Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


-ТАҚЫРЫП. Қылмыстық жауаптылық және оның негізі



бет40/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

4-ТАҚЫРЫП. Қылмыстық жауаптылық және оның негізі
Дәріс жоспары
1.Құқықтық жауаптылықтың дербес түрі ретіндегі қылмыстық жауаптылық түсінігі. Қылмыстық жауаптылық мәні және оның түрлері (позитивті және ретроспективті).
2.Қылмыстық жауаптылықтың заңда бекітілген негізі. Қылмыстық жауаптылық негізі (негіздері) туралы сұрақтың теориялық қырлары.
Дәріс тезистері
Құқықтық қатынастар құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыстық-құқықтық норма қоғамға қауіпті әрекеттер жасауға тиым сала отырып, оларды жасаған үшін жаза тағайындау қаупімен алдын алу шараларын жүргізеді.
Қылмыстық-құқықтық нормасы қылмыстық-құқықтық қорғауға алынған қоғамдық қатынастарға қатысушылардың барлығына бағытталады. Қылмыстық құқық нормаларының талаптарын орындаудың өзінде, олар қандай себептермен жүзеге асырылса да, қорықаннан, беделге бағынумен болса да, оның жүзеге асырылуы адамдардың тәртібін реттеудің сөзсіз нәтижесі ретінде қамтылады. Құқық нормасы, ол қандай салаға жататын болса да тек қана реттеп немесе тек қана қорғап қана қоймайды, өмірде мұндай норма жоқ . Кез-келген құқықтық реттеудің өзі – қорғау, ал қорғау-бұл реттеу.
Қылмыстық-құқықтық нормалар реттейтін құқықтық қатынастарға міндетті түрде екі тарап қатысады. Тараптардың бірі ретінде міндетті түрде мемлекет танылады. Қылмыстық заң қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасамау міндетін жүктей отырып барлық субьектілер үшін қандай да бір іс-әрекет түрлеріне тиым салады. Көрсетілген міндеттер субьектілердің тиісті түрде тәртіп сақтауын талап етіп, және құқықты бұзған жағдайда кінәлі адамға мәжбүрлеу шараларын қолдануға байыланысты мемлекеттің құқығын көрсетеді. Мемелекетің аталған құқығы мен азаматтардың құқықтық тәртіпті сақтауға байланысты міндеттері қылмыстық құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды. Сонымен қатар, қылмыстық заң азаматтарға тек міндет жүктеп қана қоймай, құқықтармен де қамтамасыз етеді. Ол құқықтар қатарына қажетті қорғану құқығын, қылмыс жасаған адамды ұстауға, аса қажеттілік кезіндегі әрекеттерді жатқызуға болады. Тисінше, аталған құқықтарды қолдану барысында құқыққа қайшы іс-әрекет жасалғандығы үшін мемлекеттік орган оларды мәжбүрлеп әсер ету шараларын қолданбауға міндетті. Азаматтардың өздерінің субьекті құқықтарын қорғауы барысында мемлекеттік органдардың көмегіне сүйенеді. Ол қорғану барысында қорғауды жүзеге асыруға уәкелетті органдардың көмегін талап етуге және іс- әрекеттердін заңда көзделген тәртіпте қорғауға құқығы бар.
Қылмыстық құқықтық саласындағы нақты құқықтық қатынас қылмыс жасаған кезде пайда болады, ол сонымен бірге қылмыс ашылмай оған кінәлі тұлға анықталмаған кезде де бола береді.
Қылмыстық жауаптылыққа тарту айыпталушы мен тергеуші арасында қылмыстың жасауына байланысты белгілі бір қылмыстық порцесуалдық қатынас туғызады. Барлық қылмыстық процессуалдық әрекеттер заңмен реттеліп белгілі бір қылмсытық процессеуалдық қатынас жүйесін құрайды. Қылмыстық процессуалдық қатынастар қылмыс жасау фактісіне байланысты сот органдары арсында туындайды, ал негізгі қылмыстық қатынас қылмыс жасаған адам мен мемлекет арсында пайда болады. Жауаптылық қоғам тиым салған азаматардың жасаған құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауап беруді, талап етуі яғни жасаған әрекеттер үшін кінәлі тұлғанын жағымсыз салдарға ұшырауы, жауаптылыққа тартылудың мазмұнын құрайды. Тұлғаның өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапты болуы немесе есеп беруі, олардан туындауы мүмкін жағымсыз салдар үшін кінәсін мойындауы жауаптылық ретінде танылады. Егер жауаптылық заң нормаларын бұзу нәтижесінде туындаса, оның заңда жауаптылық деп атайды.
Заңды жауаптылық- ол құқықтық нормада көрініс тапқан, заң шығарушының еркін орындаудың соңғы кезеңі болып табылатын құқықтық норманы қолдану немесе жүзеге асыру барысы. Қылмыстық жауаптылық тұлғаның жасаған құқықтық қайшы іс-әрекеттері үшін мемлекеттік органдар алдында жауап беру міендетінен және жағымсыз зардаптарды басынан өткеру міндеттінен ғана тұрмайды, сонымен қатар мемелекетт тарапынан оның органдарының жасаған қылмыс пен оны жасаған тұлғаға теріс баға беруден тұрады.Қылмыстылықпен күрестің құралы ретіндегі қылмыстық жауаптылықты тиімді қолданудың алғы шарты болып жауаптылыққа тартылатын тұлғаның еркі бостандығы танылады. Тек қана ерік бостандығына ие тұлға қылмыстық жауаптылықты тартылады. Мемлекет өз азаматтарынан Конституцяда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындалмаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық құқылық жауаптылықты жүктейді. Қылмыстық жауаптылық, бұл құқылық жауапкершіліктің ең қатал түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауыпты кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекетттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Ал қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған адамның өз істегеніне қылмыстық заңға сәйкес жауап беруге міндетті екендігі реттінде қарастырылады. Қылмыстық жауаптылық адамның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзыудың нәтижесі, қоғамға қауыпты іс-әрекеттін көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлмене, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені, мемлекет кез-келген қылмысқа тисінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындауға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және заңдылық. Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, әрі мәнді екі белгі болып табылады. Сонымен қылмыстық жауаптылық деп- қылмыстық заң бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекеті істеген адамды мемлекет тарапынан оның тиісті органдары арқылы айыпталушылығын айтамыз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы. Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылықта, қылмыстық құқылық қатынаста жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап, қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен мемлекеттің артынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық - құқылық қатынас бір жағынан мемлекет атының әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады. Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па?
Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болдыма және т.б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқылық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық – құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелінген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері қылмыстық іс-жүргізу құқылық қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдегін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құылық қатынастар субьектілері заң бойынша айырықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқылық қатынастың обьектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің өз функциясын атқару кезінде қылмыскерді мемлекетке өз көз-қарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады. Яғни, субъект және объект салыстырмалы түсініктер, сондықтанда олар сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық қатынасытың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық- құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемелекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тисінше қылмыстың жауаптылығың көтеру міндетілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкілет органың күштеуі арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені, жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан-да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп ғана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың кепілі ретінде көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындалған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеумен жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұнай ретте қылмыстық құқықтық қатынас жүзеге аспайды. Бұған мысал реттінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінәлі адам, егерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бірақ та қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1-2 бөліктенрінде: «қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауыпті емес деп танылса , сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындағы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтаң босатылуы мүмкін» делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1 бөлігінде : « Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін» деп көрсетілген. Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыпталушылық фактісімен анықталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыпталушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара тығыз бір-біріне ұқсас емес үғымдар екендігін аңғарамыз.
Бірінші жағдайда қылмыстық жауаптылық кінәлінің сотталу фактісімен анықталады, сот қылмыстық іс-жүргізу заңына сәйкес, жаза тағайындаумен ұштаспайтын айыптау үкімін шығарады. Ал, екінші жағдайда қылмыстық жауаптылық мазмұнына тұлғаның сотталу фактісі ғана емес, оған жаза тағайындауда кіреді. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру барысында ерекше орынға қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, оның ішінде сезікті мен айыпталшыға қатысты қолданылытын бұлтартпау шаралары ие болады. Аталған шаралар процессуалдық сипат алғанына қарамастан, материалдық-құқықтық сипаттағы қылмыстық жауаптылықтың құрамдас бөлігі болып саналады. Мысалы, алдын ала қамау орын алған кезде, оның бір күні тұлғаға бас бостандығынан айырудың бір күні ретінде есептеліп айыпталушының кінәсі дәлелденгенде тағайындалған жаза құрамына кіреді.
Жалпы қылмыстық жауаптылық:

  • кінәлі, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы әрекет үшін туындайды;

  • мемлекеттік мәжбүрлеу нысанында көрініс табады, өйткені қылмыстық құқық нормаларының санкциясында белгіленген қылмыстық жазалау шараларын қолдануды көздейді;

  • мемлекеттік талқылаумен ұштасады және қылмыскер үшін жағымсыз теріс зардаптарға әкеледі

қорғаушылық қылмыстық – құқықтық қатынастар шегінде қолданылып, жүзеге асырылады.
Сондықтан қылмыстық жауаптылық құқықтық қатынастардың күрделі жүйесін жүзеге асыру барысы ретінде сипатталады, оларды дұрыс және бірыңғай тусіну қылмыстық жауаптылық мазмұны туралы мәселелердің дұрыс шешілуін қамтамасыз етеді. Қылмыстық жауаптылық аса маңызды қызмет атқарады, яғни қылмыс жасау арқылы бұзылған әлеуметтік әділеттілікті және заңдылықты қалпына келтіруге, заңдар мен өзге де адамгершілік нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады.
2. Қылмыстық жауаптылық негізі философиялық және заңдылық тұрғысынан түсіндіріледі. Философиялық тұрғыдағы жауаптылық негізі қылмыстық жауаптылық адамның мінез-құлықты талдау еркі болуымен сипатталады. Осыған байланысты қылмыстық құқықта үш негізгі ұстаным бар, олар - фатализм, индстерминизм, детерминизм деп аталады.
Бірінші көзқарас бойынша сыртқы, яғни объективті мән-жайлар адам мінез-құлқын анықтайды, кейбір әрекеттерді жасауға мәжбүрлейді. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның санасы мен еркі жоққа шығарылады, ол адамды жауаптылыққа тартуға негіз жоқ немесе обьективті түрде жауапқа тартуды қалайды, яғни кінәсіз адам жауапқа тартылмауын ескереді.
Екінші көзқарас бойынша адамның мінез-құлқы қандайда бір сыртқы құбылыстарға тәуелді емес, адам қашанда ерікті және ол өзінің қалауы бойынша әрекет жасайды. Аталған көзқараста адам еркі абсалютті бостандықпен сипатталады. Бірақ еркіндіктің абсалютті бостандықта болуы, сыртқы мән-жайлардан тәуелсіздігі істің шын мәнін анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл индетерминизм көзқарасы философиядағы идеалистік ағым ретінде сайып келгенде сыртқы шарттар мен жағдайлардан тәуелсіз толық абсолютті ерік бостандығын мойындауға арқа сүйеді.Және бұл тұрғыда қылмыскердің зілді еркі қылмыстық жауаптылық негізі болып саналады.
Үшінші, детерминизм көзқарасына сәйкес, адамның санасы мен еркі себепті байланыста, демек адамның қылығы оны қоршаған жағдайлармен, тұлғалық құндылықтарымен, әлеуметтік өзге де факторлармен байланысты болады деген тұжырымдармен сипатталады. Шын мәнінде, әр адам өзін қоршаған мән-жайлардан, табиғи және қоғам құбылыстарынан тәуелсіз бола алмайды, алайда бұл тәуелділік белгілі бір жағдайларда оның іс-әрекеті мазмұнын анықтау мүмкіндігін толығымен анықтамайды.Адам сана-сезім мен ерікке ие бола отырып, өзін қоршаған дүниенің мән- жайларын ұғынады және оларды өз қызметіне пайдаланады. Осының өзі ерік бостандығы болып табылады, өйткені осы жағдай адамның саналықпен шешім қабылдау қабілетін талап етеді, ендеше сол үшін де жауап береді. Бұл детерминизмнің өзі философияда механикалық және диалектикалық тұрғыда қарастырылады. Бұл кездегі матерализм өкілдері адам еркінің бостандығын мойындауға тырысты. Ал олардың жауаптылық пен жаза жөніндегі шешімдері табиғат пен қоғамға қажеттілікті теңдестіру түйіндемелерімен ыңғайластырылады. Олар қоғам қылмыскер әрекетіне қарсы тұруы керек. Қоғам өзін-өзі сақтау мақсатында оған зиян келтірілгендерді жазалай алады, әрі өйтуге міндетті. Қылмыскер өз ортасымен қылмыс жасауға әзір тұрса да, сондай-ақ қоғам да қылмыскерді жазалау арқылы қайтсе де өз мүдделерін қорғауға баруы тиіс деп тұжырымдады. Марксистік тезиске сәйкес, адамдардың тәртібі ақырына келгенде олардың қоғамдық болмысымен детеминдірілген болса, екінші жағынан сол қоғамдық болмыс адамның өз әрекетіне жауаптылығын теріске шығармайды. Сыртқы жағдайлардың әсеріне іліккен адам өзінің алға қойған мақсаттарына жету үшін белгілі түрде әрекет жасап және шешім қабылдауға шамасы жетеді. Адамның әрбір нақты жағдайда өзін қандай тәртіпте ұстауы керек екендігін тыңдай білуі, оның сыртқы әлем құбылыстары мен оған заңның қоятын талаптары арасындағы байланыстарды білуі және түсінуіне негізделген. Адам белгілі бір қылық жасаймын деп ойысқанда, мәселен, қылмыс істеу барысында, орын алған жағдайға орай, алға қойған мақсатарына жету жолында әлгі талаптарды саналы түрде сырып тастауы мумкін. Қылмыскердің «істі біле тұрып» әрекет жасауға қабілеттілігі оның қылмыстық жауаптылығына негіз болады. Мұндай негіздердің қасақана кінәнің аясына жататыны аян, өйткені, айқын жағдай мынау: абайсыздықтың ойшылдық сәті жасалған іс-әрекеттің қауіптілігін сезіну және оның зардаптарын алдын-ала болжай алудың жоқтығымен сипатталады. Мәселен, А.А.Пионтковскийдің дәлелдемесі бойынша: Абайсызда қылмыс жасалған кезде ерік бостандығы нұсқалған түсінікте қылмыстық жауаптылыққа негіз болып табылады. Өткені ол адамда өз әрекеттері және олардың зардаптарының сипатын түсіне тұрып шешім қабылдауға мүмкіндік болды, бірақ ол мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделері немесе жекелеген азаматтардың мүдделерін қорғауға көрсетілген зейінсіздігінің арқасында қоғамға қауіпті іс-әрекетке барады. Ал қылмыстық жауаптылық негізін заңдылық тұрғысынан алғанда жауаптылық не үшін, қандай іс-әрекет үшін және қандай жағдайларда есеп беруді белгілейді . Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылыды. Қылмыс субьектісінің қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттері кінәлі түрде қасақана және абайсыздықпен істеуі қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы ҚК-тің 2 - бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын түсіндік. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса, ол адамды қылмыстық жауаптылыққа таратын негіз жоқ. Сонымен қатар бір қылмыс үшін ешкімді қайталап, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Аталған ережеден келесі тұжырымдарға келуге болады:
- жауапқа тартудың бірден-бір және жеткілікті негізі жасалған әрекетте қылмыс құрамының болуы;
- қылмыс құрамының тек қана әрекетте көрініс алуы;
- қылмыс құрамының тек қана қоғамға қауіпті әрекетте орын алуы;
- қылмыс құрамы үшін тиісті құқықтық санкцияның тағайындалуы.
Қоғамға қауіпті әрекеттегі қылмыс құрамы, егер, ҚР ҚК Жалпы бөлімінде қылмыс ретінде танылып және Ерекше бөлімінде көзделген қайсы бір әрекеттің белгілі бір іс-әрекеттермен толығымен сәйкес келген жағдайда қылмыс болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық негізі қылмыс құрамы бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалған сәттен-ақ пайда болады.Бірақ оны нақты адамға жүктеу үшін заңды құжат, яғни заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі керек.Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың негізі болып табылады.
3. Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалануы үшін ол жауаптылыққа қабілетті болуы керек. Қылмыс жасау кезінде өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатын және оны басқара алатын жеке тұлға жауаптылыққа қабілетті деп танылады. Жауаптылыққа қабілеттілік ұғымы субьектінің жауаптылығы үшін шешуші мәнге ие болатын кінә ұғымымен тығыз байласысты. Кінәлі болып тек қана жауаптылыққа қабілетті адам ғана танылады. Сондықтанда жауаптылыққа қабілеттілік кінә мен жауаптылықтың алғы шарты болып табылады. Адамның тәртібі, соның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекеті де сана мен ерік арқылы анықталып, бақыланады. Сана мен ерік адамның негізгі психикалық функциялары. Психикалық қызметі бұзылған адам сана мен ерікті басқара алмайды. Мұндай қабілеттен айырылған тұлғалар, яғни өз әрекеттерін басқара алмайтындар- есі дұрыс емес деп танылып, олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Олар тек медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін. ҚК-тің 19-6абының 1-ші бөлімі есі дұрыс еместік туралы ұғымды былай ашады: «Қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кем ақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс емес». Есі дұрыс еместік туралы ұғым заңды және медициналық сияқты екі шрттан тұрады және бұл екеуінің бірігуі осы күйді сипаттайды. Заңды шарт екі белгіден тұрады: интеллектуальды және еркіне қарай. Интеллектуалды белгі тұлғаның өз әрекетінің қауіптілігін жете түсінуі мүмкін еместігін көздейді. Психиканың бұл қасиеті, тұлғаның өзі жасап отырған ісінің шын жағымен қатар, оның әлеуметтік мағынасын да түсіну қабілетінің жоқтығын білдіреді. Тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің шын жағының мазмұнын түсінбеуі, әдетте, оның жасалған іс-әрекет пен орын алған салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбеуін білдіреді.Алайда, интеллектуалды белгінің мазмұнындағы ең бастысы тұлғаның өз ісінің әлеуметтік мәнін түсінбеуінде, яғни оның қоғамға қауіпті сипаты туралы түсініктің болмауы да. Осыған байланысты, бір тұлғаның өз әрекетінің шын жағын түсіне алғанымен, оның қауіптілігін түсіне алмайтын жағдайлардың болуы әбден мүмкін. Айталық белгілі бір психикалық ауруға ұшыраған адам, мысалы темір жолды тексеріп немесе жөндеп жатқан жол жұмысшысын өмірден айыратынын түсіуі мүмкін, бірақ субьектінің ісінген елесі мұны қылмыс жасаумен емес, жарылған террорлық істің алдын алумен байланыстырады. Осыған байланыстты, тұлға өзінің әрекеттерін қылмыс жасау деп емес, қоғамдық парызын өтеу деп санайды. Заңды шарттың тағы бір белгісі, атап өтілгендей, басқару қабілетсіздігі болып табылады. Мұндай жағадай психикалық қызметінің ауырып бұзылған кейбір түрлерінде кездеседі. Мысалы, өзінің әрекеттінің қоғамға қауіптілігін түсіну қабілеті, салыстырмалы түрде болғанымен, ерік жағының бұзылуы есірткеіге құмарлардан байқалады. Бұл жағдайда олардың абстиненция, яғни есірткіге ашығу кездерінде көруге болады. Бұл кездері бұлар мысалы, дәріханаға қол сұғушылықтың қылмысты түрде бұзылуы екені түсіне отырып, бұл әрекетті жасау жолында өзін-өзі ұстай алмайды. Ерік жағынан бұлайша бұзылуы эпидемиялық энцефалит, эпидепция және т.б. аурулар кезінде болуы да мүмкін. Заңды шарттың болуын мойындау үшін қылмысты заң екі белгінің де міндетті түрде анықталуын талап етпейді, оның тек біреуі ғана не интеллектуальды, не еркіне қарай түрі анықталаса жектілікті. Заңды шарттың бірбелгісінің ғана болуы тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алмайды. Тұлғаның өз әрекеттерін басқара алмағандығы, оның шынайы сипаты мен қоғамға қауіптілігін түсіне алмағандығы медициналық шарттарға байланысты себептермен туындағанын тауып көрсету керек. Бұл шарттар тұлғаның психикалық бұзылуынан және оның бойынан заңды шарттың орын алуына әкеліп соқтыратын аурулардың қорытылған тізімінен тұрады. Ол ұзаққа созылған психикалық бұзылу, уақытша психикалық бұзылу, кемақылдық немесе психиканың басқадай науқас күйі. Ұзаққа созылатын бұзылыстар ішкі көңіл күйдің созылмалы ауруы, атап айтқанда, психиканың бұзылуының ұзаққа созылуы. Дәрігерлік шарттың болуы да өздігімен тұлғаны ақылы дұрыс емес деп тануға жеткіліксіз болып табылады. Мысалы, кемақылдылықтың қайсы бір дәрежесі болмасын, әрқашан тек әрекетінің қауіптілігін түсіну мүмкінсіздігіне немесе өз қылығын басқара алу мүмкінсіздігіне әкеліп соқтыра бермейді. Мысалы, тұлғаның кемақылдылығы жеңіл ғана болса, ол тек заңды шарттың болмауына байланысты ғана арқылы дұрыс деп тануы мүмкін. Алайда, мұндай тұлғаның ақылы дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылмайтындығы анық. Сонымен, заңды және медициналық шарттардың жиынтығы ғана тұлғаның есі дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуына негіз бола алады. Ақылы дұрыстық сияқты, ақылы дұрыс еместік те – заңдылық ұғымдар. Осыған орай, белгілі бір қылмыстық іс бойынша тұлғаның ақылы дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы шешімді сот қабылдайды. Өздерінің шешімін заң қызметкерлері сот-психиатриялық сарапшы қортындысына негіздейді. Қылмыстық іс-жүргізу заңдылығына сәйкес, айыпталушының немесе сезіктінің іс қозғалған кезде өз әрекетіне есеп бере алу немесе оны басқара алу қабілеттілігі мен ақылының дұрыстығына күман туған кездерде мұндай зерттеу жүргізу міндетті болып саналады. Алайда, бұл қорытынды, сарапшының жалпы кез-келген қорытындысы сияқты, анықтама жүргізуші тұлға, тергеуші, сот немесе прокурор міндетті түрде басшылыққа алмауы мүмкін. Олар сот-психиатриялық зерттеудің қортындысымен келіспейтіндей жағдайда, оның нақты дәлелі болуы керек. Тұлғаның ақылының дұрыс емес күйі оның қылмысты жасау кезіне қатысты анықталады. Ақылы дұрыс емес тұлға қылмыстың субъектісі бола алмайтындықтан, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, бірақ ҚК-тің 16-бабы 2-ші бөлігіне сәйкес, оған дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін. Дәл осындай шаралар қылмысты ақылы дұрыс күйінде жасап, бірақ одан кейін ауруға ұшыраған тұлғаға қатысты қылмыстық жазаны іске асырудың мүмкінсіздігінен тағайындауы мүмкін. ҚР ҚК-алғаш рет есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы ерекше боп тұжырымдалады. Бұл баптың 1-ші бөлігіне сәйкес, қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс-жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Сонымен қатар, дәл осы баптың екінші бөліміне сәйкес, есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзуын сот жаза тағайындау кезінде ескереді және осы кодекстің көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады. Сонымен ҚК –тің 17-бабында аталған психикалық бұзылыс осындай психикалық аурулар мен ауытқуларға байланысты, жалпы олар тұлғаны ақылы дұрыс емеспен тануға мүмкіндік бере алатындығына қарамастан, қылмыс жасаған тұлғаның өз істегенінің қауіптілігін түсінуге немесе өз қылығын басқара алуға айтарлықтай төмендеген қабілеттілігі дегенді білдіреді. Бұл жағдайда әңгіме, жалпы есі дұрыстық көлемінде анықталатын есі дұрыстықтың дәрежесі туралы. Заң қызметкерлері мен психиатрлар жүргізген зерттеулері қылмыс жасаған тұлғаның арасынан ақылы дұрыс деп табылғандардың көпшілігін психикалық анамалияға ұшырағандар. құрастырылатынын көрсеткенін атап өту керек. Есі дұрыс еместіктің мәселесіне мас күйде жасалған қылмысқа жауаптылық қабысып тұр. Қылмыстық заң адамның мас күйде жасаған қылмысы туралы айырықша тоқталады.
ҚК-тің 18-бабында: «Алкогольді ішімдікті, есіткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды делінген.» Бұл бапта алкогольді ішімдікті ішіп немесе есірткілік заттарды қолданғаннан болатын жәй мас болу туралы айтылады. Мұндай мас тұлғаның өз әрекетіне есеп беру немесе басқару қабілетінен айырып қалуына әкеліп соқтырған күнде де, есі дұрыс еместіктің шеңберінде қарала алмайды, себебі бұл жағдайда есі дұрыс еместіктің заңды және медициналық шарттары яғни тұлғанын санасы мен еркін істен шығарып тастайтын немесе айтарлықтай шектитін психикалық бұзылу жоқ. Жәй мас болу, әдетте, ішімдік пен есірткі заттарын өз еркімен қолдану нәтижесінде пайда болады, ал оның қолданылған мөлшері айыптының мас күйіндегі қылығына айтарлықтай ықпал жасайды. Тұлғаның қылығы оның тәрбиесі, мәдени деңгейі, әдеті және т.б. факторларға да байланысты. Осының барлығы мас болуды психикалық аурудың түріне теңестіруге болмайтындығын көрсетеді.Тіпті жәй мас болудың ең ауыр сатысында да олар қоршаған жағдаймен белгілі байланысты сақтайды, өз әрекетіне бақылау жасай алады. Мұндай адамдарда сананың, ойдың алжасуы болмайды. Демек, мұндай жағдайда жауапқа қабілетті деп танылып, қылмыстық жауптылыққа тартылады. Сондықтан да Н.С.Лейкинаның ҚК-тің Ерекше бөлімінде тұлға қоғамдық әрекет жасау кезінде өзінің қылықтарын түсіне алмайтын және оларды басқара алмайтын жағдайға дейін мас күйге жеткендігі үшін жауаптылық қарастыратын жеке бап болу туралы ұсынысы қылмыстық-құқықтық теорияға көпшілік қолдауына ие болмады. Әдетте, жәй мастық күйден патологиялық мас болуды ажырата білу қажет. Патологиялық мас болу қысқа уақытқа созылатын психологиялық қапалану тобына жатады.
Патологиялық мас болуды танымның ауруға шалдығуы салдарынан кенеттен сандырақтау, галлюцинация пайда болып, бағдарлау бұзылады, шынайы іс-әрекетпен байланыс жоғалады, себепсіз кектену пайда болады. Агрессивтік әрекет үлкен күйреткіш күшпен кенеттілікпен, қаталдықпен ерекшеленеді. Патологиялық мас болу факторлардың әсерінен пайда болады және ішкен ішкіліктің мөлшеріне байланысты болмайды. Бұл көрсетілген психикалық бұзылыстар кезінде қауіпті әрекеттер жасау қылмыстық жауаптылықтан тыс болады, себебі заңды және медициналық шарттардың белгілері болғандықтан, тұлға есі дұрыс емес деп танылып, оған жаза орынына дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет