Векторлық жылдамдықты және күштің физикалық мағынасын, оқылған Ньютон заңдарын түсіну қажет. Оқушылар mgh және ½mv2формулаларын пайдалана отырып, потенциалдық және кинетикалық энергияларды есептей білуі тиіс. Оқушылар үшбұрыштың ½ табаны × биіктік үшбұрыштың ауданын беретіндігін көрсететін математикалық формуланы білулері тиіс.
Контекст
Импульс қозғалысты немесе соқтығысуды қамтитын физиканың кез келген қолданысы үшін маңызды тұжырым болып табылады,. 12 сыныпта кванттық физиканы қарастыру кезінде оқушылар жарықтың өзінің импульсі бар болады деген идеямен танысатын болады. Импульс импульстың векторлық сипаты меңгерілгенде, сонымен бірге Ньютон заңы мен импульстың сақталу заңы арасындағы негізгі әсерлесулерді одан әрі 11 сыныпта қарастырылатын болады. Энергия және энергияның сақталу заңына байланысты түсініктер 9-сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын болады, алайда оқушылар оларды түсінуі тиіс, өйткені, ол ұғымдар фундаменталды болып табылады.
Осы бөлімдегі орындауға міндетті зертханалық жұмыстар:
Денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстың сақталу заңын оқып-үйрену.
Дененің кинетикалық энергиясының өзгеруімен серпімділік күші жұмысын салыстыру
Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау