Білім беру бағдарламасы үшін Көлемі -5 eсts (150 сағат) Шымкент, 2021ж Құрастырған: 1


ТҮСІНІК ХАТ Шеберлік педагог қызметінің биік деңгейі ретінде



бет2/8
Дата22.05.2022
өлшемі35,39 Kb.
#144463
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ШКБ мектепте жаңа технология
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
ТҮСІНІК ХАТ
Шеберлік педагог қызметінің биік деңгейі ретінде үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
«Шағын комплектілі бастауыш мектепте жаңа технологияларды пайдалану» курсы -«6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша базалық пәндер цикліндегі педагогикалық пәндердің бірі болып табылады.
Курс мақсаты: Болашақ студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. Студенттер бойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерін дамуына үлес қосу.

Курстың міндеттері:


  • педагогикалық шеберлік мазмұнын түсіну;

  • педагогикалық қызметтің мазмұнын ашу;

  • педагогикалық мамандықтың перспективалық мүмкіндіктерін көрсету;

  • жанашыл педагогтар идеясын, оқыту формасын пайдалану.

Курсты оқып болғаннан соң сіздер:


  • курстың методологиялық, теориялық, практикалық негізі;

  • педагогикалық шеберлік элементтері;

  • оқыту технологиясы;

  • педагогикалық техника, өзін-өзі басқаруды игеру;

  • мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлауды

меңгересіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет