Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет65/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде сабақ жүргізген 2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келді. «Интернет – мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды. Үкіметтің 2002–2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдірді, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді. 2003/2004 оқу жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны – 8260-қа жетіп, онда 3 026,2 мың оқушы білім алды. Мектептердің 3 687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2 069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Мектептерде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі болды. 2005/2006 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарайтын 8 222 мектеп жұмыс істеді, онда 3 млн. оқушы білім алды. Оларға 300 мыңдай мұғалім сабақ берді. 2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде 31 оқушыға 1 компьютерден келіп, мектептердің 89% интернетке қосылды.

2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты – жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.

Қазақстан мектептерінде сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.

Ғылым. Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу т. б. институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы құрылып, жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті құрылды. 2000 жылы Республика бойынша 400-ден аса ғылыми институттар мен ғылыми орталықтарында 17 мыңнан астам ғалымдар қызмет етті. Бұлардың 1000-ы ғылым докторлары болса, 2800 ғылым кандидаттары еді. Ғылыми мекемелердің 42 пайызы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, 21 пайызы – білім және ғылым министрлігінің, 10 пайызы денсаулық сақтау министрлігінің қарауында болды. 2003 жылғы 22 қазанда бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 109 мүшесі қатысқан құрылтай жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бекітілді.

Егемендік алған уақыттан бері ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 5 мың авторлық куәлік, 1354 шетелдік патенттер және 13 лицензиялық келісім куәландырылып бекітілді. Республика ғалымдарының белсене қатысуымен Алматыда – ақпараттық технологиялар, Оралда – машина жасау, Қарағандыда – металлургия жөніндегі парктер ашылды. Астанада биотехнологиялық кешен салынды. Курчатовта және Астанадағы Еуразия университетінің жанында ядролық технологияларды зерттеу қолға алынды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып космосқа өзінің жер серігін ұшырды. Ғылым мен білім экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекет әуелетін арттыруға өзінің тиісті үлесін қосты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет