Байланысты: УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі және түрлері. Жаңа ҚР ҚК қылмыстық жауаптылықтан босатуға байланысты нормалары 5 бөлімде жазадан босатумен бірсе көрсетілген.Қылмыстық жауаптылық дегеніміз қылмыс жасаған адамға қолданатын қылмыстық-құқықтық әсердің шараларын айтамыз.Аталған шаралардың мазмұнынан қылмыстық жауаптылық жазаны және басқада жаза болып табылмайтын қылмыстық-құқықтың жерінің шараларын өзіне қосады. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық екіге бөлінеді: жаза тағайындаусыз және жаза тағайындау арқылы. Бірінші жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босату соттың өзімен (айыпту үкімін шығармай) немесе судья, прокурор болмаса анықтау органымен жүзеге асырылады. Екінші жағдайда қылмыстық жауаптылықтың мазмұны болып айыптау үкімін адамды соттау және оған жазаны нақты қолдану. Осыған орай, кең мағынада кез келген қылмыстық жауаптылықтын босату бірмезгілде жазадан босату болып табылады. Тар мағынада қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босатудан елеулі өзгеше. Осыған байланысты босатудың екі түрі өзінің арнайыланғанан қылмыстық-құқықтық мазмұны болады.
ҚР ҚК қылмыстық жауаптылықтан босатудың келесі түрлерін қарастырады:
шын өкінуіне байланысты;
қажетті қорғану шегінен асқан кезде;
жәбірленушімен татуласуына байланысты;
жағдайдың өзгеруіне байланысты;
ескіру мерзімінің өтуіне байланысты;
рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде.
Заңда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайларының бәрінде адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады, егер қылмыс құрамын құрайтын іс-әрекет жасаған кезде босатылады, яғни қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыстық жауаптылық негізі болғанда. Бұл қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыстық жауаптылықтан босатылудың түрлері, жауаптылыққа тартпау негіздері бар болуымен байланысты жауаптылықтан босатудан (қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлар) айырады. Мұнымен қатар қылмыстық заң кез келген қылмыстан емес, белгілі ауырлықтағы қылмысты жасаудың мүмкіндігімен байланыстырылады. Қылмыстық жауаптылықтан босату, тек ауырлығы жеңіл немесе орташа қылмыстарды жасауда ғана мүмкіндігі бар. Одан басқа талап, ауырлықтың көрсетілген дәрежесі қылмысты адамның алғаш рет жасауы. Бұған қоса адаммен ауырлығы кішігірім немесе орташа қылмысты жасауы - әдетте мұндай адамды қылмыстық жауаптылықтан босатудың себебі емес.Тағы бір маңыздылық аталған ауырлықтағы қылмысты жасаған адамның өзі қоғамдық қауіп келтірмеуі болып табылады (өйткені мұндай қылмыстардың барлық жағдайлары қылмыстық жазалау саласынан шығып кетер еді). Бұл шарттардың жиынтығы мынандай қорытындыға мүмкіндік береді, қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық заңда мынамен байланысты қарастырылады, нақты адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды жалғастыруға мағына жоқ, яғни оған жазаны қолдануға және оны жазаны өтеуге мәжбүр етуге.