Индикатор
Баланың даму деңгейінің көрсеткіші
Интеграция,
ықпалдастық
Белгілі бір жүйенің, мазмұнның
құрылымдық бөліктері
арасындағы байланысты біртұтас жүйеге біріктіретін үдеріс
немесе тұлғалардың арасындағы байланыстарды дамытып,
өзара
ынтымақтасқан іс-қимылды тереңдету.
Қатынас
Қарым-қатынас, байланыс, вербалды немесе бейвербалды түрде
ақпаратты жеткізу.
Құзыреттілік
Белгілі бір міндеттерді шешуде
білімі мен білік-дағдыларын
қолдана отырып, практикалық тәжірибе негізінде табысты әрекет
етуге қабілеттілік.
Заттық-кеңістіктік
дамытушы орта
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық,
эмоциялық,
әлеуметтік
және
зияткерлік
дамуын
қамтамасыз
ететін
жағдайлардың жүйесі
Ұйымдастырылған
оқу қызметі
Педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдану үшін
қажетті
білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған әрекет түрі
Үлгілік оқу
жоспары
Стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім
беру үдерісін қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативтік құжат.
Мектепке дейінгі
ұйымда
балалардың
тіршілік әрекетін
ұйымдастыру
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп,
олардың физикалық,
адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу
және қолайлы жағдайларды жасау