ГЛОССАРИЙ
Алгоритмдік
ойлау
Тапсырмаларды орындауға бағытталған ойлау әрекеттері мен
тәсілдері жиынтығы, оның нәтижесінде адам іс-әрекетінің ерекше
өнімі болып табылатын алгоритмдер құрылады. Ойлаудың
бұндай тәсілі ресмилігімен, қисындылығымен, анықтылығымен,
кез-келген абстарктілі идеяны бірізді нұсқауға айналдыра
алатындығымен ерекшеленеді, осы нұсқауларды қадамдап
орындау бұл идеяны іске асыруға жол ашады.
Ақпарат
Ақпараттық жүйелер (тірі ағзалар, басқарушы машиналар және
т.б.) өмірі мен жұмысы барысында қабылдайтын қоршаған
ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың өлшемдері,
қасиеттері мен күйлері туралы мәліметтер. Компьютерде дерек
өңдеуге қатысты – мағыналық жүктемесі бар таңбалар реті.
Ақпараттық
сауаттылық
Көптеген сандық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты
тиімді және сыни іріктеп, талдап және құра білу, сонымен қатар
сол технологиялардың құрамдас бөліктері мен функцияларын
білу.
Ассоциация
(лат. associatio - қосылу, өзара байланыс) – ойлау үдерісінде
психика элементтерінің арасында пайда болатын байланыс. Оның
нәтижесінде бір элемент пайда болғанда, қандай да бір
жағдайларда онымен байланысты, басқа элементтің бейнесі пайда
болып жатады.
Әлеуметті білім
алушы
субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету
барысында өз еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin &
Associates мамандары әлеуметтік оқыту технологиясының жеті
бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байланыс (connection),
бірлескен жұмыс (collaboration), контент (content), [контентті]
пайдалану ыңғайлылығы (consumption), бақылау (control) және
тұтынушылар контентін құру мүмкіндігі (contribution).
Бағамдау
Білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму
үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-
әрекеттерді жүйелі зерттеу және баға беру. Бақылаушы және
қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық
жинақтау және талдау негізінде, белгіленген мақсаттармен,
критерийлермен және құндылықтармен жүйелі түрде салыстыру
негізінде ұйымның жұмысының тиімділігін анықтау және
жетілдіру мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы
сарапшыларды тарту арқылы өткізіледі. Бағамдаудың өзіне тән
ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог түрінде өтуі,
жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді «тексеруге» емес,
оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.
Бағалау критерийі ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім
қабылдау ережесі, негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары
(әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының
орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі.
Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына
жетуін анықтайды.
Белсенді оқу
шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды
қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді
60
шешуге жетелейді. Оқу бағдарламасының барлық салаларын
барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып,
кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп
аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл
таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп
санауға болады.
Біліктілікті
арттыру
курсының оқу
жоспары
біліктілікті арттыру курсы аясында әзірленетін оқу жоспары. Оқу
жоспарында белгілі бір курс барысында зерделенетін
тақырыптар, сондай-ақ, курс материалын оқыту мен оқуды
ұйымдастырудың реті мен тәртібі, күн саны ұсынылады.
Бірлескен оқу
Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар
арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып,
оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен
қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты
бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау
арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін
ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ
мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты
топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, бір
келісімге келуіне негізделген.
Графикалық
органайзер
білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты білдіру үшін визуалды
таңбаларды қолданатын құрал. Графикалық органайзердің басты
мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында визуалды көмек
ұсыну болып табылады.
Дарындылық
қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық –
өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов).
Жалпы дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап
психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. Арнайы
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты,
жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді».
Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық
тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері
бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды
болуымен
ғана
емес,
дарындылықтың
қалыптасқандық
деңгейімен де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты
іздеу – психологияның маңызды міндеті.
Дәлелдеу
(Argumentation) белгілі бір көзқарасты жеке немесе ұжымдық
реципиенттің түйсініп, түсінуі және/немесе қабылдауы
мақсатында негіздеу үшін жүргізілетін логикалық-
коммуникациялық үдеріс.
Диалогтік оқыту
Мұғалімнің
оқу
материалын
оқушыларға
түсіндіріп,
оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу
материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің
нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен
оқу тәсілі. Оқушыларды проблеманы анықтап, оны шешуге
итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді
көздейді.
Джигсо әдісі
ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979)
әзірлеген. Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты
игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға
61
тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны
үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген
сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін
тыңдауды үйренеді.
Жақын арадағы
даму аймағы
(ЖАДА)
Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары,
қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын,
орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар
ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі.
Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын
сыныптастары болуы мүмкін.
Жиынтық бағалау білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда болатын бағалау,
белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің
көрсеткіші
болып
табылады,
бағалаудың
бірыңғай
критерийлерінің негізінде жүзеге асады.
Зертханалық
жұмыс
Әрбір оқушыға физикалық аспап/қондырғылармен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін физикалық оқу экспериментін ұйымдастыру
Кері байланыс
белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп,
келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға
туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.
Креативтілік
(ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл)
индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан
ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға
дайындығымен ерекшеленетін және тәуелсіз фактор ретінде
дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық қабілеті,
сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше
тәсілдермен шешу қабілеті.
Критериалды
бағалау
оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен
мазмұнына сәйкес, ұжым талқысынан өткен, оқушыға, ата-анаға
және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге
негізделген бағалау үдерісі.
Қалыптастырушы
бағалау
мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа
да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен
қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға
ретінде тіркелмейді). Қалыптастырушы бағалау сыныптағы
күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының
ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы
мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу
үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Құндылықтар
баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар.
Түйінді құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте
баяу, әрі ұзақ уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің
өмір, өзіміз және бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың
әлеуеті
және
қоршаған
адамдардың
әлеуеті
туралы
көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ
құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің
қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымызды және мінез-
құлқымызды анықтайды.
Қысқа мерзімді
жоспар
мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ
жоспары). Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай
көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға
болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады.
Метатану
«таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау
62
қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға
оқушылардың өзіндік оқу және проблемаларды шешу
стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология
ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген болатын (J.H.
Flavell, 1976). Автордың айтуынша метатанудың маңызды
қызметінің бірі өздерінің танымдық қызметтерінің ерекшеліктері
туралы білімдерінің негізінде оқушыларға танымдық қызметтерін
реттеуге мүмкіндік беретін танымдық қызметті рефлексиялық
бақылау болып табылады.
Метатану
стратегиялары
білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған
басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше
жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның
мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу
нысандарды олардың модельдері арқылы зерттеу, шынайы заттар
мен құбылыстардың (ағзалардың, инженерлік құрылыстардың,
әлеуметтік жүйелердің және әртүрлі үдерістердің) модельдерін
құру.
Оқу
білім мазмұнын меңгеруге бағытталған оқушы әрекеті.
Оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен
дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың
тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген
құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім
беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
Оқу жоспары
белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап
әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір аясында осы пән
бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және
онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға
болатыны ұсынылады.
Оқу мақсаты
оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу
барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша
күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым.
Оқу үдемелілігі
танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты
ұғым, себебі бұл саналы жүретін және адамның еркінен тыс
жүретін оқудың, сондай-ақ жаттығулардың ықпалдасуы. Оқу
үдемелілігінде күрделілік деңгейі біртіндеп артып отырады:
қарапайым тапсырмалардан басталып, әр қадам сайын
тапсырмалар күрделене береді.
Оқыту
Оқытушының оқу мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға
бағытталған әрекеті.
Рефлексия
– (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап
айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз
белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай
деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу
қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен
жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың
бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында
алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен
салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Саралап оқыту
әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен
нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану
үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
63
Синхронды емес
оқу
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ресурстарды
қолдану арқылы оқыту мен оқу нысаны. Бұл үдеріс барысында
мұғалім/оқытушы мен білім алушы арасындағы байланыс уақыт
жағынан кешеуілдетіп жүреді. Синхронды емес оқу оқытудың
сындарлы теориясына негізделген, ол білім алушыларға өздерінің
білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке оқу бағытын
өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен
қатар синхронды емес оқу білім беру бағдарламасының жекелеген
пәндерін, сондай-ақ оларды оқу реттерін таңдауда еркіндік береді.
Сын тұрғысынан
ойлау
қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың
мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық
тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі
қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін.
Нақты қоғамда сыни ойлау бағытындағы қадам қоғамның
өркениетті дамуына бастау үшін қажет деген болжам бар. Тар
мағынасында сын тұрғысынан ойлауға «ойлау туралы ойлау»
ретінде анықтама беруге болады. Психолог Диана Ф. Халперн
сын тұрғысынан ойлауды күтілетін нәтижеге қол жеткізу
мүмкіндігін арттыратын танымдық тәсілдер мен стратегиялар
ретінде қарастырады.
Сындарлылық
теориясы
лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық
(философия) – таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің
интерпретациясын
(моделін)
белсенді
құруы
ретінде
қабылданатын тәсіл.
Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер
арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын
түсіністік. Барлық жаңа оқулар адам бұған дейін білетіннен
басталады, адамның бұдан қандай білім алып шығатыны осыған
байланысты болады.
Сыныптағы ахуал бірқатар аффектілік, әлеуметтік, танымдық факторлардың,
олардың ішінде ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен
оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне тарту негізінде қалыптасатын
сыныптағы ахуал.
Талант
ең алдымен, арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің
сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық
мәнімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер
жиынтығы. Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен
шұғылдану тән, олар таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты
адамның
еңбегінің
нәтижелері
өздерінің
түбегейлі
жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.
Тәжірибелік
оқыту
оқушылар өздерінің оқуымен белсенді және арнайы мақсатта
айналысатын оқыту тәсілі. Олар оқу сабақтарының мәнін
материалдарды қайта қарау үдерісімен және оқып-үйренгені
туралы пайымдаумен тығыз байланыста қарастырады.
Физикалық есеп
физика
заңдарының
негізінде
логикалық
тұжырым,
математикалық амалдар және эксперимент жасау арқылы
шешілетін қандай да бір мәселе.
Шығармашылық дәстүрлі және қалыптасқан ойлау желісінен өзгеше айрықша жаңа
идеяларды әзірлеу үдерісі. Белгілі америкалық психолог
А.Маслоудың пікірінше, бұл адамдардың барлығына тән, туа
біткен табиғи қабілет болып табылады, алайда адамдардың басым
бөлігі тәрбесі мен оқуына және әлеуметтік тәжірибесіне
64
байланысты оны жоғалтып алады. Күнделікті өмірде бұл
шығармашылық қабілет әртүрлі тәсілдер мен заттарды пайдалану
арқылы әдеттен тыс және ерекше тәсілдермен мақсатқа жету
жолдарын және шешімдерін табу арқылы көрініс табады.
Ықшамсабақ
тыңдаушылардың біліктілікті арттыру курсы сабақтарында
ерекше ұйымдастырылған, шынайы оқу үдерісін имитациялайтын
қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |