Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


бақылау , 8 елде –  тестілеу технологиясы



Pdf көрінісі
бет13/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
бақылау
, 8 елде – 
тестілеу технологиясы
қолданылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ЕРТЕ ДАМУЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНУІ 
 
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың рөлі
Мектепке дейінгі білім беру мәдениеті оқытуға қатысты барлық көзқарастар мен 
сезімдерді, символдар мен қағидаттарды қамтиды; дәлірек айтқанда, мектепке дейінгі 
білім беру саласында жұмыс істейтіндердің ой-пікірлері мен көзқарастарын, идеялары мен 
тұжырымдамаларын, күтетін нәтижелерін, өздері ұстанатын стандарттары мен 
құндылықтарын бейнелейтін философиясы балалармен сапалы жұмыс жүргізу 
тәжірибесін қолдауға көмектеседі (Lunenburg and Ornstein, 2004). 
Бүкіл әлемде білім берудің әртүрлі философиялық бағыттары бар, олар балаларды 
академиялық және әлеуметтік тұрғыдан дамытуға арналған. Олар әртүрлі нысандар мен 
сипаттарға ие болады және балалардың зияткерлік, танымдық, әлеуметтік дамуының 
әртүрлі аспектілерін қарастырады. 
Балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған
бірқатар 
білім беру философиялары кішкентай балалар ойын арқылы және өзін-өзі тану арқылы 
жақсы үйренеді деп санайтын мамандар мен психологтердің теорияларына негізделген. 
Осы философиялық теориялардың ішінде бізге анағұрлым белгілі болған – Ф. Фребель,
М. Монтессори, Реджио Эмилия, Вальдорф-Штейнер, А.Байтұрсынов және Н.Құлжанова 
әдістемелері. 
Бұл әдістемелердің барлығы мектепке дейінгі оқытуды дамыту тұрғысынан 
қарастыра отырып, ойынның және өз бетінше зерттеудің маңыздылығына назар аударады. 
Бұлардың зерттеу тәсілдерінде ортақ нәрселер көп, өйткені олардың барлығы «баланы 
біртұтас тұлға ретінде» оқытуға тырысады және балалар өзінің оқуы үшін әртүрлі 
дәрежеде жауап беруі тиіс деп санайды. Сонымен қатар бұл әдістемелердің әрқайсысының 
өзіндік ерекшеліктері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет