Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Озбырлық жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру



бет70/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Озбырлық жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру
Қылмыс жасаған тұлғаға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа озбырлықтарды жасау мүмкіндігін жою үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай тұлғаны басқа құралдармен ұстау мүмкін болмаған болса және сол кезде ол үшін қажетті шаралардан асып кетуге жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.
Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау құқығына, ол үшін арнайы өкілеттіліктер берілген тұлғалармен қатар, сондай-ақ жәбірленушілер мен басқа азаматтар ие болады.
Озбырлық жасаған тұлғаны ұстауды осы тұлғаны билік органдарына жеткізу мақсатымен қылмыс жасаған тұлғаға зиян келтіруден тұрған әрекеттер ретінде анықтауға болады. Әдетте, ұсталатын адамның еркінен тыс жүзеге асырылатын озбырлық жасаған тұлғаны ұстау физикалық бостандықты (қозғалу бостандығын) шектеу түрінде оның мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүреді. Қылмыс жасаған тұлғаға дене зақымдануларын жасаумен немесе оның жеке мүдделерін (игіліктерін) басқаша елеулі бұзумен ілесетін неғұрлым елеулі күштеу қолданылатын ұстау жағдайлары да орын алады. Мұндай жағдайларда қылмыскерді ұстау бойынша шаралардың заңға сәйкестігінің шарттарын анықтаудың қажеттілігі пайда болады. Бұл шарттарды екі топқа бөлуге болады: біріншіден, олар болған жағдайда қылмыскерді ұстау құқығы өздігінен жүзеге асырылуы мүмкін болатындары, екінішіден, қылмыскерге оны ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкес шектерін анықтайтындары.
Бірінші топқа екі шарт жатады:
Бірінші шарт – ұстау үшін құқықтық негіздеменің болуы, яғни тұлғаның қылмыстық әрекет жасауы.
Екінші шарт – ұстау кезіне қатысты болады және оның уақыттылығын анықтайды.
Екінші топта келесі шарттарды бөліп көрсетуге болады:

  • Ұстау кезінде қылмыскерге зиян келтірудің мақсаты болып оны билік органдарына жеткізу және сотқа табыстау табылады;

  • Зиян лажсыз тигізілуі керек. Басқаша айтсақ, қылмыскерге зиян келтіру осы жағдайда оны ұстаудың жалғыз жолы болып табылады;

  • Зиян тек ұсталатын адамға ғана келтірілуі мүмкін;

  • Келтірілген зиян жасалған қылмыстың сипатына және қоғамдық қауіптілігіне және ұстау кезіндігі жағдайларға сәйкес келуі керек.

Ұсталатын адамның өмірін қию тек қылмыскер ұстау барысында ұстаушының немесе бөтен адамдардың өмірі үшін қауіпті белсенді қарсылық көрсеткен жағдайда ғана, яғни қылмыскерді ұстау іс жүзінде қажетті қорғаныс түріне ауысатын кезде ғана орын алуы мүмкін. Сол себепті ұстау барысында одан өлім қаупі тарамаған қылмыскерді қасақана өлтіру ұстаудың рұқсат етілген шектерінен анық шығуды білдіреді және қылмыстық-жазаланатын әрекет болып табылады. Тек ауыр қылмыс жасаған қарулы қылмыскердің қауіптілігінің аса жоғары дәрежесі анық болған кейбір, өте сирек жағдайларда ғана ақырғы шара ретінде оны жою туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Ұстау шараларынан асып кету олардың қылмыстың қауіптілігі мен ұстау кезіндігі жағдайларға оның сәйкессіздігі ретінде келесі жағдайларда мүмкін:

  1. ұсталатын адамды оның тарапынан агрессивті қарсылық көрсету болмаған жағдайда өлтіру;

  2. ұсталатын адамға іс жүзінде неғұрылым аз маңызға ие зиян келтірумен шектелуге болғанмен, анық қажеттіліктің болмауынсыз оған ауыр деен жарақаттары жасалған жағдайда;

  3. зорлаусыз қылмыстар жасағаны үшін ұсталатын тұлғаға ауыр немесе азды-көпті ауыр дене жарақаттарын қолдану.

Қажетті қорғану және аса қажеттіліктен озбырлық жасаған тұлғаны ұстаудың ерекшелігі төмендегідей келеді:
1) қажетті қорғаныс пен аса қажеттілік жағдайы тек заңмен қорғалатын мүдделерге (игіліктерге) төнген қауіптің болған жағдайында ғана анық, ал қылмыскерді ұстау бойынша әрекеттер тек бұл қауіпті - оның жасалған қылмысты жүзеге асырылуы жойылғаннан кейін ғана жүзеге асуы мүмкін;
2) қажетті қорғаныстың мақсаты қылмысты бұлтартпауда (шабуылға тойтарыс беруде), ал аса қажеттілік кезінде – төніп тұрған қауіптің алдын алуда жатыр, ал қылмыскерді ұстаудың мақсаты болып оны билік органдарына жеткізу табылады;
3) қажетті қорғаныс кезінде озбырлық жасаушыға зиян келтіру төніп тұрған қауіпті жоюдың қарапайым құралы болып табылады, ал қылмыскерді ұстау және аса қажеттілік жағдайында физикалық зиян келтіру – төніп тұрған қауіпті жоюдың жалғыз мүмкіндігі (құралы);
4) қажетті қорғаныс кезінде шабуыл жасаудың өмірін қиюға жалпы ереже бойынша рұқсат беріледі, ал аса қажеттілік жағдайында біреуді өлтіру тек айрықша жағдайларда ғана мүмкін, ал қылмыскерді ұстау, егер оның тарапынан агрессивті қарсылық (іс жүзінде - шабуыл ) болмаса, ұсталатын адамның өмірін қиюмен тіптен үйлеспейді;
5) аса қажеттілік кезінде келтірілген зиян әрқашан алды алынған зияннан аз болуы тиіс, ал қажетті қорғаныс кезінде және қылмыскерді ұстауда оған келтірілген зиян жасаған қылмысына сәйкес болуы тиіс болғанмен де, қылмыскер тигізген зиянмен салыстырғанда одан да елеулі болуы мүмкін.
Озбырлық жасаған тұлғаны ұстау үшін қажетті шаралардан асып кету деп олардың ұсталатын адамның жасаған қылмысының сипатына және қоғамдық қауіптілік деңгейіне және тұлғаға қажетінсіз анық шамадан тыс жағдайға байланысты туындамайтын зиян келтірілетін ұстау кезіндегі жағдайына анық сәйкессіздігі танылады. Мұндай шектен асу тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана қылмыстық жауакершіліке әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет