Білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған дәрістер жинағы Шымкент 2021


Жарық сынуын үшбұрышты призма арқылы бақылау



бет20/41
Дата14.05.2022
өлшемі0,79 Mb.
#143342
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
ОПТИКА НЕГІЗДЕРІ ДӘРІС
osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz, биопэма әдісі, Ананың ыстық алақаны», Ағартушылық дәуірі, №5 Ғылыми жұмыс, pdf 20220918 221827 0000, 357200, Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен б…
Жарық сынуын үшбұрышты призма арқылы бақылау
Жарықтың сынуын үшбұрышты шыны призма арқылы бақылау аса ыңғайлы. Үшбұрышты призманы кез келген физика кабинетінен табуға болады. Ол үшін призманың бір қырын нәрсеге (S) бағыттап, екінші қыры жағынан бақылаушы нәрсе кескінін іздеу керек, сонда нәрсе кескінінің орны нәрсенің шын орнына сәйкес келмейтіндігін байқаймыз (5-сурет).


Суреттегілер: П - үшбұрышты шыны призма; Б - бақьшаушы; S - нәрсенің шын орны; S ' - нәрсенің жалған орны.


Судың сындыру көрсеткішін анықтау
Судың сындыру көрсеткішін анықтау үшін: су құйылған химиялық стакан; үш түйреуіш; ұзындығы 18-20 см, ені стакан еніне тең тіктөртбұрыш пішінді қалың қағаз бөлігі керек. Әуелі қалың қағазға өзара перпендикуляр тп жэне NM түзулерін жүргіземіз (6-сурет).

Бұл түзулердің қиылысу нүктесі О-ге бір түйреуішті түйрейміз. Ал екінші түйреуішті А нүктесіне бекітеміз. Енді қалың қағазды стакандағы суға саламыз, сонда түйреуіш түйрелген О нүктесі су бетінде орналасатын болуы керек. Екі түйреуіш бір түзудің бойында жататындай түзу бойын көзбен бақылаймыз. Сөйтіп осы түзудің бойында жататын В нүктесін қалың қағаздың жоғарғы қырында үшінші түйреуішті қадаймыз. Енді қалың қағазды судан шығарып ОА жэне ОВ сәулелерін жүргіземіз. Сонда пайда болған ∠ АОМ және ∠ ВОN бұрыштары арқылы судың сындыру көрсеткішін анықтаймыз. Сонымен, 𝑛= Мұндағы: ∠ ВОN - түсу бұрышы; ∠ АОМ – сыну бұрышы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет