Білім беру бағдарламасы петропавл қаласы 2016 «Жас шахматшы»



бет5/5
Дата30.05.2017
өлшемі1,15 Mb.
#17166
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5

2












Қорытынды



1.Өткенді талқылау. 2Шахматтарды жинастыру.3.Қоштасу.







Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Мат деген не екенін.

Орындайды: «Мат па әлде мат емеспе?» дидактикалық ойын

Оқытудың екінші жылы

Технологиялық карта №12

Тақырыбы: Рокировка

Мақсаты: Рокировка әрекетін түсіндіру, көрсету, ол не үшін керектігін айту арқылы балалардың ой өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал жабдықтар: Балалар санына байланысты шахмат тақтасымен фигуралар.



Кіріспе

күні




1.Амандасу.Сапқа тұрғызу.

2.Шахматтарды құру.

3.Жаңа тақырып түсіндіру





Негізгі бөлім

1



1.Рокировка дегеніміз ол корольмен ладьяның бір уақыттағы қозғалысы.

Рокировканы корольге жақсы бекініс үшін жасайды. Рокировка ұзын және қысқа болып екіге бөлінеді. Көбінесе қысқа рокировка жасайды.


2.Ұзын және қысқа рокировка 1-мысал
3. Ұзын және қысқа рокировка 2-мысал


4. Ұзын және қысқа рокировка 3-мысал


5. Дидактикалық ойын «Рокировка»





2












Қорытынды



1.Өткенді талқылау. 2Шахматтарды жинастыру.3.Қоштасу.







Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: «Рокировка» ұғымын

Орындайды: Дидактикалық ойын «Рокировка»

«ЕР ЖҮРЕК ПЕШКА» АТТЫ

І ШАХМАТТЫҚ ТУРНИРІНІҢ ӨТКІЗІЛУ СЦЕНАРИІ
Турнирге қатысушылар: балалар, көрермендер - ата-аналар мен тәрбиешілер.

Мақсаты: шахмат ойыны барысында икемділігі мен ойлау әрекетін, ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын дамыту.

Қажетті атрибуттар: шахмат кілемшесі, магнитті шахматтық тақта, тәж бейнесіндегі шахмат фигуралары (36 фигура, 8 артық тәж пешкілері), ашық түсті ойыншықтар, музыкалық аппараттар, 2 микрофон.

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар мен көрермендер! Біз сіздерді балабақшамыздың бірінші шахматтық турнирінде көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздер «Біздің шахматтық корольдігімізде» қойылымын тамашалайсыздар. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Қойылымымызды бастаймыз.

Турниріміздің қатысушыларын ортаға шақырайық.

Әуен ойнайды. Балалар залға кіреді, 1-ші жүргізуші балаларды таныстырып болған соң балалар өз орындарына отырады. Әрқайсысының басында шахматтық фигуралар.

1-жүргізуші:

Біздің планетамыздың барлық бұрышында шахмат ойынын біледі және жақсы көреді. Алдымен ол данышпандардың және билеушілердің таңдаулы ойыны болып саналған, бірақ біртіндеп барлығының жүрегі мен ақылын жаулап алған. Ал бұл ойын көп ғасырлар бұрын өте алыс, сыры шертілмеген Индия елінен келген.

Сен менің досымсың, қауіпсізсің,

Қысылмастан кіріс,

Тамаша ертегілер әлеміндегідей

Осы өлке ақ-қара



1-жүргізуші: Әлем чемпионын ( Асаубаева Бибисара) таныстырады, ол өзі туралы, өзінің марапаттары туралы (марапаттарын балаларға көрсетеді) айтады, балалардың сұрақтарына жауап береді.

2-жүргізуші: Біздің кішкентай қойылымымызды бастамас бұрын, біз сіздерге шахмат туралы жұмбақтарды жасырамыз. Сонымен, жұмбақтар!

  1. Кішкентай, аласа, барлық өрісды жүріп өткен және пішінді тапқан... (Пешка)

  2. Бір рет өледі, ал екі рет туылады. (Пешка)

Құрметті пешкалар, шахмат кілемшесіне өтіңіздер және өз орындарыңызға орналасыңыздар.

Пешкалар кілемшедегі өз орындарына орналасты.

2-жүргізуші: Ал енді мына жұмбақтың жауабын тауып көріңіздер.

Ең шетінде тұрамын,

Мені ашшын-жақындайын,

Тек түзу жүремін,

Атымның кім екенін айтпаймын. (Ладья).

Құрметті ладьи! Өз орныңызға орналасыңыз.



Кілемшеге екі Ладьи шығып өз орындарына орналасады.

1-жүргізуші:

Аң көрмесінде тұрмайды,

Базарлықтарды алмайды,

Ол қиғаштай жүреді,

Тұмсықпен ол жүргізеді. (Піл).

1-жүргізуші: Ал енді мынадай жұмбақты шешіңіздер?

Екі ағайынды бір әскерде қызмет етеді,

Ал кездесе алмайды.

(Қараланған және ағарған пілдер).

Сендер де, арғы жақтарыңдағы қонақтар да, өз орындарыңа орналасыңдар.



Пілдер өздерінің орындарына орналасады.

2-жүргізуші: Тұяқтың дүрсілдеген дыбысы.

Естисіңдер ме, асыр-тасыр тынбайды.

Ол кім? (балалар жауап береді)

Дұрыс!


Ат секіреді, тағалардың дыбысы!

Әрбір қадамы ерекше:

Олай да, бұлай да «Г» әріпі

Ирек пайда болады.

Аттардың тағалары

Өзгеше және күлкілі:

Жасырынып тұрған сияқты

Арқасымен секіреді.



  • Аттар өз орындарыңа орналасыңдар

1-жүргізуші: Басты фигура жоқ.

Әуен қосылады (баяу). Пешкалар корльдің шлейфін ұстап алып келеді.

Хан әскерінде дайын бол-

Ол ханды қорғау керек.

Егер хан қамқорсыз өлсе

Фигуралар күресті жалғастыра алмас еді!



2-жүргізуші: Есінде болсын, Король барлығынан басты, барлығынан маңызды,

Шахматтың қосында болу- көсемдерге маңызды!

Жылдам музыка қосылады.

Корольдің оң және сол жағында тұрған барлық фигуралар иіліп тағзым жасап өз торларына орналасады.

Ал ханның досы және қарауылы кім ғой? (Ферзь)

1-жүргізуші: Ферзьдің қадамы өте үлкен

Ферзь, Ладья және Піл сияқты жүре алады.

Түзу және қиғаштап,

Оңға, солға, алдыға және артқа...

Ал мен алысқа және тірекке ұрамын.

Ақ-қара қарапайым тақталар

Маған тар сияқты

Пешкалар (барлығы, Ферзь үшін қарады):

Жақында және алыста Ферзь өте қауіпті

Сен неғұрлым оған көңіл аудар!



Ферзь өзінің орнына тұрады.

1-жүргізуші: Міне, енді барлық шахмат фигуралары келді,

Біз шахмат шайқасын бастай аламыз.



2-жүргізуші: Сонымен, ақ жасақ, қара жасақ –

Бір-біріне қарама-қарсы екі әскер тұр.

Бір жасақта қатал тәртіп,

Екіншісінде де дәл осылай.

Әрбір жасақты сен өзің қара-

Екеуінің де бұрыштарына Ладьи орналасқан.

Ладьимен қатар Аттар тұр,

Аттар мен қатар Пілдер тұр,

Ортасында кім екен?

Ферзь Корольмен бірге-

Ең бастысы өзінің әскерінде.

Ладьи мен Аттың алдында:

Пілдің, Корольдің және Ферзьдің алдында... Пешкілер

Бала пешкалар қабырға бойымен тұрды

Бізге осы ертегінің ұрысын бастау үшін!

Балалар, әзірге өз орындарыңа орналасыңдар.



Балалар өз орындарына орналасады.

II. Балалармен бірге ойын. Фигуралар сөреде, мольбертте, магнитті шахмат тақтасында тұр. Жарыс екі команда арасында өтеді.

Мектепалды даярлық және ересек топ балалары 16 адамнан екі топқа бөлінеді (бастарында шахмат бейнесіндегі фигуралар), ортаңғы топ және жаңадан келген балалар көрермен болып отырады.

Жүргізушінің тапсырмасы:

1) Қазір команданың әрбір баласы (есімі бойынша) кезекпен тақтаға жақындайды және өздерінің тәждеріндегі фигураны таңдап оны қажетті орнына қояды.

2) Шахмат фигураларының жүрісі туралы сұрақтар (білім деңгейлерін ескере отырып, әрқайсысына кезекпен 2 сұрақтан қойылады).

Балалар көрермен болып отырады.

III. Мектепалды даярлық және ересек топ балалары 5 адамнан кезекпен үстелге жақындап жеңімпазбен ойнайды. Бұл кезде екінші жүргізуші ортаңғы топ және жаңадан келген балалармен ойын өткізеді.

Ортаңғы топ және жаңадан келген балалармен бірге ойын басталады.



  1. Сиқырлы дорбаша. (Балалар көздерін жұмып ұстаған фигураларының атын атап, ол туралы не білетіндігі туралы айтады)

  2. Шахмат кілемшесіндегі ойын (торда ойыншық тұр, және осы ойыншықты жей алатын фигуралардың жүрісін көрсету керек).

IV. Музыкалық нөмір

V. Ойынның қорытындысы және марапаттау бойынша төрешілерге сөз беріледі.

Шахмат турниріне қатысқандары үшін барлық балалар марапатталады

VI . Балалардың ата-аналарымен әңгімелесу және ұсыныс.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Сухин И. Г. «Тек кішкентайларға арналған шахмат» ата-аналар мен балалардың бірігіп оқуына арналған ертегі кітаптар. – Москва, 2013ж.

  2. Селиванов А.В. Яков Владимировтың гроссмейстердің таңдаулы тапсырмалар жинағы.

  3. Дэвид Притчард.Үйренушілерге арналған шахмат оқулығы.

  4. Мектепалды жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету. Әдістемелік нұсқаулық. Астана 2013ж

Қосымша 1



Дидактикалық ойындар

«Сиқырлы дорба». Бұл ойында дорбаға шахматты фигураны салып, балаға сипап сезу арқылы қандай фигура тұрғанын анықтасын. Ойын әсерлірек болу үшін балаға да фигураларды жасыруға рұқсат беріңіз, ал өзіңіз керісінше қандай фигура екенін анықтаңыз. Ойын барысында сіз қателескендей боласыз және бала қуанышпен қателескеніңізді көрсетеді. Ойынның басқа нұсқасында дорбаға фигураның бәрі салынады, және бала сипап сезу арқылы нақты бір фигураны іздейді.

«Шахмат үйшігі». Ағаш шахматты тақтадан үйшік жасаңыз. Ертегі сюжетіне байланысты алты түрлі ақ фигуралар кіреді: «пешкадан» – «корольға» дейін. Король үйшікке көтеріліп құлатуы керек ал басқа фигуралар үйшікті қайта салады.

«Шахматты бауырсақ». Дидактикалық ертегі инстинировка ойынын былай өткізуге болады: «ата» – король, «апа» – ферзь, «пешка»- қоян, «түлкі» – ат, «қасқыр»- піл, «аю» - ладья, ал «бауырсақ» – шар. Бала барлық бауырсақ қашатын фигураларды атап шығуы керек. Бірақ бұл ертегінің аяғында түлкі бауырсақты жеп қоймайды. Бауырсақ одан қашып кетеді.

«Шахматты шалқан». Шалқанды отырғызыңыз. Оның айналасына бала ұзындығына қарай ақ және қара фигураларды тізіп қояды, түсіндіре келе: «ата» – король, «апа» – ферзь, «немересі» – піл, «Жучка күшігі» – ат, «мысық» – ладья, «тышқан» – пешка.

«Үлкен және кішкентай». Баланың алдына алты түрлі шахматты фигураны қойыңыз. Баладан ең ұзын фигураны табуын өтініңіз және оны шетке алып тастаңыз. Кейін бала қалған фигуралардың ішінен ең ұзынын ерекшелеп көрсетеді және т.б

«Тыйым салынған фигура». Баланың алдына шахматты фигураларды тізіп қойыңыз. Сіздің сұрауыңыз бойынша бала көрсетілген фигураларды атайды, тиым салынған фигурадан басқаларын.Тиым салынған фигураның орнына құпия деп айту керек. Кейіннен орындарыңызбен ауысыңыз және бала көрсетіп отырған фигураларды атай отыра кейде қателесіңіз. Егер бала сіздің қателескеніңізді байқамаса өзіңіз соған көрсетіңіз.

«Не ортақ?». Екі түрлі шахмат фигураларын алып, баладан оның несімен ұқсайтындығын? және айырмашылығын сұраңыз. (түсімен, формасымен)

«Ақ және қара». Үстелдің үстіне шашыраңқы түрде алты әр түрлі ақ және қара фигураларды қойыңыз. Дидактикалық ойынды бастап, шетке бір фигураны қойып, оның атын және түсін атаңыз. Мысалы: «Ақ ферзь». Бала ойынды жалғастыра отырып, басқа шахматты фигураны таңдап, оның атын және түсін айтуы керек. (ойынның талабы сондай)

«Бастың үстінде». Қандай да бір шахматты ойынды атаймыз. Оны тез тауып басынан жоғары көтеруі керек. Мысалы: «Қара король». Сіз келесі жаңа шахмат фигурасын елестетіңіз т.с.с

«Ойлан тап». Қандай да бір шахмат фигурасын жасырып, оны жұдырығында ұстаныз. Бала бұл қандай фигура екенін табу керек. Бала жасырған фигураны тауып алғаннан кейін фигураны ол өзі жаңа фигураны арқасында жасырады және т.с.с.

«Аз үйме». Барлық шахмат фигуралары үймеде жатады. Сіз көзіңізді жауып, қандай да бір фигураны алып, қолмен сипап көресіз.Таңдап алынған шахмат фигурасына сіз қате жауап бересіз. Көзіңізді ашып баладан сұрайсыз: Солай ма? Бала сізді түзейді. Содан рөлдерінізбен ауысасыздар.

«Мектеп». Шахмат тақтасын торкөз жағымен төмен қаратып аударыңыз,тереңдетілген жағына шахмат фигураларын қойып балаға айтыңыз: бұлар сенің оқушыларың. Оның есімі қалай?... Ал мұның ше?...

«Түс». Балаға бір қатарға барлық ақ және барлық қара шахмат фигураларын қоюды сұраңыз. Бала тапсырманы орындап біткен соң рөлдеріңізден ауысыңыздар. Ақ фигураны орналастырғанда «қате ретінде» 1-2 қара шахмат фигурасын қойыңыз. Бала сіздің қателігіңізді байқап,оны көрсетуі керек.

«Қатар». Бала қатарға пешканы, атты, пілді, ладьяны, ферзьяны корольді қою керек. Содан бала сізден тапсырманы дұрыс орындалғанын тексеруді сұрайды.

«Пирамида». Балаға ақ ладьяға қараны содан қайта ақты содан қараны, ал ең үстіне ақ пешканы қоюға кеңес беріңіз. Баладан басқа фигуралардан пирамида құруға болмай ма деп сұраңыз.

«Бойымен». Бала бір түсті 6 шахмат фигурасын атын атап бойымен қою керек.

«Қуаласпақ». Бір ақ фигураны таңдаңыз, мысалға, пешка, оны жүгіріп баратындай етіп үстелге қойыңыз.Содан бала қандайда бір қара фигураны таңдап сіздің фигураңызды қуалау керек. Сіздің шахмат фигураңыз «қашсын», бірақ баяу, баланың фигурасы оны қуып жетуі керек. Содан рөлдеріңізбен ауысыңыздар.

«Тығылмаш». Бөлмеге бірнеше шахмат фигурасын жасырыңыз. Бала оларды тауып, оларды атауы тиіс. Содан бала фигураларды жасырады. Бұл жағдайда сізде шахмат фигурасы толық емес болады.

«Кім жылдам?». Барлық шахмат фигураларын үстелге қояды. Балаға сізбен осындай ойында жарысуын ұсыныныз. Белгіленген жерге 2-3 бірдей шахмат фигураларын кім жылдам жинайды.

«Орындықтың үстінде» Орындықтың үстінде қандай да бір шахматты фигураларды қойыңыз. Орындықтың екі шетіне баламен бірдей қашықтықта тұрыңыз . Үшке дейін санап «үш» дегенде орындыққа қарай жүгіріңіз. Кім бірінші шахматты фигураны алады, сол оны атауы керек.

«Дәл осындайды шегер» Барлық шахматты фигураларды үстелдің үстіне қоямыз. Қорапқа бір фигураны салып тастаңыз. Баладан осы фигураның атауын сұраңыз және осыған ұқсас фигураны қорапқа салуын талап етіңіз.

«Толы үйшік» Үстелге толық шахматтық фигуралардың топтамасын қойыңыз. Қасындағы тордың төмен жағында ашық шахматты тақта жатыр (немесе фигураға арналған қорапша). Балаға бір шахматты фигураны ұсыныңыз және оның атын ататқызып, қорапшаға немесе шахматты тақтаға «ұйықтатуын» сұраңыз, сонымен қатар барлық шахматты фигуралар қорапшаға жиналмағанға дейін. Соңында бала қорапшаның бетін жабады. Соңғы екі ойын шахмат фигураларын қызықты жинау үшін арналған.

«Лабиринт» ақ фигурамен шахмат тақтасындағы қара фигураларды аттап өтпей белгілікті клеткаға дейінжету.

«Жалғыз алаңда жауынгер»Ақ фигурамен әр жүріс сайын шахмат тақтасындағы барлық қара фигураларды жою. (қара фигуралар қозғалмайтын, жүре алмайтын болып есептеледі)

«Қарсылас алаңын жаулап алу» Бұл ойында негізгі мақсат жою емес, өз фигурасын шахмат тақтасында белгілікті алаңға қою. Мұнда қарсылас фигураларының алу клеткаларына қоюға болмайды.

«Өз алаңынды қорғау» Шахмат тақтасында белгілікті алаңға таласып ойнау. Барлық фигура біткенше.

«Ладья тақтай үстінде жүріп келеді».

Үнемі бағытын өзгертіп, ладьямен жүзейік.



«Өнім жинау» тақтада қара түсті бірнеше пешка мен фигураларды орналастырып, оларды ақ ладьямен кезек кезек жою. Әр пешканы жоюға екі жүрістен артық қолданбау.

«Жүрістердің шектеуі» Шахмат тақтасындафигуралар бірін-бірі жояды бірақ бегілікті тор көздерге фигураны қоюға немесе секіріп өтуге болмайды.

«Қорғаныс» Қауіп төніп тұрған ақ түсті фигураны басқа ақ фигурамен қорғау.

«Қос соққы»Бір уақытта ақ фигурамен екі қара фиғураға шабуыл жасау

«Фигураны ұтып ал» Ойын барысында қалайда бір фигураны артық ұтып алуға тырысу

«Рокировка» Балалар әр- түрлі жағдайда рокировка жасауға болама не болмайма екенін анықтау.

«Мат па әлде мат емеспе?» Балаларға әр-түрлі шамат ойындарын көрсетіп мат немесе мат емес екендігін сұрау.

«Екі реттік жүріс» Бұл ойында бала нұсқаушының әр жүрісіне екі жүріс жасайды, сонда ол қарсыласқа қауіп төдіруді және өзі стратегиялық жоспар құрып үйренеді.

Қосымша 2



ТАҢҒАЖАЙЫП ТОРКӨЗДЕР
Дымбілмес Қарындашқа бізге шахмат тақтасын жасап берші, – деп өтінді.

Қарындаш ойланып жауап қатты:

– Есіме түсті! Торкөздері әртүрлі ашық және қою түстерден тұрады.

Алдымен Қарындаш ашық түсті торкөзді салды.

Қою түсті торкөзді – жанына салды.


  • Бұл шахмат жолдары, –деп түсіндірді Дымбілмес.

  • Ашық түсті торкөздер – ақ жолақта. Қою түсті торкөздер – қара жолақта. Бұл солай, бауырларым.

Ашық түсті және қою түсті торкөздері және жолақтарға жан бітіп қозғалып олар күле бастады.

Содан кейін олар бір–біріне қарап томсырайды.

Бір– бірін итеріп, әр жаққа қарай қаша бастады.


  • Жолақтар, тоқтаңыздар! – деп Қарындаш айқай салды. – Мен әлі шахмат тақтасын салып бітірген жоқпын.

Ақ және қара жолақтарды Қарындаш тез–тез сала бастады. Бірақ, ол үлгеріп салып аяқтағанына қарамастан, бұлар да әр жаққа қарай қаша бастады.

Қарындаш қанша торкөздері керек болса, сонша салды, шаршадым деп үн қатты көңілді адамдарға:



  • Болды, енді ұстаңыздар оларды!

Көңілді адамдар айқай-шумен тентек торкөздер-жолақтарды арттарынан қуа бастады.

Бірақ жолақтар Буротиноның тұмсығының астынан ұстатпай, Чиполлиноның қолынан сырғып шығып, Дымбілместің екі аяғынның арасынан өте шықты. Бәрібір барлық торкөздер ұсталынды, бірақ бір қатарға қара жолақтар мен ақ жолақтар бірге тұрудан бас тартты.



  • Олар өте қап–қара, – деді, қырсығып ақ жолақтар.

  • Олар өте ап–ашық, –деді, бұрқылдап қара жолақтар.

Сол кезде Ақ Король ашуланып, түнеріп булықты, Қара Король ашуланып бозарды, екі Король да бір дауыспен бұйрық беріп қорқытты:

  • Егер, қазір, өз орындарыңа тұрмасаңдар, біз басқа шахмат тақтасын тауып аламыз, ал сендермен ешкім ойын ойнамайтын болады.

Ақ және қара жолақтар қорқып, бір–бірін қапсыра қатты құшақтады, сол кезде шахмат тақтасы пайда болды. Дымбілмес шахмат тақтасынының бір жағына шығып, ал қалған көңілді адамдар шахмат тақтасының келесі жағына орналасып отырды.

  • Қазір, біз сіздермен қарсыласпыз, бауырларым. Ойыншы - шахмат ойынын қарсылас болып ойнады. Менде ақ түсті оң жақ жолақ, – демек, шахмат тақтасы арамызда дұрыс тұр.

Сол кезде жолақтардың іші пысты, бір–бірін қапсырып құшақтап тұрудан, олар қайтадан бұрыш–бұрышқа қаша жөнелді. Көңілді адамдарға қайтадан жұмыс табылды тентек жолақтарды қуып ұстауға.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет