Байланысты: УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2
17-ТАҚЫРЫП. Шартты түрде соттау Дәріс жоспары
Шартты түрде соттаудың бас бостандығынан айыруға балама қылмыстық құқықтық ықпал ету шарасы ретіндегі түсінігі және құқықтық табиғаты.
Сотталған адамның бас бостандығынан айыру жазасын өтемей түзелуі мүмкін деген түйінге келуі шартты түрде соттауды қолданудың негізі ретінде.
Шартты түрде соттауды қолдану шарттары. Шартты түрде соттауды қолдануға шектеулер.
Шартты түрде соттаудағы пробациялық бақылау. Пробациялық бақылау мерзімінің ұзақтығы. Пробациялық бақылау мерзімін қысқарту және ұзарту.
Дәріс тезистері
Қылмыстық құқық іс-әрекетті қоғамға қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік деп түсінеді. Іс-әрекет әрқашанда нақты, яғни белгілі бір тұлғамен белгілі бір жағдайда жерде жасалады.
Қылмыстық іс-әрекет - қоғамдық қатынастарға зардап келтіретін қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы активті (әрекет) немесе пассивті (әрекетсіздік), тұлғаның сыртқы әлемдегі көрінетін мінез-құлқы.
Егер тұлғаға көнбейтін күш күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу арқылы әсер етілсе онда қылмыстық құқық түсінігінде іс-әрекет болмайды. Көнбейтін күш, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу түсінігі қылмыстық құқық заңдылығында берілмейді.
Азаматтық құқықта көнбейтін күш деп белгілі бір табиғат апатының, хайуанаттардың, механизмдердің, адамдардың және басқа да факторлар мен жағдайдың әсерінен адам өзінің ойлаған ойы мен тиісті бір әрекетін жасай алмауына бөгет жасайтын немесе амалсыздан ырқына көнбейтін іс-қимыл жатқызатын күшті айтады.
Күштеп мәжбүрлеу деп бір адамның 2-ші бір адамды әсер етумен мүмкіндігін пайдалануға ырық бермей еріксіз басқаға зиян келтіретін іс-қимыл жасауға тиісті іс-әрекетті жасай алмауына еріксіз көндіруі.
Психикалық мәжбүрлеу адамның еркін сирек толығымен басады (мысалы, гипноза).Көп жағдайларда психикалық мәжбүрлеу күш көрсететін материалдық немесе моральдық залал келтіремін деп белгілі бір әрекет жасауға немесе керісінше жасамауды талап ету деп білеміз, бірақ адамның өз еркімен әрекет теу мүмкіндігі болады.Сол себепті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасалған қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке жатады. Кейбір жағдайларда аса қажеттілік шарттары болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік болмауы мүмкін. Мысалы: кассир өміріне қауіп төнген жағдайда ақшаны қылмыскерлерге беріп қойса, ол жауапкершіліктен босатылады, өйткені адам өмірі барлық материалдық құндылықтардан бағалы.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің аса көп тараған қалпы әрекет болып саналады. ҚК көзделген құралдардың арасынан 2/3 әрекет арқылы жасалады.
Қылмыстық әрекет сырттай арқылы (оскорбление) немесе сөз сөйлеу арқылы (угроз) немесе көп кездесетін, адамдарға сыртқы әлем заттарына физикалық әсер ету арқылы (ұрлау барысында затты алу, тапаншаны қолдану арқылы адам өлтіру).
Қылмыстық әрекет - тұлғаның құқыққа қарсы осы жағдайда, жерде, уақытта, қоғамға қауіпті деп саналатын әрекеті.
Әр қылмыстық әрекет бірнеше белгілерімен сипатталады: а) физикалық дене қозғалысы б) қоғамға қауіптілік в) құқыққа қарсылық.
Қылмыстық құқық мағынасындағы әрекет және дене қозғалыс - бір-бірімен байланысты, бірақ бір түсінік емес. Аяғы тайып кеткен адам басқа адамды қағып оған зардап келтіруі мүмкін.Қылмыстық құқық тұрғысынан ол әрекет жасамайды, өйткені оның дене қозғалысы рефлакторды болып табылады.
Әрекетсіздік - ол іс-қимылдың пассивтік формасы және ол әрекеттердің қарама-қарсылығы болады.
Қылмыстық әрекетсіздік - тұлғаның осы жағдайда, жерде, уақытта қоғамға қауіпті деп саналатын тұлғаның жасауға міндетті немесе жасай алатын әрекетті жасамауы.
Әрекетсіздік - тұлғаның бір әрекет жасаудан бас тартуы немесе пассивтік іс-әрекеттің жүйесі болып табылады.Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстың ішіне қылмыс туралы айтып жеткізбеу (364 б) ауруға көмек көрсетпеу (118 б) бұйрықты орындамау немесе бағынбау (367 б).
Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстың басталуы болып тұлғаның жасауға жағдайы болып немесе жасауға міндетті әрекетті жасамауы болып табылады және соның себебінен қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге зиян келеді.
Әрекетсіздік зиян келген жағдайда немесе зиян келу мүмкіндігі жойылған жағдайда аяқталды деп саналады. Қылмыстың әрекетсіздігінің басталуы және аяқталуын білу әрекет арқылы жасалған қылмыстағыдай қылмысқа қатысу, қылмыстан өз еркімен бас тарту сұрақтарын шешу кезінде қажет.
Қылмыстық заңда қылмыстық іс-әрекеттің ерекше формалары бар, олар қысқа немесе ұзақ мерзімді жасалатын қылмыстар. Мысалы: балалары мен еңбекке қабілетсіз ата-аналарына төленетін қаражатты төлеуден бас тарту (136 б) заңсыз қару сақтау (251 б) қылмыс туралы жеткізбеу (364 б).
Бұл қылмыстар созылмалы қылмыстар деп аталады және үздіксіз бір қылмыстық іс-әрекеттің құрамын жасаудан тұрады. Созылмалы қылмыстар бір қылмыстық іс-әрекеттен басталады немесе қылмыстық әрекетсіздіктен басталады. Созылмалы қылмыстар - кінәліне заңмен жүктелген міндеттерді ұзақ орындалмаудан тұратын әрекет немесе әрекетсіздік.
Жалғасатын қылмыстар - бір мақсатқа бағытталған ұқсас қылмыстардан тұратын қосылған кезде бір қылмыс құратын қылмыс. Мысал ретінде азартау (107 б), (176 б) Сеніп тапсырған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Созылмалы және жалғасатын қылмыстардың объективтік жағын анықтау қылмыстың көпшілігінен айыру үшін қажет. Қылмыстың көпшілігі кезінде әр қоғамға қауіпті іс-әрекеттің өзі өз басына қылмыс құрамын құрады және ҚК жеке бабымен жіктеледі.