Жарықтың шағылуымен түсіндірілетін құбылыс
Кәдімгі ақ параққа жазу жазып, осы жазуды сыртқы бетінен оқу мүмкін емес. Енді осы жазу жазылған парақтың сыртқы бетіне май жақсақ, онда жазылған жазу анық көрінеді және окуға болады. Оның себебі жарықтың шағылуымен түсіндіріледі. Қағаз беті майланбаған жағдайда қағаз бетіне түскен жарық сәулесі толықтай кері шағылады, сондықтан жазуды қағаздың сыртқы бетінен оқи алмаймыз. Ал, енді қағаз бетіне май жаққанда, май қағаз арасындағы бостықты толтырады да қағаз талшықтарының орналасуын өзгертеді, нәтижеде жазу бетіне түскен жарықтың белгілі бір бөлігі қағаздан сынады. Осыдан біз жазылған жазуды көріп, оқи аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |