ЛАДЬЯ
Балалар біз бүгін шахмат фигурасы ладьямен танысамыз. Ладьяны алып, шахмат тақтасында кез келген торкөзге қоюға болады Ладья мұнараға ұқсайды, бірақ ол өте жылжымалы болып келеді
Ладья түзу сызықтармен алға және артқа, оңға және солға қанша тор көз жүргісі келсе сонша жүреді. Қалаған кезде тоқтай алады.
Ладья түзу сызықтармен жүреді: көлденеңнен және түзу. Ладья сызықты фигура.
Д/о «Ладья тақтай үстінде жүріп келеді».
Үнемі бағытын өзгертіп, ладьямен жүзейік.
Ереже. Ладья өз фигурасының үстінен немесе өзге фигуралардың үстінен секіре алмайды.
Бекітуге арналған тапсырмалар:
1.Тақтаға бір түсті бірнеше фигура және басқа түсті өз ладьяны қою.
2.Ладьямен қозғалу арқылы барлық пешкалар мен фигураларды жеп көріңіз.
3.Дәл осы тапсырманы ладьяның әр жүрісін атай отыра орандау.
2.Ладья жүрістері.
Д/о «Өнім жинау» тақтада қара түсті бірнеше пешка мен фигураларды орналастырып, оларды ақ ладьямен кезек кезек жою. Әр пешканы жоюға екі жүрістен артық қолданбау
|