Пәнді оқытудың мақсаты - Болашақ маман иелерін дайындауға қойылатын талаптарға сай, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қызметі жөніндегі негізгі білімдермен студенттерді қаруландыру.
Пәнді оқытудың міндеттері
студенттерге ұстаздық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет бойынша негізгі білімдер жүйесін меңгерту;
студенттердің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
болашақ мұғалімнің мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, кәсіби біліктілікті жетілдіруге деген қызығушылықтарын ояту;
оқыту мен тәрбие әдістемесін шығармашылықпен іздеуге тәрбиелеу.
Пәннің оқытылу әдісі мен объектісі Білім алушылар курсты оқу нәтижесінде игеру керек:
курстың әдіснамалық, теориялық, практикалық негіздерін жөнінде білігі болады.
Шеберлік педагог қызметінің биік деңгейі ретіндегі пәнінің басқа пәндермен байланысы
Педагогикалық шеберлік және педагогтың педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде. Шеберлік педагог қызметінің биік деңгейі және оның компоненттері.