Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


-кесте. Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі  Кезеңдер



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата02.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
#49048
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
mugalim nusqaulyq (1)


3-кесте. Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі 

Кезеңдер 

Жаттығулардың негізгі 

тақырыбы 

Сұрақтар түрлері 

Алғашқы  

дайындық 

Оқушыларға тақырыппен  танысуға 

мүмкіндік беру. 

Тақырып бойынша оқушыларды 

қызықтыратын мәселелерді анықтау. 

Тақырып қандай? 

Неліктен осы тақырыпты 

зерттеу қажет? 

Зерттеуге  

дайындық 

Оқушыларға осы тақырып бойынша 

бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау. 

Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен 

нысанын белгілеу. 

Тақырып бойынша орындау керек 

жұмыстар мен жаттығуларды 

жоспарлауға көмектесу. 

Біз ілгеріден бұл тақырып 

туралы не білеміз? 

Осы тақырыпқа қатысты не 

ойлайсыңдар? 

Бұған тағы кім көз жеткізді? 

Сен не ойлайсың? 


30 

Зерттеу 


Оқушылардың білімге 

қызығушылығын одан әрі 

ынталандыру. 

Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап 

беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат 

ұсыну. 


Болашақта зерделеу үшін басқа да 

сұрақтар ұсыну. 

Оқушылардың білімін, құндылықтары 

мен түсініктерін тексеру. 

Оқушылардың алдағы уақытта 

орындалатын жаттығулар мен 

жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне 

көмектесу. 

Біздің нақты нені білгіміз 

келеді?  

Мұны істеудің ең тиімді жолы 

қандай? 


Ақпаратты қалай жинаймыз? 

Сұрыптау 

Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде 

анықталған ақпарат пен идеяларды 

сұрыптау мен таныстырудың нақты 

тәсілдерін ұсыну. 

Оқушылардың жинақталған ақпаратты 

өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен 

таныстыруына мүмкіндік беру. 

Нәтижелердің кең ауқымды болуына 

мүмкіндік беру. 

Ақпаратты қалай сұрыптай 

аламыз?  

Қандай байланыс орната 

аламыз?  

Ақпарат нақты, құнды және 

пайдалануға тұратынына 

қалай көз жеткізе аламыз? 

Алға ілгерілеу 

Тақырып аясын кеңейтіп, 

оқушылардың тақырыпты түсінгенін 

тексеру. 

Оқушыларға қолжетімді түсініктер 

аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат 

ұсыну. 

Біз қандай қорытындыларға 



келдік? 

 Оларды қандай дәлелдермен 

негіздей аламыз? 

Алынған нәтижелермен не 

істейміз? 

Біз келесі әрекеттеріміз 

қандай болу керек? 

Байланыс 

орнату 

Оқушылардың не үйренгені туралы 



қорытынды жасауына көмектесу. 

Оқу үдерісінің барысы туралы және не 

үйренгені туралы рефлексия жасауына 

мүмкіндік беру. 

Біз қандай қорытындыға 

келдік?  

Оларды қандай дәлелдермен 

негіздей аламыз? 

Нәтижелерді қалай 

пайдаланамыз? 

Әрекет жасау 

Оқушыларға өздерінің түсінігі мен 

өмірлік тәжірибесінің арасында 

байланыс орнатуға көмектесу. 

Оқушылардың таңдау жасауына және 

өзінің қоғамның табысты мүшесі бола 

алатындығына сенімін арттыруға 

мүмкіндіктер жасау. 

Тақырыпты одан әрі жоспарлау 

барысында оқушылардың түсінігін 

ескеру. 

Біз қандай әрекеттер жасай 

аламыз?  

Тақырып туралы енді не 

ойлайсыз? 

 

Кестедегі ақпарат Хэмстон мен Мердоктың еңбегінен алынды (Hamston, J. and Murdoch, 



K.,1996). 

31 

Дәлелдеу 

Жоғары  деңгейлі  ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  және  оларды  қолдану  оқу 

бағдарламасының  өзекті  аспектісі  болып  табылады.  Осы  ойлау  дағдыларын 

қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу кез келген пікірталас 

бастау,  жүргізу  және  оны  бағамдау  үшін  маңызды,  әсіресе  физиканы  оқытуда  оның  

маңызы  өте  зор,  себебі  онда  берілген  мәселенің  бір  шешімі  болғанымен,  тапсырманы 

әртүрлі  құралдар  мен  тәсілдер  арқылы  орындауға  болады.  Сондай-ақ  бұл  Қазақстан 

Республикасындағы  жаңартылған  оқу  бағдарламасында  басым  болып  табылатын 

құндылықтар  мен  дағдыларды,  мысалы,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлау, 

қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. 

Мектепте  кеңінен  қолданылатын,  өзара  әрекеттесудің  түрлі  жағдайларында 

қалыптасатын және жүргізілетін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік 

оқу  (Alro  &  Skovsmose,  2002).  Монологтік  көзқарас  заттарды  абсолюттік  материя 

ретінде  түсінеді  және бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік 

көзқарас болса  білімді оқу  барысында  жүретін  үдеріс  ретінде,  дәлелдеу  барысында, 

яғни  пікірталас  пен  келіссөз  барысында  қалыптасатын  білім  ретінде  қарастырады. 

Дәлелдеудің  үлгісі  мен  күрделілігін  сипаттау  жөніндегі  Тулминнің  (Toulmin,  1958) 

жемісті жұмысы білім беру саласындағы зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген 

оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті (мысалы, Simon et  al.,  2006;  Katchevich  et  al, 

2013).  Зерттеуге  негізделген  оқу  барысында  оқушылар,  қажет  болған  жағдайда 

мұғалімнің  көмегімен,  идеяларды  түсіндіру,  талқылау,  оларға  қарсы  шығу  және  өз 

ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады (Goos, 

2004). 

Отандық  әдебиетте,  сондай-ақ  шетелдік  ғалымдардың  еңбектерінде  сыныпта 



оқушылардың  бір-бірімен  әңгімелесіп,  пікір  алмасуын  ұйымдастыру  проблемасына 

арналған бірқатар еңбек бар. Шәкәрім Құдайбердіұлы «оқытудың ең үздік тәсілі – әңгіме, 

ол  мұғалімнің  тәлімгерлік  шеннен  түсіп,  оқушылармен  тең  дәрежеде  ақиқат  іздеушіге 

(оқудағы болса да) айналады» деген болса (Құдайбердіұлы Ш., 1991), «мұғалім балалармен 

сөйлескенде  ашуланбай,  күйгелектенбей,  сабырлықпен  сөйлеп,  шұбалаңқы  сөздермен 

керексіз  терминдерді  қолданбастан,  әрбір  затты  ықыласпен,  қарапайым  тілмен  түсіндіру 

керек»  дейді  Ы.  Алтынсарин  (Ы.Алтынсарин,1978).  Л.И.Божович,  В.В.Давыдов, 

Д.Б.Эльконин бастауыш сыныптарда балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан, 

ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып  табылатындығын  көрсетеді. Егер 

кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұстаз барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға 

күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар, яғни жоғарғы сынып 

оқушылары ұстаздың әрбір қимыл-қозғалысын, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-

кеңесіне  өзге  адамдармен  қарым-қатынасына,  шәкірттерге  қоятын  түрлі  талаптарына 

өздерінше іштей сын көзімен қарайды (Божович Л.И., 1997; Давыдов В.В., 1986; Эльконин 

Д.Б., 1989). 

Сонымен  қатар,  Нил  Мерсердің  диалогтік  оқыту  мен  кері  байланыстың 

артықшылықтарына  арналған  жұмыстарын  атауға  болады  (мысалы,  Mercer,  N.  

Hodgkinson, S., 2008). 

Негізінен  мұғалімнің  басымдығымен  өтетін  кейбір  сабақтарда  оқушыларға  өздері 

көріп    зерделеген  көрнекі  материалды  қайталап  сипаттау  ұсынылады.  Жаңартылған  оқу 

бағдарламасы  бойынша  оқытуда  әлеуметтік-мәдени  тәсілге  басымдық  беріледі,  сабақ 

барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады (Miller, 1987; 

Brown&Renshaw, 

2000). 


Осындай 

сабақтарда 

оқушылар 

басқа 


оқушыларға 

тұжырымдаманы  өз  сөзімен  түсіндіру  үшін  бірқатар  сұрақтар  мен  топтық  талқылауды 

пайдалана  отырып,  проблемаларды  шешу  үшін  бірлесіп  жұмыс  істейді.  Мұғалімдер 

оқушылардың  берген  түсініктемелеріне  құрметпен  қарайды  және  оның  құнды  екенін 

түсінеді,  проблеманы  шешудің  осындай  ерекше  тәсілдері  басқа  оқушыларға  мәселені 


32 

түсінуге көмектесе алатындығын мойындайды. Бірлесіп дәлелдеу – бірлескен тұлғааралық 

өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал. 

Оқу  бағдарламасы  аясында  «Физика»  пәнінде  оқушылардың  дәлелдеуді  қолдану 

дағдылары (ақпарат дереккөздерін талдау, өздерінің зерттеу нәтижелерін таныстыру және 

талқылау) сыныптан сыныпқа көшу шамасына қарай күрделеніп отырады.  

Дәлелдеумен  бір  қатарда  тұрған  дағдылардың  бірі  –  проблемаларды  шешу.  Поляның 

(Polya, 1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл: 

-  шынайы  проблемамен  айналысу;  мәселе  туралы  болжам  жасау,  зерттеу  және 

мағынасын түсіну; 

-  рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу; 

-  формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу; 

-  жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ болжам жасау.  

Оқушыларға  өз  сөзімен  түсіндіруге  мүмкіндік  бере  отырып,  мұғалім  олар  үшін 

тақырыпты білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ 

кез  келген  қате  түсініктерін  анықтай  алады.  Осыны  іске  асыру  үшін  мұғалім  дәлелдеу 

тәсілін қолдана алады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін: 

-  елестету; 

-  салыстыру; 

-  түсіндіру және дәлел келтіру; 

-  мақұлдау (келісу). 

Дәлелдеу  үдерісі  зерттеуге  негізделген  оқу  тәсілін  толықтырады.  Зерттеу  тақырыбы 

белгіленгеннен  кейін,  мұғалім  оқушыларға  шағын  топтарда  жұмыс  істеп,  сурет, 

диаграмма, график  немесе  алгоритмдерді  пайдалану  арқылы  зерттеу  немесе  проблеманы 

«елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен 

«салыстыруы»  керек.  «Түсіндіру  және  дәлел  келтіру»  деп  аталатын  келесі  кезең 

оқушыларға  өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате 

пайымдауларды  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Әрбір  топ  идеяларды  талқылау  және 

«мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады. 

Оқушыларға  проблеманы  шешуді  ұсыну  арқылы  мұғалім  оқушылардың  Пиаже 

сипаттаған  танымдық  даму  сатыларының  нақты  бір  операциялық  кезеңінде  екенін есте 

сақтауы  керек.  Сондықтан  орта  және  жоғары  сынып  оқушыларымен  жұмыс  барысында 

мұғалімдер  нақты  мысалдарды да, абстрактілі образдарды да пайдалануы тиіс. Мысалы, 

физика сабағында қарапайым түсінікті факторлардан мүлдем түсініксіз ойша тұжырымдар 

арқылы  айқын  қорытынды  шығару  көптеген  оқушыларға  қиындық  туғызады.  Мұндай 

жағдайда қиындық туғызатын тақырыпты толық меңгергенше тақырыпқа бойлау арқылы 

оқушыларды қорқыныш сезімінен арылту маңызды. Бұл оқушылардың ынтасы мен күш-

жігерін  проблеманы  шешу  және  логикалық  ойлау  дағдыларын  дамытуға  жұмылдыруға 

мүмкіндік береді.   

«Физика»  пәні  бойынша  жаңартылған  оқу бағдарламасы  оқушыларға  ХХІ  ғасырда 

қарқынды  дамып  келе  жатқан  зияткерлік  және  техникалық  ортада  табысты  болу  үшін 

қажетті  дағдыларды  меңгертуге  бағытталған.  Олар  оқушыларды сын  тұрғысынан  ойлау, 

бірлесіп  жұмыс істеу,  ақпаратты  өңдеу,  проблемаларды  шешу  сияқты анағұрлым  жоғары 

деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және 

ынталандырады.  Осы  дағдыларды  жоғары  дәрежеде  меңгеру  физика  бойынша  оқу 

бағдарламасында проблемаларды шешу, бірлескен  зерттеу  және  ғылыми  зерттеу  жүргізу 

дағдыларына  баса назар аударып, жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. 

Оқыту  үдерісі  тәжірибеге  бағытталған  және  оқушының  өз  білімдерін  өмірде  қолдана 

білуіне шоғырланған. ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара 

тығыз  байланысты  және  көпмәдениетті  әлемде  қалыптасқан  қазіргі  жағдайда 

оқушылардың  өз  бетінше  оқу  дағдыларын,  коммуникативті  дағдыларды  дамыту  аса 

маңызды болып табылады. 



33 

«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы оқушылардың алдыңғы меңгерген білімдері 

мен  дағдыларын  жетілдіруге,  сонымен  қатар,  жаңа  түсініктерді  қалыптастырып,  оқу 

қабілеттерін  дамытуға  бағдарланған.  Пәннің  оқу  бағдарламасы  оқушылардың  төменде 

аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді: 

-  зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру; 

-  кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын 

белсенді дамыту; 

-  өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру; 

-  қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық 

проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру. 

Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып,  өзінің 

оқуы  үшін  жауапты  болуға  үйренеді.  Оқушылар  өзіндік  көзқарасы  мен  пайымдауын 

қалыптастырып,  дамытуға,  мұқият  зерделеуге  және  өз  ойын  сенімді  айта  білуге 

дағдыланады.  Мысалы,  олар  дәлелдерді  талдау  мен  бағамдауды  және  ойлау  дағдылары 

туралы ойлануды  үйренеді.  Сонымен  қатар,  пәнаралық  байланыс  орнату  арқылы  олар 

ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады. 

Оқыту  үдерісінде  белгілі  бір  нақты  пәнді  зерттеу  маңызды  болғанымен,  пәнаралық 

жұмыстарды  жүргізу  пәнді  анағұрлым  сапалы  меңгеруге  оң  ықпалын  тигізеді.  Кэрридің 

(Kerry, 2007) пайымдауынша пәнаралық байланыс тәсілі білімді өзара байланысты құбылыс 

деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың 

сындарлы  тәсілімен  тығыз  байланысты,  себебі  оқушылар  бірлесіп  жұмыс  істей  отырып, 

пәндердің арасындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар 

бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің 

негізінде  басқа  пәнді  оқуды  жақсарта  алады.  Пәндер  бойынша  білімді  ықпалдастыру 

оқушылар  үшін  оқу  үдерісінің  өзара  байланыстылығы  мен  маңызын  арттыруға 

бағытталған. Негізгі орта және және жоғары сынып оқушылары физиканы басқа пәндермен 

байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімді 

модельдеуіне мүмкіндік береді. 

Физика  сабақтарында  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  оқушылардың  пәндерге 

қызығушылығын  арттыруға  және  білім  сапасын  көтеруге,  оқушылардың  ғылыми  ойлау 

деңгейін  дамытуға,  оқу  пәндеріне  біртұтас  жүйелі  көзқарас  қалыптастыруға,  оқушыларды 

шығармашылығын  дамытуға  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  тартылуына  мүмкіндік 

береді. Пәнаралық байланыс сабақта тақырып бойынша басқа пәндерден білімін пайдалану, 

кешенді эксперименттік жұмыс орындау, кешенді  экскурсиялық сабақ өткізу және көлемді 

оқу материалын жалпылама қорыту барысында жүзеге асады. 

Физика  математикамен  тығыз  байланысты  пән  болғандықтан,  физикалық  есептерді 

шығаруда  эксперименттік  және  теориялық  зерттеулердің  нәтижесінде  алынған  физикалық 

шамалардың тәуелділіктерін анықтауда математикалық тәсілдер мен құралдар қолданылады. 

Физика  сабақтарының  тақырыптары  оқушылардың  математикалық  білім  деңгейін  ескеру 

арқылы математика пәнімен сабақтастықта құрастырылған.  

Физика және химия пәндерінің зерттеу нысындары бір-біріне жақын; қарастырылатын 

ортақ  ұғымдар:  атом,  электрон,  молекула,  электролиттік  диссоциация,  масса,  заттың 

мөлшері, т.б. 

Биология бойынша білімдер оқушының физикалық заңдардың әсері туралы білімдерін 

тереңдетіп,  табиғаттың  біртұтастығын  түсінуге  ықпал  етеді.  Физика  мен  биологияның 

байланысы келесі тұрғыда көрініс табады: 

- Тірі  организмдердегі  физика.  Физика  сабақтарында  биологиялық  процестер 

барысындағы физикалық процестердің маңызын көрсететін жаттығулар қарастырылады. 

- Бионика.  Физика  сабақтарында  физикаға  негізделген  заманауи  техникалық 

құрылғыларда тірі организмдерге тән көптеген қағидаттар қолданатыны туралы мысалдар 

қарастырылады. 

- Экология.  Адамзаттың  өндірістік  әрекетінің  әсерінен  табиғатта  болып  жатқан 


34 

құбылыстарға  физика  заңдарының  қатысы  бар.  Табиғатты  қорғау  үшін  физика  заңдарын 

білу физика сабағында пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді.   

Оқушыларды уәждеу 

Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі уәж деп бөлінеді. Алайда, 

оларды  қатаң  түрде  екіге  бөліп  талдағаннан  гөрі,  ажыратуға  келмейтін  біртұтас  ретінде 

қарастырған орынды болады (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін 

факторларға  негізделген)  арттыруға  арналған  тәсілдер  Б.Ф.  Скиннер  (1953)  ұсынған 

бихевиористік  қағидаттарға  негізделеді.  Сөз  болып  отырған  тәсілдер  жағымды  мінез-

құлықты  нығайтып,  кері  тәртіпті  шектеуді  қамтамасыз  ету  мақсатында  кері  байланысты 

(соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді (Walford, 2003). 

Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен 

туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды, 

ізгілікті табыс деп есептеледі (Hunt, 1969/1971 cited Walford, 2003). Оқушылар оқудан рахат 

алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін 

ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады. 

Бұл  ретте  оқытудағы  негізгі  мәселе  мұғалімдер  оқушылардың  уәжін,  атап  айтқанда, 

ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін 

мойындап,  оны  мадақтау  арқылы  сыртқы  уәжді  қолданады,  айталық,  бастауыш  сынып 

мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай 

алады,  ал  оқушы  жұмысты  толық  орындамаса,  тіпті  ол  жұмысты  жақсартқанның  өзінде, 

мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді 

қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал. Мәселен, Деки (1971) оқушыларға басқатырғышты 

шешуге өте қызықты жаттығу беріп, алдын ала кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін 

сый  алатынын  айтады.  Эксперимент  өткізуші  экспериментке  қатысушыларға  бұл 

тапсырманы  әрі  қарай  орындамай,  пазл  және  өзге  де  кедергі  келтіріп,  көңілді  бөлетін 

нәрселер (соның ішінде журналдар) жатқан бөлмеде қалатындықтарын жеткізеді. Осындай 

еркіндік берілген кезде сырттан марапат алатындарын білетін қатысушылар тапсырманы 

орындауға  аз  ғана  уақыт  бөлуді  ұйғарып,  ал  марапат  туралы  білмегендер  жұмыстарын 

жалғастыра  берген.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  сыртқы  уәждеуші  фактордың  болуы 

оқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті. 

Осы  бір  негізгі  жаңалық  басқа  да  бірқатар  зерттеулерде  дәлелденді    (Ryan  and  Deci, 

2000).  Білім  беру  саласы  үшін  мұның  айтарлықтай  маңызы  бар.  Танымдық  бағамдау 

теориясына  сәйкес  (Ryan  and  Deci,  1985),  жеке  тұлға  өзінің  мүмкіндігінің  жетпейтінін 

немесе дербестігі шектеулі екенін білген жағдайда, сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады. 

Айта кетерлік жайт, керісінше болған жағдайда, нәтиже мұндай болмайды. Мысалы, өзінің 

құзыреттілігі  жететінін  сезетін  оқушы  ішкі  уәжі  мол  екенін  көрсете  бермейді  (Ryan  and 

Deci, 2000). 

Ішкі уәжді өсіретін немесе өшіретін бұл факторлардың сәйкессіздігі факторлар туралы 

зерттеулердің метаталдауы (Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E., 2001) барысында да 

анықталды. Айталық, орта мектеп оқушылары бұл факторлардың өздерінің уәжіне ықпалы 

бар  екеніне  сенеді.  Зерттеу  қорытындысы  бойынша,  оқушылардың  білімге  құштарлығы 

күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіпті өшіп қалады). 

Мұғалімдер  ең  бірінші  кезекте  оқушының  осы  туа  біткен  қызығушылығын  қолдап,  оны 

білім  алу  үдерісіне  тарту  арқылы  баланың  ішкі  уәжін  барынша  арттыруға  ұмтылулары 

керек.  Себебі  олар  ішкі  уәжін  жоғалтқан  болса,  оны  ояту  қиынға  соғады.  Мұғалімдер 

сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі уәжге кері әсер 

етуі мүмкін. Сондықтан 

-  оқушылар  сабақты  ойын  түрінде,  сан  алуан  нұсқаларда  және  белсенді  өтетін 

үдеріс деп санаған жағдайда; 

-  мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда; 

-  оқушылар  жаттығуларды  пайдалы  және  жағдайға  сай  келеді  деп  қабылдаған 

жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады. 



35 

Білім  алуды  жандандыратын  аспектілердің  бірі  оқушыларды  ынталандыру  болып 

табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. 

Әдетте  балалар  мектепте  жақсы  оқиды,  алайда  кейбіреулері  оқуға  деген  ішкі  уәжі  мен 

қызығушылығын  жоғалтып  жатады.  Негізінде,  оқушылар  оқу  қажет  болғаннан  емес,  өз 

еркімен  оқуға  ынталанып,  өздігінен  уәжделуі  тиіс.  Бұған  оқуды  мүмкіндігінше  белсенді, 



күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені, 

тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың 

белсене,  құлшына  өздері  істеуі  шарт.  Өзі  еңбектеніп,  өзі  бейнеттеніп  тапқан  білім  берік 

болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж.Аймауытұлы, 1929). 

Оқушылар  өздерінің  жаңа  білімдері  мен  дағдыларын  іс  жүзінде  өз  тәжірибесінде 

қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген 

өздерінің  күнделікті  тәжірибесімен  байланысты  болғанда,  олардың  оқуға  деген  ынтасы 

артады.  

«Физика»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасын  әзірлеуде  оқушылардың  өздерін 

қызықтыратын  мәселелер  бойынша  тақырыпты  зерттеуіне,  жұптық  және  топтық,  бүкіл 

сыныптық жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беру қарастырылған. Бұл оқушылардың оқуға 

деген  шынайы  қызығушылығын  туғызып,  ішкі  уәжін  арттыратын  ерекшелігі  болып 

табылады. 

Мұғалімдер оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық әдістерді 

қолдана алады: 

-  сабақты  белсенді  оқуға,  тілдік  дағдыларын  дамытуға  ықпал  ететін  және 

ынталандыратындай қызықты әрі тартымды етіп құру;  

-  оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері және тілек-ниеттерін ескеретін 

жас ерекшеліктеріне сай ресурстарды пайдалану; 

-  әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін пайдалану үшін сабақ мазмұнын өзгерте алу;  

-  оқушылар өздерінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерінің өзінің оған қанша күш 

жұмсағанына байланысты екенін түсіндіре алатындай болу үшін оқушыларды дербестікке 

ынталандыру; 

-  жағымды  кері  байланыс  ұсыну,  оқушылардың  өзіне  беретін  бағасын  көтеріп, 

олардың  алдағы  уақытта  нәтижені  жетілдіре  алатынына  сенім  ұялату  мақсатында 

жекелеген оқушыларға арнап оқуды жетілдіруге бағытталған арнайы мақсат қою; 

-  оқушыларды  жаңа  оқу  мен  оқыту  әдістерімен  эксперимент  жасауға  тарту  (бұл 

мұғалімдер  мен  оқушылар  арасындағы  өзара  байланысты  жақсартады,  нәтижелі  кері 

байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді). 

Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да 

бір  мадақтау  немесе  жазалау  ескерілмегеніне  мән  беріңіз.  Сабақ  барысында  мұғалімдер 

оқушыларды  ынталандыру  үшін  «жақсы»,  «жақсы  бала/оқушы»  деген  мақтауды 

қолданады,  бірақ  мұндай  мақтаулар  барлық  уақытта  оқушылардың  танымдық  ойлау 

деңгейінің жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын 

таңдағансың» деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға 

ұмтылуына  жақсы  ықпал  етеді.  Мұғалімдер  оқушының  оқу  керектігіне  байланысты 

«сыртқы»  уәж  түріндегі  мақтауларды  жиі  қолданады.  Оқушыларды  мұндай  жолмен 

ынталандыру тәсілдерін пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі 

уәжін  төмендетуі  мүмкін.  Атап  айтқанда,  жалаң  мадақтау,  жазалау  немесе  тиімсіз  кері 

байланыс  салдарынан  оқушыларда  төмендегідей  сезімдердің  туындауына  жол  берілмеуі 

тиіс 

-  тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;  



-  тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;  

-  тапсырманы  орындау  үшін  аз  ғана  әрекет  етіп,  шектеулі  күш-жігер  жұмсаса 

жеткілікті деп сезіну;  

-  өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну. 

Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы 


36 

мүмкін.  Шын  мәнінде,  мұғалім  оқушылардан  жоғары  нәтиже  күтіп,  олардың  өз  күшіне 

деген  сенімін  нығайту  үшін  мадақтауды  пайдаланғаны  дұрыс.  Оқушының  жұмысына 

құрметпен  қарай  отырып,  оның  ішкі  уәжін  арттыруға  ықпал  етуге  тырысыңыз  (мысалы, 

оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және 

т.б.). 


Оқушының  оқуға  құлықсыз  болуы  немесе  оқудағы  сәтсіздіктері  көп  жағдайда 

мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің 

жалғаса  беруі  оқуға  аса  қабілетті  балалардың  да  пәнге  деген  қызығушылығын  жоюы 

мүмкін.  Оқушылардың  пәнге  қызығушылығы  мен  ынтасын  қалыптастыратын  көптеген 

факторлар  бар:  оқушылардың  қызығушылығын  туғызатын  жаттығулар,  мұғалімнің 

ықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы 

мен  ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім 

алуға  шынайы  ынталандыратын  оқу  ортасын  қалыптастыру.  Оқушыларды  оқуға 

ынталандыратын  факторлардың  маңызын  түсініп,  тиімді  қолдана  білу  мұғалімнің  кәсіби 

қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі кестеде (4-кесте) мұғалім жұмысындағы 

оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет