Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмыс құрамының түсінігі және оның мәні



бет41/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

5 – ТАҚЫРЫП. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы
Дәріс жоспары
1.Қылмыс құрамының түсінігі және оның мәні

2.Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері
3.Қылмыс құрамының түрлері
4.Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Дәріс тезистері
Кылмыстық құрамың түсінігі отағасырлық қылмыстық құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек процесуалдық мағынасы болды. Қылмыстың құрамы түсінігі материалдық қылмыстық құқық тек 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында аударылды. Бұның себебінде Ерекше бөлімінде жеке қылмыстар көрсетілген қылмыстық кодекстердің жасалуы болып табылады. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстық белгілерінің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы – бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпті әрекетін құратын және міндеттейтін объективті және субъективті элементтерінің және олардың белгілерінің жүйесі.
Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» сирек қолданылады. ҚК-тің 3 бабында.
Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңында осындай мағына береді.
Бір қылмыстың белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды
Қылмыстың нақты құрамы – бұл бір қоғамға қауіпті іс әрекеттің қылмыс ретінде мінездейтін белгілерінің жиынтығы.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамында бар құрамды мінездейді. Бұлардың екеуінің арасында айырмашылық бар, әсіресе оларды тағайындауда. Қылмыстың құқықтық түсінігі яғни нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауапкершілікті дәлелдеу үшін маңызды роль ойнайды, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың барекендігіне,қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын әрекетке көзіміз жетеді. Қылмыстың жалпы құрамы бұл рольді атқармайды және атқара алмайды.
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі:

  1. қылмыстың заңшығарушы моделі ретінде

  2. ғылыми абстракция ретінде

  3. реалды қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.

Құрамның бірінші мағынасы, ол өлшегіш ретінде роль атқарады, яғни іс әрекетте қоғамға қауіптіліктің деңгейінің оны қылмыскер деп тануға жеткілікті немесе жеткілікті еместігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуын, қылмыстық саясаттың бірқалыпты жүргізілуін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болады.
Қылмыстық құрамының 2-ші мағынасы ол тек қана іс-әрекеттің қылмыс екендігін анықтап қана қоймай,қылмысты қай категорияға, қылмыстар топтарына жататынын анықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау қылмыстың түрін, қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Үшінші мағынасы - заңшығарушы қылмыс құрамымен қылмыстық жазалау шектерін байланыстырады.
Сонымен қылмыс құрамының маңызы келесіде

  • ол қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады

  • ол қылмысты жіктеу мақсаты ретінде қызмет етеді, яғни істелген іс-әрекет ішінде қылмыстың құрамын анықтайды

  • ол қылмыстық жазалау шектерін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет