Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары


(W) Оқушыларды векторларға қолданатын амалдармен таныстырыңыз (I f)



бет8/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

(W) Оқушыларды векторларға қолданатын амалдармен таныстырыңыз
(I f) Оқушылар векторларды қосуды көрсететін мысалдарды қарастыра алады, векторларды қосудың қарапайым жағдайларынан бастап ( бір түзудің бойындағы, тік бұрыш жасай орналасқан векторлардан бастап) кейінгі жағдайда күрделенуі тиіс.

Оқушылар күш, үдеу, векторлық жылдамдық және орын ауыстыру векторлық шамалар болып табылатындығын білулері тиіс.

Бұл оқу мақсаты бағалауға жатпайды, бірақ оқушылардың күштерді қосудың үшбұрыш ережесін меңгерту үшін векторларды қосу ережелерін білген жөн.



Векторларды қосу бойынша видео:


http://www.youtube.com/watch?v=pfmV2L-ZRRU

Векторларды қосуды модельдеу:


http://phet.colorado.edu/sims/vector-addition/vector-addition_en.html
векторларға амалдар қолдану http://www.yaklass.ru/p/geometria/10-klass/vektory-v-prostranstve-9248/slozhenie-i-vychitanie-vektorov-umnozhenie-vektora-na-chislo-10216/re-3157c490-838b-47ba-9175-5c8d1e428dde




9.1.1.3 - векторды құрастырушыларға жіктеу (осы кезеңде бағаламауға ұсынылған);

(T)Кез-келген вектор өзара перпендикуляр екі вектордың қосындысына тең болатынын көрсетіңіз. Ол векторларды құраушылар деп атайтынын және негізгі вектордың х және у осьтеріндегі проекцияларына тең болатындығын көрсетіңіз.
(D) Мысал ретінде штативке вертикаль бекітілген динамометрге жіптің көмегімен басқа екі динамометрді іліңіз. Олардың арасындағы бұрышты өзгертіп, жайлап тарта отырып, осы екі динамометр көрсеткен күш мәндерінің вертикаль оське проекцияларының қосындысы бірінші динамометр көрсеткішіне тең болатынын демонстрациялауға болады.
(If) Оқушылар жеке немесе топпен бірге күшті екі құраушыға жіктеуге арналған тапсырмаларды орындай алады, мысалы, көлбеу бойымен қозғалған денеге түсірілетін күш екі құраушыға жіктеледі, бірі көлбеу жазықтықтан тік төмен қарай бағытталса, екіншісі жазықтық бетіне тік бұрыш жасай бағытталады. Кейбір қабілетті оқушылар үшін бірнеше жағдайларды қамтитын мысалдар келтіруге мүмкін.

Бұл оқу мақсаты бағаламауға ұсынылған, бірақ сынып оқушылары үшін қызықты болуы мүмкін.

Қабілетті балалар екі күштің құраушылары (компаненттері) Fcosθ және Fsinθ болып табылатындығын түсінеді.





Құрауыштар бойынша видео:
http://www.youtube.com/watch?v=Lkt7CCanfdc&feature=player_embedded







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет