Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»



бет68/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Аса қажеттілік
Аса қажеттілік жағдайында, яғни аталған тұлғаның және басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңды мүдделеріне, қоғам немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнетін қауіпті жою үшін, егер бұл қауіптің басқа құралдармен жойылуы мүмкін болмаса және аса қажеттіліктің шектерінен асып кетуге жол берілмесе, Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Аса қажеттіліктің заңға сәйкестігі төніп тұрған қауіпке қатысты және оны жоюға бағытталған болып бөлінеді.
Төніп тұрған қауіпке қатысты аса қажеттіліктің заңға сәйкестігінің шарттары келесі белгілермен сипатталады:
1. Қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі мүмкін кез келген күш (стихиялы табиғат күштері: жер сілкінісі, су тасқыны, қарлы боран және т.с.с.), адам ағзасындағы физикалық процестер (ауру, аштық және т.с.с.), механизмдердің жұмысы (ұшақты сынау кезіндегі мотордағы ақаулықтар және т.б.) қауіп көзі бола алады.
2. Қауіп орын алған, яғни ол көз алдында, өтіп кетпеген, іле-шала пайда болуы мүмкін болуы керек.
3. Қауіп адам қиялының нәтижесі емес, шынайы, яғни нақты, объективті бар болуы керек. Егер істің жағдайлары бойынша тұлға қауіп іс жүзінде жоқ екенідігін түсіне алмаса және түсінуге міндетті болмаса және қылмыс белгілеріне жататын жорамал қауіпті жоюға бағытталған қандай да бір әрекеттер жүзеге асырылса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Төніп тұрған қауіпті жоюға бағытталған шараларға қатысты шарттар мынаны талап етеді:
1. Аса қажеттілік жағдайында жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделер қорғалуы мүмкін.
2. Бұл жағдайдағы төніп тұрған қауіп зиян келтіруден басқа ешбір жолмен жойыла алмайды. Егер зиян басқа адамдарға зиян келтірусіз басқа жолмен тоқтатылса, аса қажеттілік болмайды.
3. Егер алдын алған зияннан аз зиян келтірілсе қорғау әрекеттері заңға сәйкес болады.
Аса қажеттілік шектерінен асып кету деп төніп тұрған қауіптің сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмейтін зиян келтіру және қауіп құқықпен қорғалатын мүдделерге алдын алған зиянға тең немесе одан айтарлықтай елеулі зиян келтірілген кезде жойылған жағдай танылады. Мұндай шектен асу тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана жауапкершілікке әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет