T Мұғалім оқушылардан футбол добы мен Жер арасындағы тартылыс күшіне қатысты сұрақ қоюы мүмкін.
(G) оқушылар ресурстағы симмуляцияны пайдалана отырып гравитациялық күштің масса мен арақашықтыққа тәуелділікті сипаттайды.
Олар осы қатынасты сандық түрде көрсетуі мүмкін және массаны тұрақты етіп алып , арақашықтықты өзгерте отырып F –тің r –ға тәуелді графигін салады. Ресурстағы 1 және 2 жұмыс парақтарындағы тапсырманы орындайды.
(f) Оқушылардың бүкіләлемдік тартылыс заңыңа көп есеп шығарғандары жөн.
|
Қабілетті оқушылар пропорционалдылықты көрсету үшін күштің 1/r2 –қа қатысты тәуелділік графигін салуы мүмкін.
Оқушылар Ньютон заңынан G үшін өлшем бірлігін өрнектей білуі тиіс.Олар G және g арасындағы айырмашылықты дәл түсінуі тиіс, және G универсал тұратқы болса, g-дің мәні өзгеруі мүмкін.
|
Гравитациялық өрісті модельдеу:
http://phet.colorado.edu/en/simulation/gravity-force-lab
1 жұмыс парағы:
http://phet.colorado.edu/files/activities/3515/Gravity%20Force%20Lab.docx
G анықтау үшін пайдаланылатын 2 жұмыс парағы:
http://phet.colorado.edu/files/activities/zip/3165-Universal_Gravitation_Lab.zip
|
|
9.2.2.6 - бүкіләлемдік тартылыс заңынан гравитациялық өрістің кернеулігінің g=GM/r2 формуласын шығару және оны есептерді шығару кезінде пайдалану;
|
(T) g=GM/r2 формуласының шығуы түсінікті болуы тиіс, өйткені, бүкіләлемдік тартылыс заңы осыған дейін оқытылды.
|
Оқушылар гравитациялық өрістің кернеулігі мен гравитациялық күш арасындағы айырмашылықты түсінуі, сондай-ақ F=mg формуласын қолдана білуі тиіс.
|
|
|
9.2.2.8 - бүкіләлемдік тартылыс және Ньютонның екінші заңынан дөңгелек орбиталарды және ғарыштық жылдамдықтарды есептей алу (осы кезеңде бағаламауға ұсынылады);
|
(T) Ғаламшарлардың қозғалысы бойынша видеокөрсетілім көрсетілуі мүмкін. Мұғалім Жер айналасындағы Ай қозғалысын мысалға ала отырып, үдеуді есептеу үшін периодты (28 күн) және арақашықтықты (384,400км) пайдалана алады. Гравитациялық өріске осы мәнді келтіру Жер салмағын анықтау мүмкіндігін береді.
(I f) Оқушылар ғаламшарлардың айналу периодтарын басшылыққа ала отырып, Күннің массасын анықтай алады, мысалы, Күннің массасын анықтау үшін Жердің Күнді айналу периодын (1 жыл) және Жерден Күнге дейінгі арақашықтықты пайдалана алады.
|
Бұл тақырып осы кезеңде бағаланбайтын тапсырма ретінде ұсынылады, бірақ қарапайым қолданыстар айналмалы қозғалыс, центрден тартқыш күш және F=mv2/r. теңдеуі бойынша түсінікті толықтыру үшін қарастырылуы мүмкін.
Осы тақырып 11 сыныпта толық оқытылады. Кеплер ғаламшарының қозғалыс заңдары сияқты күрделі материал 11-сыныпқа қалдырылуы тиіс.
Қабілетті оқушылар бұл идеяларды көршілес жатқан жұлдыздарға дейінгі арақашықтықты және олардың периодтарын зерттеу жолымен біздің галактиканың ортасында орналасқан қара құрдымның массасын анықтау үшін қолдана алады.
Олар басқа жұлдыздар жанындағы ғаламшарды біз қалай анықтағандығымызды зерттей алады.
|
Планеталар қозғалысы бойынша видео:
http://www.youtube.com/watch?v=gG7M7Rf3xN4&safe=active
|
|
9.2.2.10 - көкжиекке бұрыш жасай/параллель лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;
9.1.1.7 -бастапқы және қосымша деректерді талдау, интерпретациялау және өңдеу;
|
(T) Мұғалім оқушылардан себетке қағаз кесектерін тастауды сұрайды және неліктен біреу себетке қағазды дәл түсіретіндігін, ал басқалары түсіре алмайтындығын талқылайды. Сіз орындықтың үстінен екі шағын жүкті бір уақытта итеру үшін сызғышты көлденең күйде орналастырыңыз, олардың бірі екіншісіне қарағанда көп арақашықтықты жүріп өтеді; оқушылардан олардың қайсысы бірінші жерге түсетіндігін, ал қайсысы ары қарай ұшатынын айтуды сұраңыз. Талқылау денені көкжиекке бұрыш жасай лақтырған кезде, горизонталь және вертикаль қозғалыс кезінде не болатындығы туралы болжамдаға итермелеуі мүмкін.
(D) Мұғалім оқушылардан саңылауы бар қақпақпен жабылған су толтырылған пластик құты мен терең емес жайпақ ыдысты қолданып, пластикалық құтыға қолмен күш түсіруін арттыра отырып, одан атқылаған судың биіктігі мен ұшу қашықтығының қалай өзгеретінін сипаттауды сұрайды.
|