Оқу жоспары
Белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін
құжат. Оқу жоспары белгілі бір пән бойынша қамтылатын
материалдардың барлығын қамтиды және осы материалдарды
қандай ретпен оқытуға және оқуға болатыны ұсынылады.
Оқу
Баланың білім мазмұнын меңгерудегі қызметі. Сабақ берумен бірге
оқытудың бір компоненті болып табылады.
Мектеп жасына
дейінгі баланың
дамуын бақылау
Топтағы күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі,
бала мен педагог арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді,
тәрбиелеу мен оқыту үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында
меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша күтілетін
нәтижелерден құралған тұжырым.
Құндылықтар
Баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Түйінді
құндылықтар
өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте баяу, әрі
ұзақ уақыт аралығында өзгереді. Түйінді
құндылықтар
біздің
өміріміз, өзіміз және бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың
әлеуеті мен қоршаған адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың
қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ
құндылықтар
дегеніміз –
біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-
қатынасымызды бен мінез-құлқымызды анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: