Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет45/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

 
5-сурет
. Танымдық оқиғаны жазу сызбасы 
 
Танымдық оқиға барысында және соңында педагог немесе ата-ана баланы бақылауға 
алады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Баланың қызығушылығын байқау
Қызығушылықты түсіну
Сұрақтарға жауап беру
Керек мәліметтерді жазып алу
Жазбаларға қайта оралу
Бейтарап
бақылау


БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ
 
Білім беру үдерісін ұйымдастырудың мазмұны, нысандары мен әдістері
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалармен жұмыс істеу мазмұны, әдістері мен 
формалары білім беру үдерісінің негізі болып табылатын дидактикалық қағидаттарға
байланысты. Барлық педагогикалық қағидаттар өзара байланысты және баланың тұлға 
ретінде қалыптасуына бағытталған:

баламен бірге балалық шақтың барлық сатыларынан толыққанды өту, оның 
дамуына үлес қосу;

мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес болу;

педагогикалық үдерісті әрбір баланың жеке ерекшеліктері ескерілетіндей негізде 
құру;

ересектер мен балалардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығы;

балалардың әртүрлі саладағы бастамаларына қолдау көрсету;

балаларды қоғамныі әлеуметтік-мәдени нормаларымен таныстыру;

баланың әртүрлі сала бойынша танымдық қызығушылығы мен іс-әрекеттерін 
қалыптастыру;

балалардың дамуындағы этномәдени жағдайды есепке алу

ортақ тақырыптар арқылы білім беру салаларын ықпалдастыру;

мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығы.
Білім беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс нысандары мен 
әдістеріне негізделіп ұйымдастырылуы тиіс. Олар мектепке дейінгі білім беру 
ұйымының қызмет бағытына сәйкес, оның жабдықталу деңгейіне, аймақтық 
ерекшеліктеріне, жұмыс тәжірибесі мен педагогтің шығармашылық әлеуетін байланысты
таңдалады.
Білім беру үдерісінде келесі әдістер пайдаланылады:
- ауызекі (әңгіме, түсініктеме, әңгімелесу және т.б.);
- көрнекі (бақылау; суреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар мен заттарды 
тамашалау; суреттер, мультфильмдер, спектакльдер көру және т.б.); 
- практикалық (жаттығулар, сұлбалау, учаскеден тыс экскурсиялар, тәжірибелер, 
эксперименттер және т.б.);
- ойындық (қозғалмалы, театрландырылған, сюжеттік-рөлдік және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет