(G) оқушылар ресурстағы симмуляция мен жұмыс парағын пайдалана отырып, дененің ұшу қашықтығының бастапқы жылдамдыққа тәуелділігін сипаттайды.
(I f) Оқушылар тартылыс өрісіндегі қозғалысты қоса алғанда қарапайым сұрақтарға кинематикалық теңдеулерді пайдаланып жауап бере алады және координата остері бойымен қозғалыстың тәуелсіздік принципін пайдаланып, ұшу уақытын, ұшу қашықтығын және көтерілудің максимал биіктігін анықтау теңдеулерін шығара алады.
|
Осы тақырып қозғалыстың кинематикалық теңдеуін қайта пайдалануға мүмкіндігін береді. Оқушылар Жер бетіне жақын жерлерде вертикаль үдеу тұрақты болатынын және ауа кедергісін ескермеген кезде горизонталь үдеудің де тұрақты болатындығы түсіндіруі керек.
Оқушылар көкжиекке бұрыш жасай бастапқы жылдамдықпен лақтырылған дененің қозғалыс барысындағы жылдамдық векторының х және у осьтріндегі екі құраушыларын байланысты графигін сызып сипаттай алады. Оқушылар көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысына мысалдар келтіруі керек.
Кейбір оқушылар ауа кедергісінің қозғалыс траекториясына және жүрген арақашықтыққа әсерін сипаттай алады.
|
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылағна дененің қозғалысын модельдеу:
http://phet.colorado.edu/sims/projectile-motion/projectile-motion_en.html
Модельдеумен пайдаланылатын жұмыс парағы (тартылыс өрісіндегі қозғалыс):
http://phet.colorado.edu/files/activities/3193/Projectiles-student.doc
тартылыс өрісіндегі қозғалыс бойынша мысалдарымен жұмыс парағы:
http://tap.iop.org/mechanics/kinematics/207/file_46342.doc
|
|
9.2.2.11 - Жер серігінің қозғалысын сипаттау;
|
(T) Мұғалім гравитациялық өрісте қажетті жылдамдықпен қозғалған кезде дене Жердің орбитасына шығатынын көрсететін Ньютон зеңбірегін модельдеуді көрсетуі мүмкін.
(T) Мұғалім ғарышқа ұшу видеосын көрсете алады немесе оқушылардан ұшқышпен немесе ұшқышсыз ғарышты игерудің артықшылықтарын сұрайды.
|
|
Ньютон зеңбірегін модельдеу:
http://spaceplace.nasa.gov/how-orbits-work/
Ғарыш кемесінің ұшуын көрсететін видео:
http://spaceplace.nasa.gov/launch-windows/en/
|
|
9.2.2.12 - геостационарлы орбиталарды және геостационар спутниктердің пайдаланылу аясын түсіндіру;
|
(T) Мұғалім геостационарлық орбита бойымен айналған жерсерігі туралы видеоклипті көрсетеді және оқушылардан Жер полюсі арқылы өтетін жерсерікке қарағанда неліктен геостационарлық орбита бойымен айналған жерсеріктерінің артықшылықтарына талдау жасауын сұрайды.
(G) Оқушылар геостационарлы серіктің пайдаланылуын қарастыра алады және оларды ойлап табу және пайдалану туралы тарихи есеп үшін пайдаланған осындай серіктердің бейнесін көрсететін сыныпта демонстрацияны жасауы мүмкін және оларсыз біздің өміріміз қалай болар екендігін ойлайды.
|
Геостационарлы серік Жерді айналу бағытында Жер экваторының дәл бір нүктесінде орбита бойынша қозғалады. Ол бір күнде орбитаны айналып өтеді. Осындай спутник арқылы жұмыс істеуге реттелген Жердегі спутникті антенналар айналмауы тиіс.
Оқушылар неліктен геостационарлы серік Жердің бетінен бір ғана биіктікте болуы керектігін және неліктен геостационарлы серіктің Қазақстанның үстінде орналастырылуы мүмкін еместігін түсіндіре алады.
|
Геостационарлы серіктер бойынша видео:
немесе
http://www.youtube.com/watch?v=yxYzjHBKNcA
|