«Әлеумет» білім беру саласы әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену
дағдыларын игеруді, қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік нормаларын, сондай-ақ
жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен
қарым-қатынас жасай білуін, дербестігін тәрбиелеуді, өзінің отбасы мен құрбыларына
жақындық сезімін, оларға құрметпен қарауды, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты
қалыптастыруды, қазақ халқының, сондай-ақ басқа халықтардың тарихын, мәдениетін
білу мен құрметтеуді, Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді,
еңбек түрлері мен түрлі мамандық иелеріне қызығушылықты қалыптастыруды қамтиды.
Ерте жастағы тәрбиеленушілерде отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда
әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру баланың өмірін
қорғауға және денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-
коммуникативтік қабілеттер мен дағдыларды: мәдени-гигиеналық біліктер мен
дағдыларды меңгеруге, тәртіп ережелерін үйретуге, күн тәртібіне дағдыландыруға,
когнитивтік функцияларды дамытуға (алдында туындаған қиындықтарды көре білу, көңіл-
күйінің, эмоционалдық жағдайының өзгеруін көру), тұлғааралық қатынастарды құрудың
негізі болып табылатын этикалық нормаларды үйретуге, отбасында және мектепке дейінгі
ұйымда балалардың бір-біріне мейірімді болуына, көңіл бөлуге, қамқорлық жасау және
бір-біріне көмектесу жағдайын құруға, жеке тұлғаның жайлы әлеуметтенуіне,
эмоционалдық-адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесін жинақтауға, балалар қызметінің
әр түрінде тәрбиелеу дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
«Әлеумет» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) өзін-өзі тануды;
2) қоршаған ортамен танысуды;
3) экология негіздерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: