3-кесте. Бақылау түрлері: сипаттамасы, басымдықтары және кемшіліктері
Бақылау түрі Басымдықтары Кемшіліктері Жазбалар жүргізу Белгілі бір уақыт кезеңінде
бала туралы барлық
байқағандары жөнінде
жазбаша есеп.
Мұнда баланың не айтқаны,
оған қатысты басқалардың
әрекеттері мен кері
байланысы қамтылады
Бақылаудың кез келген әдісі
үшін анағұрлым толық болып
табылады.
Болған жайлардың барлығы
жазылып отырады.
Жазбаларды оқитын басқа
тұлғаларға жағдайды нақты
түсінуге мүмкіндік береді.
Кейін қажетті қосымша
түсініктемелерді қосуға болады.
Көп уақыт алады.
Болған жайлардың
барлығын жазып үлгеріп
отыру қиын болуы мүмкін.
Бақыланатын мінез-құлық,
әрекеттер басқа уақытта
қайталанбайтын болуы
мүмкін.
Педагогтердің барлығы
ондай жазбаларды жүргізбеуі
мүмкін.
Бақыланған бір оқиғаның жазбасы Бақылаушы қадағалайтын
белгілі бір жағдайдың,
оқиғаның немесе мінез-
құлықтың қысқаша немесе
толық жазбаша сипаттамасы
Жазбаларды жүргізуге
қарағанда аз уақыт алады,
ерекше бір мінез-құлық
көрсетілген, нақты оқиғалар
немесе белгілі бір жағдайлар
туындаған кезде ғана
жазылады.
Егер жазба егжей-тегжейлі
жазылған болса, онда оқиға
қашан, қай жерде және неліктен
болғаны, соның ішінде не
айтылғаны туралы толық
ақпаратты қамтиды.
Уақыт өте келе болған
өзгерістерді қадағалау үшін
бәрінен де ыңғайлы.
Қысқа мерзімді жадыға
байланысты болады.
Тек белгілі бір оқиғаға,
жағдайға немесе мінез-
құлыққа ғана назар
аударылады.
Бірқатар уақыт аралығы
ішінде жиналған ұқсас
жазбалармен бірге түсініктеме
беру қажет болғандықтан,
бірден кері байланыс
бермейді.