Білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған дәрістер жинағы Шымкент 2021


Жарықтың сынуын бақылаудың қарапайым тәсілі



бет19/41
Дата14.05.2022
өлшемі0,79 Mb.
#143342
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
ОПТИКА НЕГІЗДЕРІ ДӘРІС
osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz, биопэма әдісі, Ананың ыстық алақаны», Ағартушылық дәуірі, №5 Ғылыми жұмыс, pdf 20220918 221827 0000, 357200, Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен б…
Жарықтың сынуын бақылаудың қарапайым тәсілі
Жарықтың сынуын бақылаудың қарапайым тәсілін көрсету үшін сыйымдылығы 50 см3 шыны колба аламыз да ішін сумен толтырамыз. Енді колбаның бүйіріне күн сәулесін түсірсек, онда қарсы беттегі кермеде күн дөңгелегі пайда болады. Су құйылған жағдайда күн дөңгелегінің диаметрі колба диаметрінен кіші болады. Колба ішіне әртүрлі сұйық құйып пайда болған күн дөңгелегінің өлшемі сұйық тегіне байланысты болатындығын көрсетуге болады.
Нәрсе кескінінің ығысуы
Қалың шыны бөлігі, шыны ыдысқа құйылған мөлдір сұйық т.с.с. мөлдір орта арқылы нәрсеге қарайық. Сонда нәрсе орны ауадағы шын орнына салыстырғанда біршама ығысады. Бұл ығысу жарықтың мөлдір ортамен өткенде сыну құбылысымен түсіндіріледі.




3-сурет
Орын ығысуды 3-сурет арқылы түсіндірейік. Мұндағы: Б - бақылаушы; Ш - мөлдір орта; S - нәрсенің нақты орны; S' - нәрсенің ығысқан жорымал орны. Тәжірибе арқылы мөлдір ортаның қалыңдығы неғұрлым үлкен болса, нәрсе кескінінің ығысуы да соғұрлым көп болатындығын көруге болады.
Шыны стакан алып оның ішіне қарындашты көлбете салайық. Енді стаканға біртіндеп су құя отырып қарындаштың суға батқан бөлігіне жанынан немесе төбесінен қарайтын болсақ, онда қарындаш сынып ығысқан түрде көрінеді. Сондай-ақ стакан бүйірінен қарындашқа қарасақ, оның су ішіндегі бөлігі сыртқы бөлігіне салыстырғанда жуандау болып көрінеді. Бұл құбылыстар жарықтың сыну заңымен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет