Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары



бет31/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары

9.3А

9.2.4.1 - дененің тепе-теңдігін сипаттау кезінде күштің векторлық қосындысының графикалық берілуін пайдалану;

(W) Оқушылардан салыстырмалы тыныштықтағы денелерге мысал келтіруге және олардың тепе-теңдігінің себептерін түсіндіруді сұраңыз
(Gf) Мұғалім оқушыларды бірнеше топтарға бөле алады және объектілердің тепе-теңдігін көрсететін мысалдарды қарастыруды ұсынуға болады.
Оқушылар орындай алу керек:
Ерікті немесе таңдалған масштабта объектіге әсер ететін күштердің векторлық диаграммасын құру;
Әрбір күштің компоненттерін көрсететін x/y диаграммаларын жасау қажет;
Шамасын жағынан теңәрекетті күшке тең, бірақ 180°-қа қарама-қарсы бағыты бар тепе-теңдікке қажетті векторды көрсету;
x/y диаграммалардың әрбір бағаны үшін үшін Ньютонның екінші заңының теңдеуін жазу;
ізделінді шамаға қатысты теңдеулер жүйесін шешу.
Оқушылар шығарылған есептерді басқа топтарға көрсетеді.
(T,W) Мұғалім оқушылармен бірге жалпы қорытынды жасайды, қиындығы жоғары есептерді шығаруға болады.

Бірнеше күштің әсерінен статикалық тепе-теңдіктегі денелерге төрттен кем емес мысалды оқушылармен бірге қарау.
Қарастырған мысалдарда оқушыларды келесі қорытындыға келтіру: тыныштықта тұрған денеге әсер ететін күштер теңгерілген болса, онда объект статикалық тепе-теңдік жағдайында болады деп айтамыз. Бұл күштердің теңәрекеттісі (дәлірек айтсақ, олардың векторлық қосындысы) нольше тең.
Осыендай тапсырмаларды оқушыларға өзбетімен оқу үшін үйге тапсырма ретінде беруге болады.

Дененің тепе-теңдігін сипаттайтын күштердің графикалық берілуі:
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=3&filename=Dynamics_StaticEquilibrium.xml






9.2.4.2 - денеге салынған жұп күштің дененің айналу осі маңайында денені айналдыруға ұмтылатындығын түсіну;

(T) Мұғалімге оқушылардан объект бұрыла алатын мысалдар келтіруді сұрауға болады, мысалы: мысалы, машинаның рулінің дөңгелегі, әткеншек, таразы және т.б.
Содан кейін есікті мысалға ала отырып, объектінің тіреу нүктесі бар екендігін және барлық жағдайда объектіге айналу осі айналасында денені айналдыруға тырысатын қарама-қарсы бағытталған екі әртүрлі күш бар екендігін көрсету қажет.
Gf) Оқушыларға топтарда буынның бұрылуында бұлшықеттің ролі туралы презентация жасау туралы ұсыныс жасауға болады. Оқушылар кестені толтыра алады:



Бұлшықеттер

қозғалыс

Ішкі және сыртқы

Дененің айналуы

Иықты айналдырушы

Иықтың бұрылуы

трапециялы бұлшықетінің жоғарғы және төменгі талшықтары

Жауырынның жоғары қарай бұрылуы



Оқушыларға бұру кезінде автокөліктің руліне әсер ететін қос күш көрсетілген суретті қарауды ұсынуға болады.

Оқушыларды әрбір бұлшық ет (бекіту нүктесіне байланысты) буынды қозғалысқа келтіретін сыртқы күшке қарсы бағытта сүйектерді тарта алатындығы туралы қорытындыға келтіру қажет. Осылайша, бұлшық ет қозғалысты бақылау және бағалау ролін атқарады.



Презентация үшін мысал ретінде спорттағы қос күштердің әсерін пайдалану заңын қолдануға болады (мысалы, күресте).

Есептер шығару мысалдары:
http://www.st-ambrosecollege.org.uk/library/client/documents/Science/AS%20Physics_/G481%201.2.3%20EQUILIBRIUM.pdf
Видео: айналдырудың күштік эффектісі
https://yandex.kz/video/search?filmId=7733168074309918367&text=show%20an%20understanding%20that%20a%20couple%20is%20a%20pair%20of%20forces%20that%20tends%20to%20produce%20rotation%20only%3B
Техника мысалдары: қос күш.
http://www.gustrength.com/glossary:force-couple
Биомеханика
http://kk.convdocs.org/docs/index-290461.html



9.2.4.3 - күш моменті мен айналдырушы момент анықтамасын білу және оларды есептерді шығару кезінде пайдалану;

(Gf) Мұғалім оқушылар тобына күш моментінің анықтамасы, сонымен бірге ол қарапайым тепе-теңдікте қалай қолданылатындығын естерінде ме екендігін анықтау үшін тексеру сұрақтарын бере алады. Оқушыдан.есік топсасының (айналу осінің) жаңынан әр түрлі қашықтықта итерулерін сұрауға болады.
(G) Топтағы оқушылардан тіреу нүктесі айналасында айнала алатын механизмдерге мейлінше көбірек мысал келтіруді сұраңыз. Содан кейін, олар осы құрылғылардың кейбіреулері бойынша PowerPoint көмегі арқылы не болмаса көрнекі демонстарция арқылы презентация жасауды ұсыныңыз.
(E) метрлік сызғышты пайдаланып тіреу нүктесін әр түрлі қашықтыққа орналастырады (метрлік сызғыштың тіреу нүктесі 50 см белгіден алысырақ кез келген нүктеде орналасқан). Оқушылар динамометрдің көмегімен сызғышты горизонталь қалыпқа келтіреді және айналу өсінен әртүрлі қашықтықтарда Fd күш моментін анықтайды. Олар күш моменттерінің тұрақтылығына көз жеткізеді.
(E) Кейбір оқушылар метрлік сызғыштың екі шетіне бірнеше массаға ие жүктерді орналасқан тіреу нүктесі арқылы айналатын эксперимент жасай алады. Бұл біршама күрделі жүйелер үшін күш моменттерінің заңын тексереді.
(T) Мұғалім қос күштердің айналу осі шамамен күштер ортасында орналасатынын және Fd ретінде анықталатындығын көрсетуі тиіс.

Оқушылар тіреу нүктесі, айналу центрі, жүктеме, күш иіні терминдерін дұрыс пайдалана алулары қажет. Олар күштердің бағытын көрсету және моменттерді есептеу үшін күш диаграммаларын пайдалана білулері қажет. Айналуды төмен жоғары/төмен немесе солға/оңға қозғалыс ретінде сипаттауға қарағанда,күш моменттерін сағат тілінің бойымен және сағат тіліне қарсы бағытта сипаттаған пайдалы.
Бастапқы сатыда моменттер заңын «Тепе-теңдіктегі дене үшін, сағат тілі бойынша жалпы күш моменті сағат тіліне қарсы жалпы күш моментіне тең» ретінде сипаттау пайдалы шығар.
Оқушылар белгілі бір нүктеде күш моментін күш иіні мен сол иінге әсер ететін күштің көбейтіндісі ретінде анықтай алулары қажет. Иінге түсірілген күш тікбұрышпен бағытталған кезде тригонометрилық функция күш иінін анықтауға мүмкіндік береді.
Күш моменті және айналу моменті екеуі де бір шаманы сипаттау үшін пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар күш моментінің өлшем бірлігін білуі тиіс.
Оқушылар тек қана қос күштің моментін есептеу кезінде ғана емес, сонымен қатар күш моменті барлық нүктеде бірдей болатынын көрсету керек.

Тепе-теңдік және күш моменттер бойынша қарапайым тапсырмалар/бақылау жұмысы:
http://www.darvill.clara.net/worksheets/Moments.doc





9.2.4.4 - дененің тепе-теңдік шартын есептер шығаруда қолдану;

(T) Мұғалім айналу нүктесінде күшті есептеу дің қарапайым мысалын немесе айналу нүктесі болмайтын нүктеде күш моментін пайдаланып, немесе жоғары бағытталған жалпы күш төмен бағытталған жалпы күшке тең екендігі туралы идеяны пайдаланып мысал келтіре алады. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет