- ересектер тарапынан балалардың бір-біріне тілектестік, ынтымақтастық қарым-
қатынастарына қолдау көрсету;
- балалардың бойында патриоттық сезім мен толеранттылықты, Отанына және
жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру;
- білім беру үдерісінің ұйымдық-әдістемелік тұрғыдан сүйемелденуі;
- педагогтер мен ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде, оның
ішінде инклюзивті білім беруде қолдау көрсету.
Табысты жоспарлаудың шарттары:
1) жоспарлау сәтіндегі өз жұмысының деңгейін объективті бағалау;
2) жұмыстың белгілі бір кезеңіне арналған жоспарлау мақсаттары мен міндеттерін
айқындау;
3) типтік оқу жоспарының мазмұнын білу;
4) жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс жұмыс нәтижелерін нақты
білу;
5) қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетін тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдарды
таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: