Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


-кесте.  Кері байланыс түрлері Кері байланыс



Pdf көрінісі
бет43/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

4-кесте
Кері байланыс түрлері
Кері байланыс
Сипаты
Нәтижесі
Сындарлы емес
Барлығы нашар жасалған.
Бұл 
суретті 
ешкімге 
көрсетуге болмайды. 
Сен бәрін шатастырдың, 
бәрін қайта жасау керек! 
Баланың көңілі қалады, 
іштей реніш пайда болады, 
қыңырлық танытып, ашу-
ыза туады
Сындарлы
Сен мені дұрыс түсінбедің-
ау 
деймін, 
әлі 
де 
ойланайық... 
Нені өзгертуге болатынын 
ойлансақ қайтеді немесе ...
Пайдалы 
қорытынды 
жасалып, жаңа дағдылар 
қалыптасады 
Тиімді бақылау тәжірибесі
«Танымдық оқиғалар»
Карр (2007) ұсынған 
танымдық оқиғаларды
қолдану тәсілі – 
Te Whariki
Жаңа 
Зеландияның кіші жастағы балаларға арналған білім беру бағдарламасында көрініс 
тапқан. Танымдық оқиғалар белгілі бір уақыт кезеңі бойындағы балалардың дамуын 


құжаттандырып отыруға мүмкіндік беретін пәрменді құрал болып табылады. Олар 
баяндау стилінде жазылады және баланың оқуына ықпал ететін факторларға қатысты 
ақпарат береді, сонымен қатар педагогке баланың дамуына қатысты бірқатар пайдалы 
мәліметтер алуға мүмкіндік береді. 
Танымдық оқиғалар (Learning stories) – бұл балалардың күшті тұстары, олардың 
қызығушылықтары мен қабілеттері атап көрсетілетін оқытудың маңызды сәттері туралы 
құрылымдалған жазбаша оқиғалар (Cowie & Carr, 2004; Dunn, 2004). Бұл балаларды 
күнделікті тәжірибе аясында бағалау болып табылады (Carr, 2001). Танымдық 
оқиғалардың негізгі мақсаты – балаларға күн сайын әртүрлі жағдайларда орын алып 
жататын қарым-қатынастардағы құзіреттілігі мен сенімділігін қалыптастыру болып 
табылады (Cowie & Carr, 2004). 
Бағалауға осындай толыққанды қарым-қатынас педагогтерге баланың жетілуі мен 
ілгерілеуін байқауға мүмкіндік береді және олардың үйренуін зерттеуге үлес қосуды 
ұсынады. Бұл әдіс педагогтердің балаларды бақылауын және әртүрлі жағдайлардағы 
оқыту үдерісіне түсінік беру мақсатында әңгімелер жазуды қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет