Байланысты: УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2
Қылмыстық құқық қағидалары. Қағида қандайда бір теориялық білім, ғылымның және т.б. негізігі бастапқы жағдайы.
Қылмыстық құқық қағидаларына мыналар жатады:
Заңдылық қағидасы. Қылмыстық заңда көзделген әрекеттер ғана қылмыс болып табылады. Осыған байланысты келесідей жағдайлармен басшылық ету керек:
А) қылмыстық әрекеттің жасалынуы және оны жасаудың өзге де қылмыстық құқықтың себептері тек қылмыстық заңмен анықталады.
Б) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға міндеттер жүктеледі және заңмен белгіленген құқықтар қолданады.
В) қылмыстық заңның мазмұнын,нақты мәтініне сәйкес түсіну керек.
Теңдік қағидасы-қылмыс жасаған тұлғаларға заң алдында тең жауапкершілікке,олардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілдік және ұлттық көзғарасына, жынысына, біліміне, тіліне, діни нанымына, айналысатын ісінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жері және т.б. мән-жайларға тәуелсіз тартылады. Берілген ереже тікелей ҚР Конституциясының 14 бабында белгіленген.
Жеке жауапкершілік қағидасы-қылмыс жасаған тұлға жеке өзі жасаған әрекеті үшін ғана жауапты. Қылмыстық жауапкершілік басқа тұлғаларға жүктелмейді. Қазақстандық қылмыстық құқық заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін жоққа шығарады.
Кінәлі жауапкершілік қағидасы-қылмыстық жауапкершілікке оның кінәсі дәлелденген зардаптар мен әрекеттері үшін тартылады, яғни қасақана ой немесе абайсыздық. Конституцияның 77 бабының 3 тармағының 1 тармақшасында келесідей қағидалар бекітілген: «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімінен танылмағанша, ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».
Жауапкершіліктің неотвратимость қағидасы-әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыс құрамы белгіленген кез келген тұлғаға қылмыстық заңда көзделген жаза немесе басқа да ықпал ету шаралары қолданылады. Жазаның ескертушілік ықпалы оның қаталдығында емес, неотвратимостьында екендігі барлығына мәлім.
Әділдік қағидасы. Жаза немесе басқа да қылмыстық құқыққа әсер ету шаралары,қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылады және жаза қылмыс ауырлығының деңгейіне, кінәлілігінің деңгейіне және оның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Ізгілік қағидасы (гуманизм). Қылмыс жасаған тұлғаға байланысты оны түзеу мен жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында қажетті және жеткілікті ең аз шамадағы немесе өзге де қылмыстық құқықтық әсер ету шаралары адамдық қадір-қасиетін таптау немесе физикалық қасірет жәбір көрсетуді мақсат етпейді. Конституцияның 17 бабында «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды»деп анықталған.