Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмыстық заңның жүйесімен құрылымы



бет36/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмыстық заңның жүйесімен құрылымы.
ҚР қылмыстық заң шығарушылық толықка дификациясын ескере отырып қылмыстық заң құрылымын ҚК және оның баптарының құрама ретінде қарастырады.
Қылмыстық кодекс – қандай қоғамдық әрекеттер қылмыс болып табылмайтындығы және осы қылмысты жасаған тұлғаларға қандай жаза қолдану қажет екенін анықтайтын өзара байланысты нормалар жүйесін көрсететін ішкі бірлігімен ерекшеленетін заң шығарушылық акт.
ҚР ҚК 2 бөлімінен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімде жалпы қағидаларымен қылмыстық құқық ережелерімен баяндалған қылмыстық жауапкершіліктің негізі мен шарттары ескерілген, жаза мақсаттары қалыптастырады. Жаза түрлері ескеріледі және қылмыстық құқық заң шығарушылыққа қатысы бар басқада жалпы мәселелері шешіледі.
Ерекше бөлімде қылмыстардың нақтылы бөлек түрлері және әрбір жасаған қылмыс түріне қолданылатын жаза көрсетілген. ҚК Жалпы және Ерекше бөлімдері өзара байланысты және бірі екіншісісіз қолданылмайды. Қылмыс жасалды немесе басқа қоғамдық қауіпті әрекет жасалдыма деген сұрақты шешкен кезде ҚК Жалпы және Ерекше бөлімінің норамлары қолданылады.
ҚР ҚК жалпы бөлімі 7 бөлімнен тұрады: 1. Қылмыстың заң; 2. Қылмыс; 3. Жаза; 4. Жазатағайындау; 5. Қылмыстың жазадан босату; 6. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; 7.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
ҚР ҚК ерекше бөлімінде нақты қылмыстар үшін жауапкершілігі анықталған 18 тараудан тұрады. ҚР ҚК-нің тарауы тектік объектісі өзара байланысты (туысты) болатын бір қатар баптарды қарастырады.
Қолдануға ынғайлы болу үшін ҚК-нің барлық баптардың реттік санын (нөмері) болады. ҚР ҚК-да 1 ден 393-ке дейін баптарбар.
ҚР ҚК-нің баптарының көбі өзінің мәндерінің бөлімшелерінен және пунктерден тұрады.
Бап бөлімі (сандық) санмен белгіленген, бөлік абзацқа бөлінеді, ал пункте бөлінетін баптар әріптік белгімен белгіленеді (99 б 2 т)
Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартқанда міндетті түрде қылмыстық кодекстің нақты бабын, ал қажетті жағдайларда оның бөлімімен пунктенде көрсету керек. Қылмыстық кодекс баптарына сілтеме тек заң мазмұны жағынан ғана емес, сонымен қатар оның нөміріде нақты көрсетілген болуы қажет. Бап нөмірінің және бөлімінің дұрыс қолданылуы заңсыз үкім шығаруға және оның күшін жоюға әкеледі.
ҚК-тің ерекше бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан тұрады.
Диспозициядеп нақтыны жаза (көрсетілген) көзделген әрекетті сипаттайтын, нұсқайтын және атайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.
Диспозиция түрлерінің маңызды белгілері: жай, сипаттамалы, сілтеме, бланкетті.
Жай диспозиция қылмысты жалпыға мәлім термин мен атын ғана айтыпқалды, оның нақты белгілерін анықтап көрсетпейді және сипаттамасын бермейді. (Мыс, ҚР ҚК 125 б). Жалпыға мәлім «адам» деген түсініктен басқа заңшығарушы диспозицияға бұл терминді түсіндіретін ешқандай белгілер енгізбеген. Мұндай диспозиция түрін заңшығарушының қолдану себебі, қылмыста, оның атауыда жалпыға мәлім және оны дәлірек сипаттаудың қажетті жоқ деп есептеуге негізінің болғанында.
Сипаттамалы деп заң шығарушы термінді атапқана қоймай, сонымен қатар оны түсіндіретін және осы қылмысты сипаттайтын негізгі белгілер келтірілген диспозицияны айтамыз. Сол сияқты ҚК 257 б. бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолдану мен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен немесе ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасау мен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық – деп анықтайды.
Сілтемелі диспозиция деп қылмыс белгілерін анықтау үшін, қайталауды болдырмау үшін, ҚК-тің басқа бабына немесе баптың бөлігіне сілтеме жасайтын диспозицияны айтамыз. Содан ҚК 165 бапта мемлекетке опасыздық нысанының бір түрі ретінде шпионаж ескерілген, ал оның белгілерін (анықтау) нақтылау үшін 166 бапты қарау керек. Сол сияқты, 103 және 104 баптарды мысалға келтіруге болады.
Бланкетті деп ерекше бөлім баптарын, яғни қылмыстық әрекет белгілерін тікелей заңның өзінде анықтамай, оны басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге – үкімет қаулыларымен жарлықтарына, министрліктердің бұйрықтарымен ережелері, жүпілікті билік органдарының нұсқаулары және т.б.
Бланкетті диспозицияға мысал болып ҚР ҚК –нің 296 б.табылады – көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы; 245 бапта – кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуы; 246 – бап –жарылыс қауіпті бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б.
Қылмыстың заңда бланкетті диспозициялар немесе оның бөлімдері болмағанда, кейбір әрекеттердің белгілерін сипаттағанда баптардын көлемі, тым ұлғайып, оны пайдалану мүмкін емес болар еді.
Санкция деп – берілген қылмыс жаза түрімен мөлшерін анықтайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.
Санкция абсолютті – айқындалған және салыстырмалы- айқындалған болады.
Абсолютті-айқындалған санкция бір ғана жазалаушы арасында орнықтырады, сонымен қатар оның түрін және жаза мөлшерінде көрсетеді. Мұндай санкциялар сотқа әрбір қылмыс ерекшелігін ескеруге мүмкіндік бермейді және негізінен қылмыскер тұлғасын, сондықтан олар өте сирек қолданылады. Абсолютті-айқындалған санкция өлім жазасы түрінде полиция қызметкерінің немесе халық жасақшылар өміріне ауырлататын мән-жайларда 173-1 бабында көрсетілген. Сонымен қатар 10 жылға басбостандығынан айыру сияқты минималды (ең аз) шектерін белгілейтін санкциялық баптар бар. Мысал ретінде 160 (геноцид) және 161 (экоцид) баптарын айтуға болады.
Салыстырмалы-айқындалған санкция деп ең төменгі және ең жоғарғы жаза шектерін белгілейтін санкцияны айтады.
Салыстырмалы-айқындалған санкциялардың 2 түрі бар: 1) жазаның минимумды ең максимумы көрсетілген – бұл жағдайда заңда жазаның төменгі және жоғарғы шектері белгіленеді, жазаның түрімен мөлшері көрсетіледі. (Мыс, 3-тен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру); 2) жазаның максимумының көрсетілуімен («дейін» мерзімімен – мыс, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру).
Көптеген санкциялар балама түрде көрсетілген, сондықтан сотқа екі немесе одан көп жазадан таңдау мүмкіндік береді.
Кәзіргі әрекет етіп жатқан қылмыстық заңда балама (альтернатив) санкциялар жиі қолданылады және оны дұрыс деп табамыз, себебі ол бір түрі көлемінде сотқа тек жаза көлемін ғана емес, сонымен қатар (орынды) мақсатқа сәйкес жаза түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақыт бойынша қолданылуы. ҚК 6 және 7 баптарында қылмыстық заңның кеңістіктегі әректеінің қағидалары анықталған: территориалдылық және азаматтық.
Егеменді мемлекеттің тұрақтылығына негізделген бірінші қағидасына сәйкес (6 бап), ҚР-ның аумағында қылмыс жасаған адам қылмыс жасалған жердегі әрекетін қылмыстық заңға сәйкес (жауапкерілікке) жауапқа тартылады.
Азаматтылық қағидасы (7 бап ҚР ҚК) ҚР-ның азаматтарының шетелде жасаған қылмыстары үшін республиканың қылмыстық заңына сәйкес жауапкершілік көзделген. Осыдан келе, территориалдылық қағида азаматтық қағидасымен үйлеседі.
ҚР территориясы болып оның мемлекеттік шеқарасын акіретін құрлық, ішке өзен, көл және теңіз сулар кеңістігі, әуе кеңістігі және су бетішектері жатады (13 қантар 1993 ж «ҚР мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР заңы).
Құрлық территориясы мұхит және сыртқы теңіз суларымен жанасқан жағдайларда, мемлекет территориясына жағалау суларымен әуекеңістігінен 12 теңіз милі жоғары қарашықтық жатады. Біздің мемлекетіміздің қылмыстық құқықтық нормалары ҚР континентальдік шельф (Каспий теңізі) кеңістігінде жасалған әрекеттергеде қолданылады.
Шельф-теңіз территориясына жанасатын белгілі тереңдік және теңіз қойнау түбінің тереңдігі.
Сулы және құрлық бетінің территориясының төменгі кеңістігі жатады және ҚР-ның мемлекеттік шекарасымен анықталған қойнау терендігі шектелмеген.
ҚР әуе кеңістігі құрлық пен су аумағының үстіндегі берілген аспан кеңістіктері жатады.
Үшкі теңіз сулары ҚР-ның территориалдық теңізінің өлшеу қабылданған (белгіленген) бастапқы сызықтан жағалауға қарай жолбыған теңіз сулары.
Территориалдық теңіз – ҚР-ның заңнамаларына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес өлшенген, ені 12 теңіз миль теңіз жағалауындағы теңіз сулары.
Ашық теңіз – рұқсаты халықаралық құқық пен реттелетін ҚР-ның территориалдық теңізіне немесе басқа мемлекеттердің теңіз, мұхиттарына жатпайтын кеңістік.
Континентальдык шельф – 1958 ж. Женева Конвенциясына сәйкес берілген түсінік 200м-ге дейінгі тереңдіктегі территориалдық теңіз шегінен тысқары, жағаға жанасып жатқан, жағалау мемлекеттерді жер бетімен жер қойнауы су асты ауданында алып жатады.
ҚР ның территориясында болып шетел мемлекетінің территориясында немесе осы территорияда ұшып өтіп жатқан ҚР-мен танылатын жалауы бар, әскери емес ұшақ таратына болады.
ҚР-ның ҚК-нің 6 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған барлық тұлғалар, сонымен қатар шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдар,қылмыстық жауапкершілікке,қылмыс жасалған жерде әрекет ететін қылмыстық заңмен ҚР-ның азаматтарымен жалпы негіздерде (бірдей құқықтарда) жауапқатартылады.
Әрекет етіп жатқан заңға және халықаралық келісім шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының соттарының қылмыстық істері бойынша соттылықты емес азаматтары мен шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерінің қылмыстық жауапкершілік мәселесі, бұл тұлғалар ҚазақстанРеспубликасы территориясында қылмыс жасаған жағдайда дипломатиялық жолмен шешіледі. Жеке қолсұғылмаушылықпен және қылмыстық жауапкершіліктен иммунитет пен әрдайым қолданатындар: дипломатиялық өкілдік басшысы (елші, істердесенілген), кеңесші, сауда өкілдері және олардың орынбасарлары, әскерилер, әскери теңіз және әскери әуе аттешелері және олардың көмекшілері, бірінші, екінші және үшінші хатшылар, атташе және хатшы-архиваристер, сонымен қатар олармен бірге тұратын, ҚР азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері. Экстерриториалдылық құқық дипломатиялық өкілдердің көліктері, қызмет және тұрғын үйлеріне таралады. Бірақ бұл дипломатиялық иммунитетті дипломатиялық өкілдік қызметімен байланысты емес мақсатта қолдануға құқық бермейді. Экстерриториалдық құқықты асыра пайдаланатын тұлғалар «персона нон грата» деп жарияланады. Оларға ҚР территориясының тастап кету ұсынылады.
ҚР ҚК-ң 7 б азаматтық қағидасына сәйкес ҚР шегінен тыс жерлердегі қылмыстарға қатысты қолданатын ҚР ҚК әрекеттеі анықтайтын келесі тұлғалар категориясы: ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шет елдіктер.
ҚР ҚК 7 б 1 т: «ҚР-ң шегінен тыс жерлерде ҚР азаматтары егер олар жасаған әрекет өз аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жаза аумағында қылмыс жасаған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады» деп белгіленген.
ҚР-ң шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шет елдіктер қылмысты ҚР-ң мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және ҚР халықаралық шарттарында көзделген жағдайында егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және олар ҚР аумағында жауапқа тартылса осы кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Бұл жағдайда ҚР территориясындағы дипломатиялық имунитетпен қолданатын тұлғалардан басқа шет елдіктер ескерілген.
ҚР ҚК-ң 4 б көрсетілгендей: «Әрекеттің қылмсытылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасаған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленді.» Қоғамдық қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылға уақыт зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасаған уақыт деп танылады.
Қазақстанда заңдарды әрекеттің енуі мен жариялануының белгіленген тәртібі бар.
Қабылданған заң ресми органда қабылданған күннен бастап 7 күннен кешіктірмей жариялану тиіс. Егер актілерде заңды күшіне енуінің өзге мерзімдері белгіленбесе заңдар мен өзге де актілер ресми органда жарияланған күннен 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.
Заңнамаларда қылмыстық заңның күшін жою туралы мәселе шешілмеген, көптеген ғалымдар заңды күшіне енген және әрекет етіп жатқан жоюының дұрыс деп тапқан жағдайларын көрсеткен: 1) күшін жою 2) басқа заңмен алмастыру 3) заңның әрекет ету мерзімі аяқталуы.
Заңның уақыт бойынша қолданылуының жалпы анықтамасын жаңа заңның күшіне енген кезден бастап және қылмыстың аяқталу кезеңдерін салыстыру арқылы айқындаймыз. Егер қылмыс аяқталу мезетте жаңа заң қабылданған кезеңнен бұрын аяқталса, онда ескі заң қолданылады. Егер қылмыстың аяқталу мезеттінде жаңа заңның тұсында болса – жаңа заң қолданылады және ол қылмыстың ұзақтығына, жалғасымдылығына және бір реттігінде болмайды.
Заңның кері күші – берілген заңның ол шығарылғанға дейін әрекетте таралған әрекеті, бұл мәселе ҚР ҚК 5 б қарастырылады.
Жаңа заңның кері күші болады, егер ол: 1) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын немесе 2) жауаптылықты немесе жазаны жеңілдетсе. Қылмыстық жауаптылықты қайта белгілейтін немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші болмайды.
Жаза жаңа заңмен жеңілдетіледі, егер: альтернативті санкциядан ең ауыр жазаны алынып тасталынуы немесе оны жеңіл жазамен алмастыру; жоғарғы және төменгі жаза шектерін азайту; қосымша жазаны алып тастау, сакцияға жаңа, аса жеңіл жаза енгізу; соттың көзғарасы шаралары қолдану мүкіндігін регламенттеу; әрекетінің жазалануын жеңілдететін сапалық жағдайын ескеретін жаңа бөлім енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет