Судағы нәрсенің кескінін бақылау
Сумен толтырылған мөлдір шыны құтының түбіне кәдімгі тиінді қояйық. Енді құтының жанынан белгілі бір бұрышпен бақыласақ, онда тиіннің кескінін судың бетінде көруге болады (9-сурет).
9-сурет
Мұндағы: 1 - тасталған тиін; 2 - тиіннің су бетіндегі кескіні. Енді кұтының бақыланып тұрған жаққа қарама-қарсы жақтағы қабырғасының бетіне қолымызды қойсақ тиін кескінінде өзгеріс болмайды. Ал, егер қойылған қолымыз сумен ылғалданған болса, онда тиіннің кескіні жоғалады, яғни кескін көрінбей қалады. Бұл құбылыстың себебі мынада: бірінші жағдайда тиіннен шағылған сәулелер ыдыстың сыртқы қабырғасынан шағылып жоғары бағытталады да, су бетінен сынып бақылаушы көзіне түседі, осыдан бақылаушы тиінді көреді.
Екінші жағдайда, яғни қарама-қарсы қабырғаға сулы қолымызды қойғанда, сәуле қабырғадан енді шағылмайды, өйткені бармақпен қабырға арасы сумен толады. Ал, сумен шынының сындыру коэффициенті шамалас болғандықтан жарық толығымен жұтылады немесе жарық сәулесі барлық бағытта біртекті шашырайды, нәтижеде су бетіндегі тиіннің кескіні жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |