Биологиялық білім беру үдерісінде пәнаралық байланыста кіріктірілген сабақ тар



Дата26.08.2017
өлшемі80,54 Kb.
#28011
Биологиялық білім беру үдерісінде пәнаралық байланыста кіріктірілген сабақ тар
Назарова Г.А. – Қорқыт ата атындағы ҚМУ, аға оқытушы, п.ғ.к.
Интеграциялық сабақ пәнаралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін оқытушылар оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта білім алушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру білім алушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір оқытушы пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.

Пәнаралық интеграция түрлері төмендегі 5-суретте беріледі [55].




Пәнаралық интеграция түрлері


Өтілген пәнаралық интеграция

Белгілі оқу курсының материалын түсіндіру үшін студенттердің бұрын оқыған курстардан алған білімдеріне сүйенуге болады.



Ілеспелі пәнаралық интеграция

Оқу материалын өту кезінде қатар, болмаса бір мезгілде оқытылатын курс материалдарын пайдалануды айтады.



Тақырыптағы болмаса тараудағы ұғымдардың мәнін ашуда өзге курстардың таяудағы немесе келешектегі оқу материалына бейімдейтін, ойландыратын байланыс түрі.




Перспективалы (мақсатты) пәнаралық интеграция



Қарама-қарсы пәнаралық интеграция




Қатар оқытылатын екі курстың оқу материалдарын бір-біріне пайдалануды айтады.


Сурет 5. Пәнаралық интеграция түрлері
Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі:

-неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;


-кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын білім алушылардың ойлау әрекетін белсендіруге;

-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;

-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

-білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Кіріктірілген сабақтарды түрліше ұйымдастыруға болады:



  • пәнаралық сабақтар;

  • пәнішілік толықтырушы сабақтары

  • рөлдік ойындар.

Пәнішілік толықтырушы кіріктірілген сабақ түрлерін толығырақ қарастырамыз.

1. Биологиялық тақырыпқа қатысты пәндер (ботаника, зоология, анатомия, экология) мазмұндағы үзінді мәліметтерді кіріктірген пән бойынша дәстүрлі сабақтар:

Негізгі тақырыпты және бағдарламалық бөлім құрылымын өзгертпейтін, салыстырмалы түрде бұл көлемі онша үлкен емес материалдар, сабақ тақырыбын дәйекті оқу материалдарымен толықтыратын, көрнекі иллюстрациясы жеткілікті сабақ.



2.Бағдарламалық биологиялық-экологиялық проблемаға арналған сабақтар.

Бұларда тұтас тақырыптар мен жеке сабақтарда оқып білген, қалыптастырылған және жинақталған нақты экологиялық-биологиялық проблемалар бойынша дәйекті материалдар толықтырылады. Толықтырылу ережеге сәйкес, бұрын алған білімдері мен біліктіліктері пайдаланылатын тақырыптары кешенділікті бейнелейтін сабақтарда болады. Оқуға арналған экологиялық тақырыптар түрлі көлемді қамитды: клеткалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық, биоценоздық, биосфералық және т.б., бірақ бұл нұсқалардың кез келгені бағдарламалық материалмен байланысты болуы керек.



  1. Ботаникамен, зоологиямен, анатомиямен, генетикамен байланысты ушыққан экологиялық проблемаларды шешу бойынша шығармашылық сабақтар: бұл «дөңгелек стол», «миға шабул», пікір талас сабақтары. Мұндай сабақтардың нәтижесі ұсыныстар, мақала, презентация, жоба түрінде рәсімделеді.

Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Білім алушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл білім алушыларға:

• уақытты ұтымды жоспарлауға;

• инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;

• топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;

• топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;

• тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Талқылауды қолдануды не үшін ұлғайту керек?

Егер топта жайлы өзара әрекеттестік орнап, білім алушылар сабаққа тартылса, талқы жүргізіп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасаудың маңызы

зор болмақ. Бір мақсатқа жету үшін жүргізілген талқылау – бұл топтағы барлық жұмыстардың сәтті болуының негізі. Талқылау білім алушыларға өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етіп, білім алушылардың оған белсенді қатысуына көмектеседі.



Талқылау жүргізуге жағдай жасау.

Белсенді талқылау қызметінің түрлері әртүрлі болып келеді. Алайда бұл жұмыс түрлерін 1-суретте көрсетілгендей кеңінен жіктеуге болады. Ауыспалы тәсілді қолданған әлдеқайда ұтымды болып табылады.

«Миға шабуыл» әдісінің міндетті түрде орындалуы керек ережесі:


  • сөз сөйлеу уақыты бойынша қысқа (1–2 минуттан аспауы керек) және озық идеясының болуы;

  • ой мен әрекеті тиімді соңғы нәтижені алуға бағытталуы қажет;

  • әрбір ой-пікір зейін қойып тыңдалып, талдануы қажет, бір-бірінің пікірін және көзқарасын сыйлауы керек, бір бірінің пікірін мақұлдау немесе теріске шығару сыпайы түрде болуы керек.

4. Жоспар жасау бойынша практикалық сабақтар / биологиялық нысандарды зерттеу бағдарламалары.

5. Стөл үстінде ойнауға болатын биологиялық ойын. Мысалы, биологиялық лото. Мұнай сабақтың мазмұны биологияның әрбір саласы бойынша сөздік, сөзжұмбақ немесе лото түрінде терминологиялық тезуаристері оқытуды құрайды.

6. Рөлдік ойындар: телефонмен сөйлесу, сұхбат алу, пресс конференция, нақты биологиялық-экологиялық мәселе бойынша пікір талас және т.б. Бұл сабақтар берілген тақырыпқа, жағдайатқа байланысты еркін ой мен жүктелген іс әрекеттік рөлдерді меңгеру сабақтары

7. «Биологиялық жобалар жасау» типіндегі іскерлік ойындар. (География мен биология сабағының байланысында) Іскерлік ойын сабағы– бұл түрлі мәселелерді шешу үшін әртүрлі ақпараттар салынған конферттермен жүргізілетін өзіндік жұмыс. Оған мысал, «Қызылорда облысы территориясындағы денсаулыққа пайдалы өнімдерді өндіру және пайдалану жобасы»

Іскелік ойынның мақсаты Қызылорда облысының физикалық географиялық ерекшеліктері жөнінде, осы аймаққатағы адамдардың денсаулығы, аймақтағы тамақ өндірісі, жалпы тағамдар жөнінде берілген ақпараттарды пайдалана отырып, оның жеке адамдардың денсаулғы үшін пайдалы, біршама тиімді тамақ өндірісін дамыту түрін анықтау.



Ойын алаңы – ланшафтасының ерекшеліктері, топырағының типі мен түрі, жылы күндердің саны, өнеркәсіп түрлері және т.б. ерекшеліктері шартты белгілерінің жиынтығымен көрсетілген жеке аудандарға бөлініп берілген Қызылорда облысының картасы.

Ақпараттық көмек – Қызылорда облысының географиясы бойынша, ауылшаруашылық дақылдарының биологиясы, малшаруашылығының түрлі салаларының технологиясы, денсаулықты күту, дәрумендердің организмге тигізетін пайдасы бойынша қажетті оқу материалдары, карта және картасызбалары бар конферт.

Ойынға қатысушылардың әрекеті ұсынылған алгоритм бойынша конферттегі ақпаратпен жұмыс жасау;



Нәтиже – Қызылорда облысының территориясында ауылшаруашылық өндірістерін орналастырудың, денсаулыққа пайдалы тамақ өндірісін дамытудың картосхемасы.

Есеп беру – ауылшаруашылық салаларын, тамақ өнеркісібін орналастыру бойынша ұсынылған жобасының картосызбасы, негіздемесі және жобаны қорғау.

Биологияның жаратылыстану пәндерімен: физикамен, географиямен, химиямен біршама тығыз байланысы сабақат іске асырылады. Сонымен қатар тарихпен, әдебиетпен, көркем әдебиетпен, экономикамен және т.б. білім салаларымен де байлынысы зор.

Пәнаралық байланыстағы сабақтар мақсаты, міндеттері, мазмұны және құрылымы бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Олардың ішінде төмендегі түрлерін ерекше атап айтауға болады:

1. Білім алушыларды қызықтыратын басқа пәндермен байланысатын геогрфиялық-экологиялық тақырыптағы проблемалар туралы еркін ойлар сабағы, мысалы ландшафтардың алуантүрлілігі мен биоалуантүрліліктері (география – биология); шу (немесе радиоактивті) ластану көзі (география және физика); қоршаған ауаның ластануы (география – химия) және т.б.



2. Жергілікті биологиялық-экологиялық проблемалардың шешу жолы бойынша жобалар аукционы. Әрбір топ экологиялық тақырыптағы оқу жобаларын ұсынады. Нақты ұсыныстар: «Қалдықты қалай пайдаға айналдырамыз?»; «Облыс территориясын қалай көгалдандырамыз?» және т.б. Одан әрі үйірме мүшелерінен, оқытушылардан құралған әділ қазылар жобаны тыңдап, бағалайды.

3. «Қатысу» технологиясы бойынша кешенді пәнаралық мазмұндағы іскерлік ойындар. Қажетті ақпаратымен дайындалған пакеті бар жұмыс. Көп жағдайда оның нәтижесі жұмыс тобының мүшелерінің арасында рөлдері бөлінген топтық жобаларды дйындау болып табылады. Ереже бойынша, ең кем дегенде бірдей тапсырма орындауда бәсекелесетін үш төрт топ болуы керек.

4. Әлемнің түрлі елдеріндегі биоэкологиялық проблемаларды шешу жолдары. Баспада жарияланған мақалалар, радио- телехабар, интернет сайттары бойынша шолу түрінде сабақ өткізу.

5. «Дөңгелек стөл» отырысы, ол экологиялық проблемаларды, тұжырымдамаларды және т.б. маңызды құжаттарды талдауға арналады.

6. Оқырманадық конференция табиғат тағдырына арналған кітаптар жөніндегі пікір алмасуға арналады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет