Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Физика сабағында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата02.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
#49048
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
mugalim nusqaulyq (1)


Физика сабағында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту 

Оқушының  білім  алу  үдерісінде  оның  оқу  мақсатына  жету  үшін  өзіндік  реттелуі 

арқылы  ойлау  және  іс-әрекетін  жоспарлау  дағдыларын  дамытудың  маңызы  зор.  Физика 

сабағында теориялық мәтінді, графиктерді, кестелер мен сызбаларды және формаулаларды 

талдау  сияқты  оқу  материалдарын  талдаудың  барлық  түрлеріне  ерекше  көңіл  бөлінеді. 

Оқушылар  физикалық  заңдарды  тұжырымдауға,  болжамдар  ұсынуға  және  тексеруге, 

физикалық есептерді шешу жолдарын анықтауа, физикалық шамалар мен құбылыстардың 

сипаттауға,  физикалық  ұғымдарға  өз  бетінше  анықтамалар  беруге  үйренеді.  Мұның 

барлығы  оқушының  өз  бетінше  білім  алуына,  оқу  ақпаратын  кез  келген  түрінде  және 

әртүрлі  өмірлік  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуіне  мүмкіндік  береді.  Информатикада 

ақпаратпен  жұмысты  ақпаратты  құрастыру,  ізеу,  өңдеу,  сақтау  және  таратумен 

байланыстырады.  Мұғалім  әрдайым  оқу  ақпаратын  оқушылардың  түйсініп  қабылдауына 

көңіл  бөледі.  Физика  сабағында  оқушылар  түрлі  жағдайда  ақпаратты  қабылдау,  өңдеу, 

пайдалану,  жіберу  (тарату)  және  сақтау  үдерісіне  қатысады.  Физика  сабағында 

оқушылардың  ақпаратпен  жұмыс  істеу  дағдыларын  дамытудың  маңызы  зор,  себебі 

ақпаратты  түсініп,  түрлендіру  барысында  оқушылар  оқу  материалын  терең  ұғынады. 

Оқушылардың жеке немесе топтық талқылау арқылы ақпаратты өңдеуі олардың танымдық 

қажеттілігін  қанағаттандыратын  білім  алуына,  танымдық  үдерісін  және  пәндік  білік, 

дағдыларын  дамытуына  мүмкіндік  береді.  Оқушы  сыни  ойлау  арқылы  оқу  материалын 

түрлендіріп, жаңа түрге келтіру арқылы ақпаратты бойына сіңіреді, түсінігі дамиды. 

Оқу  материалдарын  (ақпаратты)  ондағы  берілетін  білім  мазмұны  бойынша  шартты 

түрде  бірнеше ақпараттық бөліктерге жіктеуге болады: 

-  Ауызша хабарлама, мәтін (анықтамалар, тұжырымдамалар); 

-  Кестелер; 

-  Формулалар, графиктер, сызбалар, суреттер; 

-  Бейнеүзінділер; 

-  Физикалық тәжірибелер мен көрсетілімдер; 

-  Физикалық  анимациялар,  ақпараттық  технология  құралдары  арқылы  моделі 

жасалған физикалық үдерістер, құбылыстар 

Физика пәні бойынша сабақты өткізу әдістемесі оқу материалы түріндегі ақпаратпен 

жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін таңдаумен байланысты. Сондай-ақ, сабақты жоспарлауда 

оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу материалының мазмұндық ерекшеліктерін ескеру 

керек. 

Физика сабағында ақпаратпен жұмыс істеу кезінде дамитын келесі білік, дағдыларды 



атауға болады: 

-  Ақпаратты ауызша және жазбаша түрде көрсету, түрлендіру, жаңа ақпарат ұсыну; 

-  Ақпаратты талдауда логикалық біртұтастығын сақтау; 

-  Жаңадан  ұсынылған  ақараттың  нақтылығын  және  ілгеріден  белгілі  ақпараттың 

ақиқаттығын көрсету  үшін дәлелдер келтіре білу;  


24 

-  Каталогтар, библиографиялық баспалар, ақпаратты жүйелеудің электронды 

құралдарын пайдаланып ақпарат іздеу және табу;  

-  Ақпарат көздерімен жұмыс істегенде нақты мақсат қою; 

-  Мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдау, анықтамалардағы түйінді сөздерді анықтай 

білу,  


-  Ақпаратты басқаша ықшамды түрде көрсету білу (мысалы, жоспар, алгоритм

кесте, логикалық сызба, тезис, түйіндеме, қысқартылған жазбалар, реферат 

түрлерінде) 

-  Ақпаратты толықтыра көрсете білу (мысалы, формулаларды, теңдеулерді оқу 

арқылы); 

-  Визиуалды ақпаратты сөзбен сипаттау немесе сөзбен берілген ақпаратты 

графиктік, символдық т.б. түрде түрлендіріп көрсете білу. 

Мәтінмен  жұмыс  істеу.  Физика  сабағында  мәтінмен  жұмысты  екі  түрге  жіктеуге 

болады:  толық  мәтінмен  немесе  оның  бір  бөліктерімен  жалпы  жұмыс  және  заңдарды 

анықтау  немесе  тұжырымдау.  Екі  жағдайда  да  мәтін  арқылы  берілген  оқу  ақпаратты 

кеңейтіп  талдау  және  ықшамдау  арқылы  түрлендіріп,  оқушылардың  оқу  материалын 

қабылдауына 

мүмкіндік 

қарастырылады. 

Мәтінмен 

жұмыс 

оның 


мазмұнын 

тұжырымдайтын  өңделген  ақпарат  беру  түрінде  болуы  мүмкін;  оқушылар  оны  ауызша 

немесе  жазбаша  орындауына  болады.  Сонымен  қатар,  мәтінмен  жұмыста  оқушыларға 

алдын  ала  дайындалған  сұрақтарға  жауап  берулерін  ұйымдастыруға  болады.  Кейбір 

сұрақтарға  мәтінде  дайын  жауап  берілмеген  болуы  да  мүмкін.  Бұл  жағдайда  оқушылар 

сұрақтарға  жауап  беретін  бөліктерді  белгілеу  арқылы  мәтінді  талдап,  табылмаған 

сұрақтардың жауабын жоғары деңгейде ойлау дағдысын дамыта отырып өздері ұсынады. 

Физикалық мәтіннен негізгі ойды белгілеуді жалпы жағдайда төмендегідей қадамдар 

арқылы қарастыруға болады. 

Физикалық құбылыс 

-  Құбылыстың белгілері; 

-  Құбылысты бақылау жағдайы, шарттары; 

-  Құбылыстың мәні, оның заманауи тұрғыдағы түсініктемесі; 

-  Осы құбылыстың басқа физикалық құбылыстармен байланысы; 

-  Құбылысты практикада қолдану. 



Физикалық шама 

-  Берілген шама қандай дененің немесе құбылыстың қасиеттерін сипаттайды? 

-  Шаманы анықтау; 

-  Берілген шаманың басқа шамалармен байланысын анықтайтын формула; 

-  Өлшем бірліктері; 

-  Шаманы өлшеу тәсілдері. 



Физикалық заң 

-  Заң қандай шамалардың немесе құбылыстардың байланысын көрсетеді? 

-  Заңды тұжырымдау; 

-  Заңның математикалық жолмен өрнектелуі; 

-  Заңды дәлелдейтін тәжірибелер

-  Заңның заманауи тұрғыдағы түсініктемесі; 

-  Заңды тәжірибеде қолдану мысалдары. 

Физикада белгілі бір тақырып бойынша жаңа материалды бекіту үшін есептің шығару 

жолы  беріледі,  бұл  да  мәтін  түріндегі  оқу  материалы  болып  табылады.  Дайын  күйінде 

берілген  осындай  ақпаратты  (есептің  шартын,  шығару  жолын)  талдау  арқылы оқушылар 

тақырыпты түсінеді: Не белгілі? Нені табу керек? Есеп не туралы? Мұнда оқушылардың 

талдау, салыстыру, жинақтау, жалпылау сияқты логикалық ойлау дағдылары дамиды. 

Есепті талдау: 

-  Есептің не туралы екенін анықтау; 



25 

-  Есеп  шартының  физикалық  мағынасын  ашу,  яғни  есепте  қандай  физикалық 

құбылыс сипатталғанын анықтау; 

-  Есепке қатысты  сызба немесе суретті түсіндіру және салу; 

-  Есепті шығару жолын баяндау: есепте қандай физикалық заңдар мен теңдеулер 

бар;  


-  Есепті шығару барысында қандай теңдеулер немесе теңдеулер жүйесі алынған, 

т.б. 


Физикалық  құбылыстырды,  ұғымдарды,  заңдарды,  физикалық  шамаларды 

салыстыруға  болады.  Мәтін  түріндегі  материалдарды  түсіну  үшін  графиктік  құралдар 

көмегімен салыстыру арқылы талдау ұйымдастыруға болады.  

Кестелермен  жұмыс.  Физика  сабағында  оқу  материалын  кестемен  беру  өте  жиі 

кездеседі.  Кестедегі  ақпаратты  талдау  арқылы  оның  мазмұнын  оқушыларға  ашып 

түсіндіруге  болады:  Кесте  қалай  аталады?  Кестеде  не  көрсетілген?  Кестедегі  деректер 

қандай өлшем бірліктермен берілген? Кестеде қандай заңдылықтар байқалады? Байқалған 

заңдылықтарды қалай түсіндіруге болады? Кестедегі мәліметтердің практикалық маңызы 

қандай? 


Бұл  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  оқушылардың  танымдық  ойлау  дағдылары 

дамиды. 


Формулалармен жұмыс. Физикалық формулаларда оқу материалына байланысты мол 

ақпарат шоғырланған. Формулалармен берілген ақпаратпен жұмыс істегенде оқушылардың 

тілдік дағдылары дамиды.  

-  Формуланы талдау:  

-  Формула қалай аталады?  

-  Формула қандай физикалық шамаларды байланыстырады?  

-  Математикалық тәуелділіктің түрі қандай?  

-  Берілген заңдылықтың физикалық мағынасы қандай?  

-  Тұрақты коэффициенттердің физикалық мағынасы қандай?  

-  Қандай формуланы қорытып шығаруға болады?  

-  Алынған формуланың физикалық мағынасы бар ма?  

-  Формуланы қайда қолдануға болады? 



Графиктермен  жұмыс.  График  арқылы  берілген  есептер  физика  сабағында 

оқушылардың жоғары деңгейде ойлау дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) дамытуды 

көздейді.  Графикті  «оқу»  берілген  графиктік  тәуелділіктен  физикалық  үдеріске  қатысты 

толық ақпарат алуды білдіреді. Оқушылар қарапайым амалдармен қатар: 

-  Графиктің ерекше нүктелерінің физикалық мағынасын түсіндіруді; 

-  Графикте берілген тәуелділіктерді салыстыруды және олардың ұқсастығы мен 

айырмашылығының физикалық мағынасын түсіндіруді; 

-  Тәуелділіктің  математикалық  түсіндірмесін  жасауды  және  график  бойынша 

тұрақты коэффициенттерді есептеп шығаруды; 

-  Графикпен анықталған ауданның физикалық мағынасын түсіндіруді үйренеді. 

Графикті талдау: 

-  Графикте қандай физикалық тәуелділік берілген? 

-  Координата өстерінде қандай физикалық шамалар көрсетілген және олардың 

өлшем бірліктері қандай? 

-  Тәуелділік графигі нені білдіреді? 

-  Графиктің ерекше нүктелері бар ма? Олардың физикалық мағынасы қандай? 

-  График қандай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді? 

Сызбалар,  суреттермен  жұмыс.  Сызбалар  және  суреттер  арқылы  берілген  оқу 

материалдарын  меңгеру  үшін  оларды  жеке  бөліктерге  жіктеп  және  өзара  байланысын 

анықтап,  қайта  құрастыру  арқылы  проблемалық  жағдай  туындату  тәсілін  қолдануға 

болады: 


26 

-  Суретте  не  көрсетілген?  (физикалық  денелер,  бөлшектер,  құралдар,  механизмдер, 

график элементтері, т.б.) 

-  Аталған нысандардың атқаратын қызметтері қандай? 

-  Нысандардың өзара байланысы қандай? 

-  Нысандардың қандай қасиеттері өзгереді және неліктен? 

-  Олардың өзгеруі басқа нысандарға қалай әсер етеді? 

-  Сурет (сызба) қандай құбылысты, заңды сипаттайды? 

Сыныпта  бейнеүзінді  немесе  мультимедиалық  құралдардың  көмегімен 

дайындалған  физикалық  эксперименттер  арқылы  физикалық  көрсету  оқушыларға 

көлемді оқу материалдарын көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда оқушылар 

эксперименттің  мазмұнын  түсініп,  нәтижені  талдау  және  қорытынды  жасай  білуі 

маңызды болып табылады. 

Физикалық  экспериментті  бақылау  және  сипаттау  жоспары  төмендегі 

қадамдардан тұруы мүмкін: 

-  Тәжірибе қандай физикалық құбылысты, үдерісті көрсететінін анықтау; 

-  Құрылғының негізгі элементтерін атау; 

-  Түсіндірме сызбаларын салу; 

-  Эксперименттің барысын және нәтижелерін сипаттау; 

-  Құрылғыда нені өзгертуге болатынын және ол нәтижеге қалай әсер ететінін 

болжамдау; 

-  Қорытындылар жасау. 



Электронды  құралдармен  жұмыс.  Компьютерлік  технологияларды  қолдану 

сабақтары  физикалық  үдерістерді  зерделеуге  жоғары  көрнекілік  берумен  қатар 

электрондық  құралдардың  көмегімен  оқушылардың  танымдық  ойлау  дағдыларын 

дамытуды  көздейді.  Физикалық  экспериментті  модельдеу  бағдарламалары  (виртуалды 

лабораториялар)  күрделі  физикалық  эксперименттерді  графиктік  тұрғыда  сипаттап, 

модельденген  жүйенің  параметрлерін  қалауынша  өзгертіп  тәжірибе  жасауға  және 

нәтижелерге қатысты болжамдар жасап, тексеріп көруге мүмкіндік береді. 

Белсенді оқу 

Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында 

өзгеріс туғызуға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі 

соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге 

мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат 

«жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол 

сәтте  оқудың  нәтижелілігі  айтарлықтай  төмендеп  кететіні  туралы  біздің  хабардар 

екенімізді  мәлімдейді.  Ал  белсенді  оқу,  керісінше,  оқушылардың  белсенді  қызметпен 

айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, 

оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып 

жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы 

жүзеге  асатынын,  демек,  оқушылар  тек  тыңдаумен  айналыспай,  білім  алуда  белсенді 

әрекет  етуі  керек  екендігін  көрсетеді.  Қызметтің  мұндай  түрлері  оқушылардан  өздері 

тапқан  ақпаратты  талдау  және  түсіндіру  үшін  зерттеу  және  жоспарлау  дағдыларын 

қолдануды талап етеді, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді 

бақылауды және талдауды қажет етеді.  

Сабақ  барысында  «баланың  өзін  еңбектендіріп,  бірлестіріп,  өз  бетімен  білім 

тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, 

зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» (Ж. Аймауытұлы, 1929), 

оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс. 

Белсенді  оқу  оқушының  мұғалімді  енжар  тыңдап  қана  қоймай,  белсенді  жұмысқа 

тартылуын  көздейтін  оқыту  және  оқу  әдістерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл тәсілдер оқу 

үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс 


27 

екендігін  түсіндіреді.  Сыныпта  қолданылатын  мұндай  тәсілдерге  топтық  жұмыстар 

(Brodie,  2000),  ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы 

ойын түрлері кіреді  (Peters, 1998). Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын 

«баламалары»  шынайы  өмірдің  белгілі  бір  аспектілерін  модельдеу  және  зерттеу  үшін 

ұсынылған  мүмкіндік  болып  табылады.   

Сабақта  белсенді  оқу  әдістерін  қолдану  оқушының  өзіндік  рефлексия  жасау 

дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу 

үдерісінің  белсенді  мүшесі  болуына,  құрдастармен  қарым-қатынасының  дамуына, 

танымдық  белсенділігінің  артуына  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  мұғалімнің  сабағын 

қызықты  ұйымдастыруына,  оқушыларының  танымдық  әрекетін  күшейтіп,  өзінің  кәсіби 

шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді. 



Белсенді оқудағы физика мұғалімінің рөлі 

«Физика»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасының  мақсаты  оқушылардың  өз  бетінше 

жұмыс  істеуге  сенімін  арттырып,  еркін  ойлауға  үйрету  болып  табылатындығына 

қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол 

бермеуі  аса  маңызды.  Оқушылар  жеке-дара  жұмыс  істегеннен  гөрі,  мұғалім  қолдау 

көрсететін  белсенді сабақта  анағұрлым  жақсы  үйренеді.  Мысалы,  оқушыларды  зерттеу 

сұрағын  анықтау  және  тапсырма  таңдау  үдерісіне  қатыстыру  олардың  оқу  үдерісіндегі 

белсенділік  дәрежесін  арттырады,  себебі  белгілі  бір  деңгейде  зерттеу  бағытын  олар 

өздері бақылайды (Cavagnetto,  Hand  &  Norton-Meier,  2011).  Негізгі орта және жалпы орта 

білім  беруде  зерттеу  сұрағын  талқылау  үдерісі  мұғалімнің  көмегімен  де,  өз  бетінше  де 

жүргізілуі тиіс.  

Оқушылар  алға  ілгерілеген  сайын,  оларға  мұғалім  тарапынан  аса  қамқорлықпен 

қолдау көрсету қажет болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту 

әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін 

оны  біртіндеп  азайтып  отыруы  керек.  Сырттан  көрсетілетін  қолдау  тоқтағанда  ғана, 

оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін 

дағдыларды  ғана  қолдануға  рұқсат  етілсе,  олар  ештеңені  үйренбейді  деуге  болады.  Рата 

(Rata,  2012)  өзін  тек  «үйлестіруші»  ретінде  ұстайтын  мұғалім  «мұғалім»  деп  аталуға 

лайықты емес деп тұжырымдайды.  

Хэтти (Hattie, 2009) педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізіп, мұғалімдер 

«үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырған. 

Ол қолданған тәсілдерде 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімін 

және  1  –  ілгерілеудің  екі-үш  жылын  білдіреді.  Мұғалім  тек  үйлестіруші  рөлін  атқарған 

тәсілдердің орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім ынталандырушы болған 

(мәселен, кері байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту 

тәсілдерінің орташа әсер мөлшері 0,60 болған. 

Мұғалімдердің  кері  байланыс  көмегімен  және  модельдеу,  көрсету,  сұрақ  қою, 

бақылау,  танымдық  ойын  түрлерін  қолдану  арқылы  оқушылардың  оқу  жетістіктерінің 

ілгерілеуіне  үнемі  қолдау  көрсетуі  керек.  Оқушылардың  пән  бойынша  терең  білім  алуы 

мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған 

дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының 

жеке  дағдысы  мен  қабілеттеріне байланысты  әртүрлі  болады.  Сол  себепті мұғалімдер  әр 

оқушы  үшін  оқу  үдерісінің  келесі  қадамдарын  анықтап,  әрі  қарай  ілгерілеуіне  септігін 

тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың 

келесі  қадамдарын  анықтау  үшін  ақпаратты  пайдалану  тәсілі  метаталдаудың  көмегімен 

білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде 

халықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998). 

Белсенді оқу барысында мұғалімдер: 

-  барлық  оқушылардың  оқу  үдерісіне  қатысуын  қамтамасыз  ететін  жағымды  оқу 

ортасын қалыптастыруға; 



28 

-  сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,  

рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге; 

-  оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-

тәсілдерлі  қолдануға; 

-  алға қойылған оқу мақсатына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді 

өткізу  үшін  материалдарды,  ресурстарды  және  қосымша  құралдарды  пайдалана  отырып, 

бүкіл  сынып  қатысатын,  топтық  немесе  жұптық  жұмыс  түрлерін,  жеке  жұмыс  істеуін 

ұйымдастыруға және уақытты басқаруға

-  оқушыларды  мадақтап,  оқуға  еліктіре,  қызықтыра  отырып,  ұғымдарды 

түсіндіруде,  мағынасын  ашуда,  нұсқаулық  беруде  түсінікті  де  анық,  қарапайым  тілді 

пайдалануға; 

-  оқушыларды оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс. 

Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта 

қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың 

өзіне  беретін  бағасын  көтеріп,  өзі  туралы  пікірін  жақсарту  арқылы  табыстылық  сезімін 

ұялату  үшін  оқушылармен  түрлі  жаттығу  өткізуге  болады.  Ойын  түрінде  өткізілетін 

жаттығулар  оқушылардың  өзара  араласуына  және  мұғалім  мен  оқушылар  арасындағы 

тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады. 

 

Зерттеуге негізделген оқу 

«Физика»  пәні  бойынша  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  шеңберінде  зерттеуге 

негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын қуатты педагогикалық құрал болып 

табылады.  Сондай-ақ  ол  оқушылар  дәлелдерді  бірлесіп  талқылап,  оларды  құрып  және 

талдайтын тиімді орта болып табылады (Katchevich et al, 2013). 

Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы пән бойынша негізгі орта және жалпы орта 

білім берудің оқу бағдарламалары әртүрлі тақырыптық бірліктерді құруды және іске асыруды 

көздейді.  Оларды  зерделеуде  зерттеуге  негізделген  оқу  тәрізді  педагогикалық  тәсілдер 

қолданылмаған жағдайда, оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмау мүмкін. 

Зерттеуге  негізделген  оқу  сындарлы  оқу  теориясына  сүйенеді.  Оқушыларға 

бағдарланған  осындай  тәсілді  қолдану  барысында  оқушылар  өздеріне  сұрақ  қояды, 

үйлестіруші, қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай 

ғана  ұсынбай,  тиісті  сценарий  әзірлеу  арқылы  мәселелерді  зерделейді.  Оқушылар 

тақырыптарды  зерттеу үшін  ресурстарды  пайдаланып,  өз  қорытындыларын  жасайды. 

Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі 

дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі.  

Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл 

сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады: 

  Құрылымдалған  зерттеу.  Мұғалім  оқушылар  ұстанатын  шешімдер  мен 

тәсілдерді  егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің 

(немесе басқа біреудің)  тапқан  жаңалықтарының  негізінде  мәселеге  түсініктеме  береді, 

талқылайды  және  қорытынды жасайды деп күтіледі. 

  Мұғалімнің  жетекшілігімен  жүретін  зерттеу.  Мұғалім  оқушылар  ұстанатын 

белгілі  бір  құрылым  ұсынады  (мысалы,  сұрақтар  тізімінен  зерттейтін  мәселені  таңдау). 

Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады. 

  Ашық  зерттеу.  Оқушылар  зерттеу  сұрағын  және  бұл  сұраққа  жауап  берудің 

тәсілін өздері таңдайды. 

Құрылымдалған  зерттеу  негізінен  мұғалімнің  қолдау  көрсетуімен  жүргізіледі. 

Сондықтан  бұл  тәсілді  жаңа  дағды  немесе  тұжырым  таныстырылатын  сабақтарда 

қолданған  орынды  болады.  Оқушылар  өсіп,  тәжірибесі  толыға  бастағанда,  мұғалім 

жетекшілігімен жүретін зерттеуді пайдалануға болады. Негізгі мақсат – анағұрлым жоғары 

деңгейлі  ойлау  дағдыларын  дамытуды  көздейтін  ашық  зерттеуді  табысты  орындау 

(Krystyniak and Heikkinen, 2007).  



29 

Оқушылар түсінікті қалыптастыру арқылы өздерінің қол жеткен деңгейінен Жақын 

арадағы даму аймағына өте алады (ЖАДА, Vygotsky, 1978). Оқушы өзінің Жақын арадағы 

даму аймағында әрекет еткен кезде, оған «дамытушы оқыту» деп аталатын қолдау қажет. 

Мұндай  дамытушы  оқуды  жұмыс  жоспары,  оқулықтар  және  т.б.  көмегімен  мұғалімдер, 

құрдастары жүргізе алады. Оқушының жеке әрекетіне қарағанда сабақта «көпіршелердің» 

көмегімен оқу мақсаттарына барынша толық қол жеткізу мүмкіндігі бар.  

Оқушы жетістіктерге жете бастағанда, оған әрі қарай қолдаудың қажеті болмайды 

және  соңында  ол  дербес  жұмыс  жасай  алады.  Оқытуға  қолдау  көрсету  мақсатында 

мұғалімдер  дамытушы  оқытудың  қажетті  деңгейін  ұсынуы  керек,  уақыт  өте  келе  оның 

деңгейі  азаяды  (немесе  тоқтайды).  Сырттан  көрсетілетін  қолдау  тоқтатылған  кезде  ғана 

оқушы қажетті түсініктерді толық меңгерді деп айтуға болады.  

Құрылымдалған  зерттеу  барысында  дамытушы  оқу  жоғарғы  деңгейде  іске 

асырылады. Сол себепті бұл әдісті жаңа түсініктер мен дағдылар енгізілетін (мысалы, курс 

басында) сабақтарда қолданған орынды болып табылады. Оқушылар тәжірибе жинақтаған 

кезде,  мұғалімнің  жетекшілігімен  жүретін  зерттеуді  қолданған  орынды  болса,  курстың 

қорытындылаушы бөлімінде ашық зерттеу тәсілін қолданған тиімді  болады. 

Оқушылар  үшін  жобалау  жұмысының  көздеген  мақсаты  жоғары  деңгейлі  ойлау 

дағдыларын пайдалана отырып, қарапайым ашық зерттеу мәселесінің шешімін табу болып 

табылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007). Алайда, мұнда ашық зерттеулер ғана оқуға сай 

келетін жалғыз қолайлы педагогикалық тәсіл деп айтуға болмайды.   

Зерттеуге  негізделген  оқу  әдісін  түрлі  пәндерді,  оның  ішінде  физиканы  оқытуда 

қолданған тиімді болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, 

мұғалім  көмекші рөліне  ауысып,  басты  рөлге  оқушы шығады. 

Зерттеуге  негізделген  оқуды  сыныпта  қолданудың  көптеген  тәжірибелік  модельдері 

бар.  Мұғалімнің  жетекшілігімен  жүргізілетін  осындай  зерттеу  модельдерінің  бірі 

«Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» (Hamston & Murdoch, 1996) деп аталады. 

Модель  әртүрлі  жеті  зерттеу  кезеңін  қамтиды  (3-кесте).  Дегенмен,  зерттеу  барысында 

болжамдарға,  зерттеу  мазмұнына,  құндылықтар,  көзқарастар,  үдерістер  мен  дағдыларға 

күмән тудырылған жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет