Пәннің мақсаты
|
Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
|
ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
(әрбір ОН-ге кемінде 2 индикатор)
|
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнін оқу барысында географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарының дамуын ойға қонымды, талдап қорытуға негізделеді.
|
ОН 1. Құрылықтар мен мұхитардың физикалық географиясы туралы білімді қалыптастыру, қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі мен дамуының физикалық - географиялық заңдылықтардың маңыздылығын түсіну.
|
ЖИ 1.1 Материктер мен мұхиттар арасындағы байланыс түрлерін анықтап, талдау жасау.
ЖИ 1.2 Жоғары таксономиялық рангтағы геожүйелердің қалыптасуының жалпы планеталық және аймақтық заңдылықтарын, кеңістіктік жіктелуін және шаруашылықта пайдалануын танып білу.
|
ОН 2. Географиялық білім мазмұнының жаңарту идеяларын ескере отырып, құрлықтар мен мұхиттардың физикалық-географиялық жағдайларын талдап, білім беру процесін құрастыру.
|
ЖИ 2.1 Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы табиғат кешендеріне сипаттама беру.
ЖИ 2.2 Табиғи орта ресурстарын тиімді пайдалану мен оның компоненттерінің өзгеруін айқындау.
ЖИ 2.3 Материктер ландшафттарын сипаттап, талдау.
|
ОН 3. Жалпы ғаламшарлық және аймақтық заңдылықтардың қалыптасуы, кеңістік бойынша жіктелуі мен табиғи геожүйенің ірі таксономиялық деңгейлерін айқындау.
|
ЖИ 3.1 Кеңістік дифференциация процесінің салдарын айқындау.
ЖИ 3.2 Табиғи геожүйенің ірі таксономиялық бірліктерін сипаттау.
ЖИ 3.3 Табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалану бағыттарын талдау.
|
ОН 4. Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясының ғылыми ерекшеліктері мен зерттеу әдістерін қолдану.
|
ЖИ 4.1 Географиялық қабықтың кеңістік дифференциация салдарынан құрлықтардың сыртқы пішіні мен ішкі ерекшеліктеріне қарай өзгешеленетін салыстырмалы біртекті телімдердің күрделі жүйелерін сипаттау.
ЖИ 4.2 Адам қоғамының табиғатқа тигізетін әсерін, физикалық-географиялық тұрғыдан аудандастырудың таксономиялық бірліктерін талдау.
|
|