Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Мектеп жасына дейінгі балалар метатанымға қабілетті ме?



Pdf көрінісі
бет17/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
Мектеп жасына дейінгі балалар метатанымға қабілетті ме?
Мектеп жасына дейінгі балаларда метатанымдық қабілеттердің бар екендігі 
салыстырмалы түрде жуық арада белгілі болған. Флейвелл мектеп жасына дейінгі 
балалардың метатану мүмкіндігі шектеулі екендігін айтады, олар әр уақытта өз 
жадыларын басқаруға, проблемаларды шешуге және шешім қабылдауға қабілетті бола 
бермейді. Алайда жадының аспектілерін зерттеу бойынша жүргізілген бұдан кейінгі 
жұмыстар 3-4 жастағы балалардың өздері көп суреттерге қарағанда, саны азырақ 
суреттерді есте сақтау жеңілірек екендігін сезіне алатындығын анықтады (Flavell et al, 
1995). Бронсон мектеп жасына дейінгі балалар мен балабақшадағы балалардың танымдық 
дамуын зерттей отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін-өзі реттеуге қабілетті 
деген шешімге келді. Зерттеуші олар да «қалай оқу керектігін үйренеді» деген болжам 
жасаған. Осыған қарамастан, олар шешімді қалай қабылдағандарын немесе қандай тәсілді 
қолданғанын үнемі түсіндіріп бере алмайды, бұл жастағы балалар танымдық әрекет 
кезінде «өз бетінше басқару» қызметін пайдаланады. Өсе келе олар өз деңгейлеріне сәйкес 
келетін тапсырма түрін таңдауға, оларды тиімді пайдалануға, өздерінің әрекетін түзетуге 
немесе қажет болған жағдайда көмек сұрауға, сондай-ақ іс-әрекет аяқталғанша немесе 
мақсатқа жеткенше «үдерісті» тоқтатпауға қабілетті бола бастайды (Bronson, 2000). 
Педагог балалардың өз бетінше реттелетін оқуын қалай ынталандыра алады? 
Негізгі алғышарт педагогтердің қолданатын әдіс-тәсілдерінің оқушылардың 
метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып 
табылады. Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясын дамыту барысында Л. Выготский 
баланың өз бетінше қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе анағұрлым ықпалды 
адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуеттік 
көлемі «Жақын арадағы даму аймағы» – ЖАДА ретінде анықталды (Vygotsky, 1978). 
Қолдау көрсететін ересек адам «рефлексиялаушы агент» ретінде жұмыс істей отырып, 
оқушының әрекетіне жауап береді және оның оқудағы дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың 
дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсету түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен 
қатар түрткі болу, бағыттау, дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін 
қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. Бұл үдерісті Жером Брунер «көпіршелер тұрғызу» 
деп атаған. «Көпіршелер тұрғызу» ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында 
жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, 
үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы 
жетістігіне қатысты кері байланысы да қолдау ретінде қарастырылады. Оқудың дамуы 
барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, себебі оқу үдерісін дамыту 
арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипатқа ие болып, өз бетінше 
реттелетін оқуға қарай жетіледі. Өз бетінше реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды 
болып табылады (Perry et al, 2002): 
• тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталу; 
• оқушының проблемалар мен мақсаттарды өз бетінше айқындауы; 
• проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өз бетінше 
таңдауы.
Таңдалып алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі 
қажет. Өз бетінше реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне 
өтуге ықпал етеді; Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы 
балабақшасындағы (3 жастағы) балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен 
үлес қосты. Олар өз бақылауларын педагогтерге сауалнама жүргізу арқылы толықтыра 
отырып, балалардың жоспарлау, бақылау, проблемаларды шешу және өзінің оқуын 


бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады. Балаларға таңдау берілді, бұл олардың өз 
таңдауларын тапсырманың күрделілігімен, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын 
бағалау жолымен байланысты түсіндіруіне мүмкіндік берді. Бақылау жұмыстары 
балалардың оқу және жазу жұмыстарына қатысты өткізіліп, Бағдарламаның өн бойында 
қолдануға болатын және метатану үдерісінде балалардың тілін дамытуға мүмкіндік 
беретін тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді анықтауға көмектесті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет