Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе кезеңінде орындауға арналған



Pdf көрінісі
бет53/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе кезеңінде орындауға арналған
тапсырмаларға шолу 
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе кезеңінде тыңдаушылар мектепке дейінгі 
ұйымның жағдайын есепке ала отырып, перспективалық жоспар мен циклограмманы 
апробациядан өткізеді. Осы жұмыс барысында тыңдаушы ұйымдастырылған оқу 
қызметінде педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын, құрылымдалған ойын және 
еркін ойын түрлерін жоспарлап, өткізеді. Сонымен қатар бір танымдық оқиға жазады. 
Осы орындалған жұмыстардың негізінде балалардың дамуының дәлелі бола 
алатын материал жинайды (фотосуреттер, бейнежазбалар, балалардың жұмыстарының 
үлгілері, бақылау парақтары, бағалау жөніндегі материалдар және т.б.). Бұл материалдар 
тыңдаушының рефлексиялық есебі пен таныстырылымында қолдануға арналған 
дәлелдемелер базасы болмақ. 
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе кезеңінде тыңдаушы портфолиосының 
бастапқы нұсқасын дайындайды, ал екінші бетпе-бет кезеңінде портфолио құрастыру 
жұмысын аяқтайды. Екінші бетпе-бет кезеңінде тыңдаушы өз жұмысының нәтижелерін 
әріптестеріне таныстырып, олардан және тренерден қалыптастырушы кері байланыс 
алады. 
Жиынтық бағалауға арналған жұмыстарды (портфолио мазмұны) іріктеген кезде 
педагог өзі таңдаған материалдардың Бағдарлама мазмұны бойынша білімін 
растайтынына көз жеткізуі тиіс. 
 
«Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе» кезеңінің соңында педагог келесі 
материалдарды ұсынуы тиіс:
-
перспективалық 
жоспар 
және 
циклограмма 
(250 
сөзден 
тұратын 
түсініктемесімен қоса). 
-
белгілі бір білім беру саласы бойынша танымдық оқиға (250 сөзден тұратын 
түсініктемесімен қоса).;
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойындарды енгізу және пайдалану бойынша 
рефлексиялық есеп (500-750 сөз). 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет