеу,  қалыптастыру 

және бекіту; 



ынталандыру  –  оқушының  күтілетін  нәтижеге  қол  жеткізуі,  тиімді  түрде  алға 

ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау; 



уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны 

ояту. 


Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері: 

-  оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну; 

-  оқушылардың  білім  алғандығының  дәлелдерін  жинауға  бағытталған  сыныпішілік 

оқу үдерісін ұйымдастыру; 

-  оқушыларды  дамытуға  жағдай  жасайтын  сындарлы  кері  байланысты  қамтамасыз 

ету; 


-  оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру; 

-  оқыту  және  оқу  үдерісінде  бірлескен  оқуды  қолдайтын  ынтымақтастық  ортасын 

құру; 


43 

-  оқушыларға  өзінің  оқуын  «құрушы/жасаушы»  ретінде  жағдай  жасау  болып 

табылады. 

Тиімді  оқыту  және  оқу  мақсатында  оқушылардың  түсіну  деңгейін  анықтау  үшін 

олардың  оқу  мақсаттарына  жеткендігінің  немесе  алға  ілгерілеуінің  деңгейі  қадағалануы 

тиіс.  Мұғалімнің  іс-әрекетіндегі  қалыптастырушы  бағалау  үдерісі  төмендегі  кезеңдерді 

жүзеге асыруды талап етеді: 

-  қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау; 

-  қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; 

-  оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу; 

-  қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау; 

-  кері байланыс ұсыну; 

-  қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет