Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары



бет26/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары

9. 2В

9.2.2.4 -гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсіну және гравитациялық өрістің кернеулігін масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтау;
9.1.1.2 - SI негізгі өлшем бірліктерін пайдалана отырып, физикалық теңдеулерді тексере білу;

9.2.2.9 - ауырлық күшін дене массасына гравитациялық өрістің әсері ретінде түсіну;

9.2.2.7 - Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну;



(T) Мұғалім мынадай сұрақтар қоюы мүмкін:

  • Неліктен денелер құлайды?

  • Егер ғарышта ауа жоқ болса, онда гравитация бар ма?

  • Ауырлық күші, салмақ және дененің массасы арасындағы айырмашылық қандай?

  • Неліктен Сіздің салмағыңыз Айда аз болады?

  • Егер Айда сіздің салмағыңыз аз болса, онда Сіздің арық екеніңізді білдіре ме?

  • Барлық денелер бірдей еркін түсу үдеуіне ие ме? Видео көрсетуге болады немесе вакуумде құлайтын денелерді көрсететін демонстарция жасауға болады.

(T) Мұғалім гравитациялық өрістің кернеулігін анықтап, ол еркін түсу үдеуі g екендігін және олардың екеуінің де өлшем бірлігі бірдей болатындын көрсетеді.
(E) Оқушылар Жердегі гравитациялық өрістің кернеулігін анықтау үшін, деректерді пайдалана отырып, бірнеше дененің салмағы мен массасын анықтау үшін табақшасы бар таразыны және серіппелі таразыны пайдалана алады. Содан кейін, олар 1.7Н/кг тең гравитациялық өрістің кернеулігінің мәнін пайдалана отырып, Айда осы дененің салмағын анықтай алады.
(I f) Оқушылар спортшының биіктікке секіруі бойынша Жердің әр нүктесінде g мәнінің әр түрлілігіне байланысты спорт рекордының өзгерісін бағалай алуы мүмкін.

Мұғалім оқушыларға g (берілген жағдайда еркін түсу үдеуі) гравитациялық өрістің кернеулігі Жер қабатында бірдей мәнге ие екендігін еске сала отырып, шамамен 9.8 немесе 10Н/кг, бірақ әрқашан мәннің Жер шарының әр түрлі нүктесінде тең болмауы туралы түсінік енгізуі мұмкін.
Мұғалім центрге бағытталған радиалды өріс сызықтары түрінде Жер айналысындағы гравитациялық өрістің графикалық сызбасын сала алады.

Мұғалім 1 кг-ға сәйкес келетін күш гравитациялық өрістің кернеулігі екендігін және өрістің пайда болуы дененің (бұл жағдайда Жер) қасиеті екендігін білуі қажет.





Барлық денелер бірдей үдеумен құлайтындығын көрсететін видео:
http://www.youtube.com/watch?v=5C5_dOEyAfk&safe=active
немесе
http://www.youtube.com/watch?v=z_sJ15feNGw&safe=active
немесе
http://www.wfu.edu/physics/demolabs/demos/avimov/mechanics/person_trashcan_drop/trashcan-jump.MPG
немесе
http://www.youtube.com/watch?v=AYz_K3mwq6A&safe=active
немесе
https://www.youtube.com/watch?v=MTY1Kje0yLg





9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;

9.1.1.12 - y=kx+b түріндегі тәуелділіктерді талдай білу;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет