Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


- ТАҚЫРЫП. Әрекеттің қоғамга қауіптілігі мен құқықа қылмыс кайшылыгын жоятын мән – жайлар



бет66/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

13 - ТАҚЫРЫП. Әрекеттің қоғамга қауіптілігі мен құқықа қылмыс кайшылыгын жоятын мән – жайлар
Дәріс жоспары
1.Іс - әрекеттің қылымс екендігін жоятын мән – жайлардың сипаттамасы
2.Қажетті қорғану
3.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зияни келтіру
4.Аса (мәжбүрлі) қажеттілік
5.Орынды тәуекел ету
6.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
7.Бұйрықты немесе өкімді орындау
Дәріс тезистері
Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлар түсінігі мен түрлері
Қылмыс қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғам үшін қауіпті әрекет болып табылады. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің ерекше белгісі азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге айтарлықтай зиян келтіруден көрінеді. Бірақ қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге объективті түрде зиян келтіретін әрекет белгілі бір жағдайларда қылмыстық немесе жазаланатын әрекет деп қарастырылмайтын оқиғалар да болады. Тұлға жасаған әрекеттің әсері нақты қылмыс секілді көрінетіндігіне қарамастан, өз мазмұны бойынша олар тек қоғамдық қауіпті төндірмей ғана қоймай (яғни қылмыстық –құқықтық қорғау объектісіне зиян келтірмей), керісінше, қоғам және оның мүшелері үшін пайдалы болып табылады.
Әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын жағдайлар – бұл тұлға тигізген зиян қылмыстық жауапкершілікке әкелетін қоғамдық қауіпті әрекет (қылмыс) ретінде қарастырылмайтын өзіндік жағдайлар (шарттар).
Қазақстан Республикасының ҚК-де әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын келесі жағдайлар анықталған: қажетті қорғаныс (32-б.), озбырлық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру (33-б.); аса қажеттілік (34-б.), жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру (34-1-б.), негізделген қауіп-қатер (35-б.); физикалық немесе психикалық күштеу (36-б.), бұйрықты немесе өкімді орындау (37-б.).
Сонымен бірге, қылмыстық құқықта әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын басқа бірқатар жағдайлар белгілі: жәбірленушінің келісімі, өз құқығын жүзеге асыру, кәсіби міндеттерін орындау.
Жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгенінің болуы жеке тұлғаның мүдделеріне, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерге объективті түрде зиян келтірілетін жағдайларда істелген әрекетке берілетін бағаны өзгертеді және сырттай зиян келтіретін, жағымсыз әрекетті әлеуметтік пайдалы, құқық тәртібін қорғауға себін тигізетін немесе ең құрығанда рұқсат етілген мінез-құлық қатарына ауыстырады. Сол себепті олардың кез келгенінің болуы істелген әрекетте қылмыс құрамының жоқтығына куә болады.
Сөз қозғалып отырған жағдайлар тұлғаның мысал үшін оның қылмыстық жауапкерілік басталатын жасқа жетпеуінің немесе есінің дұрыс еместігінің себебімен емес, өздігінен тұлға тигізген залалға қарамастан әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады. Оған қоса, әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлар әрекеттің анық аз маңыздылығы (9-б., 2-бөл.), қылмысты жасаудан ерікті түрде бас тарту (26-б.), қылмыстық қудалаудың мерзімінің өтуі (69,75 бб.), сондай-ақ қылмыстық-құқықтық тыйым салудың күшін жою (декриминализация) секілді тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды мүмкін емес қылатын қылмыстық заңның ережелерінен айыра білу қажет. Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлардың табиғаты түбегейлі түрде мүлдем бөлек. Бұған дейін айтылғандай, олар сырттай зиян келтіретін және сол себеппен қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттің жасалу процесі жүретін өзіндік объективті жағдайлар. Сол себепті әрекеттің қылмыстылығы орын алатын ерекше жағдайлардың қылмыстық құқықта ерекше аталуының мән-мағынасы осындай жағдайларда тұлғаның істеген әрекеті түбірінде қоғамға қарсы қылық деп саналмай, әу бастан әлеуметтік тұрғыдан пайдалы әрекет болып табылатындығына ерекше көңіл бөлуде жатыр.
«Жағдай» түсінігі анықтан-анық белгіленген мағынаға ие, ал дәлірек айтсақ: бұл – белгілі бір құбылыспен (бұл жағдайда – зиян келтіретін әрекетпен) қатар жүретін шарт. Сол себепті, «әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлардың» мәнін белгілі бір зиян келтіретін әрекетпен қатар жүретін өзіндік шарттар ретінде ашып көрсету дәлірек болады.
Кейде жоғарыда аталған жағдайлардың біреулері әрекеттің нақты қоғамдық қауіптілігін, ал қалғандары – құқыққа қарсылығын жоққа шығаратындығы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет