Зерттеуге негізделген оқудың басты ерекшелігі – балалардың оқу іс-әрекетіне
зерттеушілік, шығармашылық сипат бере отырып, олардың оқуын жандандыру және осы
арқылы оқушыларды өзінің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға ынталандыру.
Оқыту үдерісінде балалардың ойлауын дамыту саласындағы белгілі маман Джером
Брунер «дәуір жаңалығын» ашқан ғалымның ақыл-ой еңбегі мен жаңа нәрсені танып-
біліп, үйренуші баланың ақыл-ой еңбегі өзінің ішкі «механикасы» жағынан бірдей деген
ойды айтады. Дж. Брунердің пайымдауынша, физиканы оқитын оқушы физик болып
табылады, ол үшін білімді дәстүрлі оқытуда қалыптасқандай «дайын күйінде» алудан
гөрі, физик ғалым сияқты әрекет ете отырып ғылымды зерттеу тәсілі қолайлы.
Зерттеуге негізделген оқудың заманауи теориясы бойынша оны жүзеге асырудың
үш деңгейі көрсетіледі:
педагог белгілі бір мәселені қояды және оны шешудің стратегиясы мен
тактикасын белгілейді, ал мәселенің шешімнің оқушының өз бетінше табуына
қалдырады;
педагог белгілі бір мәселені қояды, ал оны шешу әдіс-тәсілдерін оқушы өз
бетінше іздейді (бұл сатыда ұжым болып шешімін іздеуді қолдануға болады);
үшінші, яғни жоғарғы деңгейде мәселені қою, оны зерттеу әдістерін іздеу және
шешу жолдарын әзірлеудің барлығын оқушылар өз бетінше жүзеге асырады (Дж. Шваб,
П.Брандвейн, А.Леви және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: