Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Физикалық немесе психикалық күштеу



бет71/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Физикалық немесе психикалық күштеу.
ҚР ҚК –де алғаш рет әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығартын өзіндік жағдай ретінде физикалық және психикалық күштеуге арналған бап енгізілді.
Тұлғаны талғамалы, сананың басшылығымен және еркін ерікпен әрекет ету мүмкіндігінен айыратын физикалық күштеу оның осының нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге тигізетін зиян үшін жауапкершілігін толығымен жоққа шығарады. Күштеудің сипатына байланысты құқықтық жағынан уәжделген әрекет пен кінәні жоққа шығартын жеңілмейтін күш әрекетімен немесе аса қажеттілік жағдайымен бағалас жағдайлар болуы мүмкін (мәселен, қинау кезінде адам мемлекеттік құпияны ашуы мүмкін, қатыгездікпен ұрып-соғылған адам тонауды жүзеге асыруға көмектесуге келісуі мүмкін).
Егер физикалық күштеу жеке тұлғаны толығымен әрекеттерді таңдаудың бостандығынан (талғамдылығынан) айырмаса, бірақ оған одан кейінгі физикалық ықпал етуді болдырмау үшін оның заңға қарсы әрекет етуге немесе әрекетсіздік жасауға мәжбүрлесе, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру үшін жауапкершілік туралы мәселе ҚР ҚК 34-бабына сәйкес шешіледі.
ҚК 36-б. 2-бөл. психикалық күштеумен байланысты заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қашан да аса қажеттілік ережелері бойынша бағалануы керек деп негіздейді.
Бұйрықты немесе өкімді орындау
Жалпы ереже заңды бұйрықты немсе өкімді орындау, тіпті оны орындау кезінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілген болса да, қылмыс болып табылмайтындығынан тұрады. Бұйрықтың міндеттілігі оның заңдылығынан шығады. Заңсыз бұйрық орындалмауы тиіс, болмаған жағдайда заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік пайда болады. Осындай бұйрықты берудің өзі де, оны орындау да жазаланады. Бұйрықтың заңсыздығы бұйрық беруші тұлғаның құқық өкілеттілігінің болмауынан, бұйрықтың белгіленген нысанын сақтамаудан (мысалы, жазбаша) көрінуі мүмкін, ал оның қылмыстылығы мазмұнымен, яғни берілген мекеменің (ведомстволықтың, ұйымның) қызметіне және тапсырыстарына сәйкессіздігімен, ал ең бастысы адам құқықтары мен бостандықтарына шек қоюмен анықталады, өйткені соңғылары кез келген билік органдары қызметінің мәнін анықтайды. Бұйрықтың немесе өкімнің заңға сәйкестігі әр нақты оқиғада тиісті бұйрық немесе өкім берген тұлғаның құзыретін анықтайтын белгілі бір заңдарды (заңға тәуелді нормативтік актілерді) талдау жолымен анықталады. Осылайша, бұйрықты немесе өкімді орындаушы тұлғаның әрекеттерінің заңға сәйкестілігінің бірінші шарты болып олардың заң талаптарына сәйкестігі табылады.
Бұйрықты немесе өкімді орындау кезіндегі тұлғаның әрекеттерінің заңға сәйкестілігінің екінші (субъективті) шарты – бұл тұлғаның оның заңсыздығын түсінуінің болмауы. Егер бұйрықты (өкімді) орындаушы алдын ала оның қоғамға қарсы бағыттылығын білген болса, ал бұдан шығатыны оның нәтижесінде пайда болатын қылмыстық салдарды болжаса, ол қылмыстық жауакершілікке тартылады, өйткені мұндай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлар орын алмайды.
Алдын ала қылмыстық бұйрық – оны берген тұлғаның құзыретінің шегінен анық, ешбір шүбәсыз шығып кететін және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңның мазмұнынан қайшы келетін бұйрық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет