құжаттандырып отыруға мүмкіндік беретін пәрменді құрал болып табылады. Олар
баяндау стилінде жазылады және баланың оқуына ықпал ететін факторларға қатысты
ақпарат береді, сонымен қатар педагогке баланың дамуына
қатысты бірқатар пайдалы
мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Танымдық оқиғалар (Learning stories) – бұл балалардың күшті тұстары, олардың
қызығушылықтары мен қабілеттері атап көрсетілетін оқытудың маңызды сәттері туралы
құрылымдалған жазбаша оқиғалар (Cowie & Carr, 2004; Dunn, 2004). Бұл балаларды
күнделікті тәжірибе аясында бағалау болып табылады (Carr, 2001).
Танымдық
оқиғалардың негізгі мақсаты – балаларға күн сайын әртүрлі жағдайларда орын алып
жататын қарым-қатынастардағы құзіреттілігі мен сенімділігін қалыптастыру болып
табылады (Cowie & Carr, 2004).
Бағалауға осындай толыққанды қарым-қатынас педагогтерге
баланың жетілуі мен
ілгерілеуін байқауға мүмкіндік береді және олардың үйренуін зерттеуге үлес қосуды
ұсынады. Бұл әдіс педагогтердің балаларды бақылауын және әртүрлі жағдайлардағы
оқыту үдерісіне түсінік беру мақсатында әңгімелер жазуды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: