Ф-ӘД-001/046
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы әртістің үлкен шығармашылығын баяндайтын «Біздің Роза» атты деректі фильм түсірді. Орыстың «Самара-городок» халық әні әншіге бүкілодақтық даңқтылық әкелді.
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылытуған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). 1968 жылы Бибігүл Төлегенова Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильміндегі басты кейіпкердің үлкен қызының рөлін ойнады. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері («Гауһар тас», «Жиырма бес»), Қазақстан композиторларының шығармалары (Брусиловскийдің «Қосқарлығашы», Хамидидің «Бұлбұлы», Төлебаевтың «Еске алуы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыма»), сондай-ақ С.В. Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Қазақтың мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов едң. Шоқан Уәлиханов сыртқы әлемге «дала адамын» түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, дін мен тілін зерттейді. Шоқан жазған «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қазақтардағы шамандық іздер», «Қашғария туралы жазбалар», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б., ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.
3. Егемендік алған қазақ елі, 1991 жылдан бастау алған Қазақстан мәдениеті.Тәуелсіздік шежіресі: 1991 жыл - Алаш жұртының арманы болған азаттық таңы атқан жыл. 1991 жылғы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік - тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл -ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады. Дүниеге жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды. Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады.
Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Білім жүйесі. Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде талқыланды. Гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. Тарих, ана тілі 1–5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |