Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша оқу жоспарлары



Pdf көрінісі
бет12/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша оқу жоспарлары
Оқу бағдарламасымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша оқу 
жоспарлары да қайта қаралды. Үлгілік оқу жоспарында (ҮОЖ) «Дене шынықтыру» пәні 
бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша оқу жүктемесін 2,5 сағатқа дейін 
көбейту, «Қатынас» білім беру саласына «Драма» пәнінің және «Таным» білім беру 
саласына «Жаратылыстану» пәнінің енгізілуі сияқты өзгерістер қарастырылған. Оқу 
бағдарламасы мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тіл мен орыс тілін 3 жастан, 
ағылшын тілін 5 жастан үйренуді ретке қойды.
Тәрбиеленушілердің апталық оқу жүктемесінің рұқсат етілетін мөлшерін,
ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығын белгілеу баланың денсаулығы мен 
психикасын қорғау мақсатында енгізілген. 
Жас топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің аптадағы жалпы көлемі 
келесі: 
1) ерте жас тобындағы балалар үшін –ұзақтығы 7-15 минут; 
2) ортаңғы топтағы балалар үшін –ұзақтығы 15-20 минут; 
3) ересектер тобындағы балалар үшін –ұзақтығы 25-30 минут; 
Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тәрбиеленушінің 
жасына сәйкес оның жетістіктерін мониторингілеу негізінде үлгілік оқу бағдарламасында 
күтілетін нәтижелер түрінде анықталған: 
1) бірінші деңгей – бала осы немесе басқа білім мен әрекетті жаңғыртады
2) екінші деңгей – бала белгілі бір білім қорына ие және өзінің әрекетін түсінеді; 
3) үшінші деңгей – бала өзінің білетіні мен қолынан келетінін қолданады, білім, 
білік, дағдыларды дербес және шығармашылықпен қолданады. 
Индикаторлар бала дамуының мониторингін қамтамасыз ететін көрсеткіш және 
оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылады.


Көптеген елдерде мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін бағалау 
әдістемесі сарапшылар қауымдастығында кеңінен талқыланады. Әлемнің 13 елінде 
(Австралия, Канада, Англия, Нидерланды және т.б.) Early Development Index әдістемесі 
қолданылады. Бағалау құралы баланың мектепке дайындық деңгейін бес сала бойынша 
анықтайды: 
-
баланың денсаулығы және физикалық дамуы; 
-
әлеуметтік құзыреттіліктері; 
-
эмоционалдық жетілуі;
-
тілді білуі және танымдық дамуы; 
-
қарым-қатынас дағдылары.
Дарема университетінің бағалау және мониторинг орталығы әзірлеген (Англия) 
iPIPS (The International Performance Indicators in Primary Schools) әдістемесі балалардың 
бастауыш мектепте оқуға дайындығын және
бірінші сыныпты бітіргеннен кейінгі оқу 
деңгейін бағалайды. Зерттеу нысаны ретінде балалардың танымдық және тұлғааралық 
дағдылары қарастырылады. Бағалау құралы 5 негізгі құрамдас бөліктен тұрады: 
- танымдық даму; 
- тұлғалық даму; 
- әлеуметтік және эмоционалдық даму; 
- физикалық даму; 
- мінез-құлық және мәнмәтіндік ақпарат. 
ЭЫДҰ құрамындағы 16 елде бағалаудың негізгі құралы ретінде – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет